Баланың мінез-құлқы оның қорланғанын көрсетуі мүмкін. Ересектер мұндай ықтимал белгілерді білуі қажет және мынадай жағдайларға назар аударғаны жөн. Егер бала:
Мектепке барудан немесе мектептен қайтудан қорқып, мектеп автобусымен немесе қоғамдық автобуспен жүруді қаламай, өзін мектепке апаруды өтінсе;
Өзінің қалыпты күн тәртібін өзгертіп, мектепке барудан бас тартып, сабақтан қашуды бастаса;
Өзін-өзі өлтіруге тырысса немесе өлтірем деп қорқытса, үйден қашса;
Түнімен жылап немесе қорқыныш сезімі болып, таңер-тең өзін нашар немесе ауру сезінсе;
Мектептегі үй тапсырмала-рын нашар орындап, үйге жыртылған киіммен немесе бүлінген кітаптармен келеді. Оның басқа заттары бүлінген немесе «із-түс-сіз жоқ болған». Үйге аш келеді (түскі ас ақшасы ұрланады);
Ақша сұрайды немесе ақшаны ұрлай бастайды (ақша сұраған адамға беру үшін). Ақшаны «жоғалтады»;
Көгерген не кесілген жерлері бар. Агрессив бола бастайды. Орынсыз әрекеттер жасайды;
Тамақ жеуден бас тартады. Жоғарыда аталғандардың бәріне адам сенгісіз сылтаулар айта бастайды;
Интернет немесе ұялы телефон қолданудан қорқады. Онлайн хабарлама алғанда, мазасыздана бастайды.
Бұл белгілер мен мінез-құлық басқа мәселелердің болғанын да байқатуы мүмкін. Алайда қор-лануы мүмкін екенін және мінез-құлқын дереу тексеру қажет.
Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау.
КИБЕРБУЛЛИНГ
Егер де:
саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса
сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.