Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу



Дата16.12.2021
өлшемі16,48 Kb.
#101949
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп және есеп беруді тексеру. Тексеру мақсаттары


Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу
1-параграф. Жалпы ережелер

      19. Ұйым бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттары мен тіркелімдерінің бекітілген тізбесінің, нысандарының, ресімдеу тәртібі мен мерзімдерінің болуын, сондай-ақ сақталуын, сондай-ақ ұйым жүзеге асыратын операциялардың бекітілген бизнес-процестерін ескере отырып, ұйымның құжат айналымының негізгі қағидаларын қамтамасыз етеді.

      20. Ұйымның барлық операциялары бойынша бухгалтерлік жазбалар бастапқы құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Бастапқы құжаттар қағаз тасымалдағышта және (немесе) электрондық түрде жасалады. Ақпарат жүйесінде жасалған мәмілелер негізінде автоматтандырылған бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыруға жол беріледі.

      21. Бастапқы құжаттардың қағаз тасымалдауыштағы көшірмелерін сақтамай, электрондық түрде сақтау кезінде ұйым электрондық құжаттардың сақталуын және қолжетімділігін қамтамасыз ету тәртібін реттейтін ішкі құжаттың болуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте фронт-офисте пайдаланатын жүйелерден электрондық түрде түскен мәмілелер және бухгалтерлік есепте көрсетілген мәмілелер туралы ақпараттың ұқсастығы қамтамасыз етіледі.

      22. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізуге жазбалардың деректілігі, қысқаша әрі анық болуы, оларды өзара бақылау талаптары ұсынылады.

      23. Бастапқы құжаттардағы және өзге бухгалтерлік құжаттамадағы қолдар (электрондық цифрлық қолтаңбалар) қолдардың, электрондық цифрлық қолтаңбалардың үлгілеріне сәйкес келеді.

      24. Ұйымның ішкі құжаттарымен:

      1) бас бухгалтер болмаған кезде бас бухгалтердің міндеттерін өзге тұлғаға жүктеу тәртібі;

      2) ұйымның орталық аппараты, филиалдары және өзге бөлімшелері жүргізетін операциялар мен оқиғаларды құжатпен ресімдеу жөніндегі талаптар;

      3) ұйымның қолданыстағы ұйымдық құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып істерді қабылдау және өткізу қағидаларын;

      4) бастапқы құжаттардың қағаз тасымалдауыштағы көшірмелерін сақтамай, электрондық түрде сақтау кезінде, фронт-офисте пайдаланатын жүйелерден электрондық түрде түскен мәмілелер және бухгалтерлік есепте көрсетілген мәмілелер туралы ақпараттың ұқсастығы қамтамасыз етіле отырып, электрондық құжаттардың сақталуын және қолжетімділігін қамтамасыз ету тәртібі;

      5) бастапқы құжаттардағы қателерді түзету тәртібі;

      6) фронт-офис, мидл-офис және бэк-офис жұмысының және функцияларын бөлу тәртібі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 108 қаулысымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7) бастапқы құжаттарды, қаржылық есептілікті, есеп саясатын және бухгалтерлік есептің өзге құжаттарын сақтау тәртібі мен кезеңі;

      8) кассирдің кіріс (шығыс) ордер бойынша қолма-қол ақшаны қабылдау (беру) тәртібі;

      9) бастапқы касса құжаттарының нысандары және толтыруға қойылатын талаптар, касса кітаптарын толтыру, түзетулер енгізу және сақтау тәртібі;

      10) кассадағы артық шығулар мен кем шығуларды реттеу тәртібі;

      11) қолма-қол ақшаны, чектер мен қатаң есептегі бланкілерді және өзге құндылықтарды сақтау тәртібі;

      12) кассирдің міндеттерін орындау тәртібі, кассир болмаған кезеңде кассирдің істерін өзге тұлғаға беру тәртібі;

      13) жоспарлы және жоспардан тыс түгендеуді жүзеге асыру тәртібі;

      14) мыналарды:

      ревизияны жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құру;

      функционалдық міндеттерін ашып көрсете отырып ревизияны жүзеге асыру жөніндегі комиссияның басшысын айқындау;

      ревизия жүргізетін ұйымда жұмыс істемейтін тұлғаларды ревизия жүргізуге тарту;

      артық шығулар мен кем шығуларды және басқа құндылықтарды реттеу;

      ревизия материалдарын сақтау тәртібін міндетті түрде көрсете отырып кассаға ревизиялар (міндетті және кенеттен) жүргізу тәртібі;

      15) бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастырудың өзге де мәселелері реттеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет