Буынаяқтылар (Артһропода)


Буылтық құрттардың бұған дейінгі жәндіктерден негізгі ерекшелігі



бет3/7
Дата08.02.2022
өлшемі263,42 Kb.
#98045
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
буынаяқтылар

Буылтық құрттардың бұған дейінгі жәндіктерден негізгі ерекшелігі - дене қуысының екінші рет қайталануы. Сондай-ақ оларда тұңғыш рет тұйық қанайналым жүйесі пайда болған. Қажетсіз заттарды бөлетін әр буылтықта зәршығару мүшелері бар. Соңғы қуыс - целом (гр. цейлома - қуыс, ) деп аталады.
Целом дегеніміз - көпжасушалы жәндік және жануарлар денесінің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік. Бұл қуыс аралық қабаттан пайда болған. Қуысқа толған сұйықтықты дене қабырғасын құрайтын бұлшықеттер - мезодерма қоршап тұрады. Жәндіктер бұлшықеттердің көмегімен қозғалып жүреді. Ал ішек қабырғасындағы бұлшықеттер алма-кезек жиырылып, ішек ішіндегі асты орнынан жылжытпалы. Құрттар денесіндегі соңғы қуыстың қызметі:

  1. қозғалыс кезінде тірек болып, сұйықтық күйдегі қаңқа қызметін атқарады;

  2. ішектің және дене қабырғасының өз алдына жеке жұмыс атқаруына мүмкіндік жасайды;

  3. ішкі мүшелердің және дененің мөлшері жағынан едәуір ұлғаюына көмектеседі;

  4. қуыс ішіндегі сұйықтықтың көмегімен құнарлы заттарды, зат алмасудың соңғы өнімдері мен газды тасымалдайды;

  5. зат алмасудың соңғы өнімдері мен сұйықтықтың артық мөлшері жинақталатын орын бола алады;

  6. ағзадағы қысымды реттеуге қатысады. Дененің біркелкі буылтықтарға бөлінуі - буылтық құрттардың сыртқы құрылысындағы ерекшелік. Сақина тәрізді бұл бунақтар жәндіктің сыртында ғана емес, ішкі жағында да айқын көрінеді. Ішкі бунақтарда жәндіктің көптеген ішкі мүшелері қайталанады.

Буылтық құрттарда қантарату жүйесі жақсы дамыған. Олардың көпшілігінде қанның түсі қызыл болады. Қан жәндіктің дене қуысына құйылмайқан тамырлары арқылы ағатындықтан, қантарату жүйесі - тұйық жуйе. Қантарату жүйесі арқа және құрсақ қан тамырларынан құралады. Қанның ағуын арқа және құрсақ қантамырларын сақина тәрізденіп жалғастыратын «жүрекше» реттейді. Қан дененің артқы бөлігінен арқа қантамыры арқылы - алға жылжиды. Сөйтіп құрсақ қантамыры арқылы кері бағытта қозғалады. Қаны түссіз немесе жасыл түсті буылтық құрттар да бар. Буылтық құрттардың имек түтікше тәрізді зәршығару мүшелері эктодермадан түзіледі. Олар буылтықтардың әрқайсысында екі-екіден орналасады. Имек түтіктер тек соңғы буылтықтарда болмайды. Буылтық құрттардың жабыны өте жұқа бір қабатты эпителийден тұрады. Эпителийден серпімді сірқабық бөлініп шығады. Жабында шырыш бөлетін біржасушалы бездер өте көп орналасады.

Нереида
Теңізде тіршілік ететін құрттар онымен ұяшық қазады. Ал топырақта тіршілік ететіндері топырақтағы қозғалысы жеңілдетуге пайдаланады. Бездерден бөлінген шырыш заттарды желімдестіріп, үйкелісті кемітеді. Құрт жабынының астында - сақиналы бұлшықет, ал оның астында бірыңғай салалы бұлшықет жатады. Сақиналы бұлшықет жиырылғанда құрт денесі ұзарады. Бірыңғай салалы бұлшықет жиырылғанда — қысқарады. Соның нәтижесінде құрт бір орыннан екінші орынға қозғалады. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы бірімен- бірі жалғасқан екі жұп жүйке түйінінен және қатарласа созылған құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Үстіңгі екі түйін — жұтқыншақ үсті жүйке түйіні. Ал астыңғы екеуі жұтқыншақ асты жүйке түйіні деп аталады. Жүйке түйіндері жұтқыншақ маңында бірімен-бірі сақина тәрізденіп жалғасады.
Құрсақ жүйке тізбекшесі жұтқыншақасты жүйке түйінінен созылып, буылтықтардың әрқайсысында жүйке түйінін түзеді. Жүйкелер әр буылтықтағы жүйке түйіндерінен денеге және мүшелерге тармақталып таралады. Құрттың бас бөлігінде орналасқандықтанжұтқыншақ үсті жүйке түйіні кейде «ми» деп те аталады. Құрттардың тіршілік ететін ортасына байланысты сезім мүшелері әр түрлі деңгейде дамиды. Өте сезімтал болғанымен де топырақта тіршілік ететін шұбалшаңның көзі де, қармалауыштары да жоқ. Құрттың жарық сезгіш жасушалары бүкіл денесінде шашыраңқы орналасқан. Сондықтан денеге жанасқан затты, жарықтың өзгеруін оңай сезінеді. Су түбінде өмір сүретін және суда еркін жүзетін көпқылтанды құрттарда жақсы жетілген көздері және қармалауыштары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет