Ғалымдар
|
Буын түрлері
|
1
|
Ахмет Байтұрсынов
|
1914жылы "Тіл құралы": ашық және бітеу 1928жылы "Тіл жұмсарында":ашық, тұйық, бітеу
Мақалалары: «Буын һәм дыбыс», «Сөз һәм буын»
|
2
|
Құдайберді Жұбанов
|
1934 жылы «Ауыл мұғалімі» журналында жарық көрген «Буын жігін қалай табуға болады?» атты мақаласында: Буын ішіндегі дыбыстардың түзілу тәртібіне қарай таптастырғанда 6 түрлі буын болады.
жалаң буын (тек дауысты)
ашық буын (дауыссыз-дауысты)
жеңіл тұйық буын (дауысты - дауыссыз)
жеңіл бітеу буын (дауыссыз-дауысты-дауысыз)
ауыр тұйық буын (дауысты-созылыңқы дауысты-қатаң дауыссыз)
ауыр бітеу буын (дауыссыз-дауысты-созымды дауыссыз-қатаң дауыссыз).
|
3
|
Ж. Аралбаев
|
«Қазақ тілі бойынша этюдтер»:
1)Ашық буын
2)Тұйық буын:
а)жай тұйық;
ә) ауыр тұйық;
3)Бітеу буын:
а) басы ауыр бітеу буын;
ә) аяғы ауыр бітеу буын.
|
4
|
Н.Сауранбаев
|
«Қазақ тіл білімінің проблемалары» еңбегінде: жалаң, ашық, тұйық, бiтеу
|
5
|
М. Томанов
|
«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» еңбегінде: ашық буын және бітеу буын
|
6
|
I.Кеңесбаев
|
1954 жылы "Қазақ ССP Ғылым академиясының Хабаpшысы" жуpналының бipiншi нөмipiнде "Қазақ тiлiнiң буын құpылысы" деген мақаласына: Қазақ тілі буынның нормасы бойынша буынның үш түрін көрсетеді:
Ашық буын
Тұйық буын
Бітеу буын
|
7
|
Б. Қалиев
|
«Қазақ тілінің фонетикасы»:
Ашық буын
Тұйық буын
Бітеу буын
|
8
|
С.Мырзабеков
|
«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы»: буынның 2 түрі бар: ашық буын және тұйық буын.
|
Пайдаланылған әдебиет:
1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы, 1992
2.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы, 1991
3. Ж. Аралбаев «Қазақ тілі бойынша этюдтер» 1977ж
4.Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары.-Алматы, 1982
5. М.Томанов Қазақ тілінің тарихи грамматикасы , 1981
6.Кеңесбаев I., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі /лексика, фонетика/.-Алматы, 1975
7.К.Бейсенбаева «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» , 1973 ж.
8. Ә. Хасеновтың «Тіл білімі»
9. Қазақ грамматикасы.-Астана, 2002
10. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері»
11. Б. Қалиев «Қазақ тілінің фонетикасы» , 2014
12.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы.-Алматы, 1993
Достарыңызбен бөлісу: |