Буллинг, кибербуллинг


Буллинг белгілері мен сипаттамасы қандай?



бет4/8
Дата20.04.2022
өлшемі1,93 Mb.
#140104
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
25.03.2022 Кибербуллинг

Буллинг белгілері мен сипаттамасы қандай?

  • Баланың мінез-құлқы оның қорланғанын көрсетуі мүмкін. Ересектер мұндай ықтимал белгілерді білуі қажет және мынадай жағдайларға назар аударғаны жөн. Егер бала:
  • Мектепке барудан немесе мектептен қайтудан қорқып, мектеп автобусымен немесе қоғамдық автобуспен жүруді қаламай, өзін мектепке апаруды өтінсе;
  • Өзінің қалыпты күн тәртібін өзгертіп, мектепке барудан бас тартып, сабақтан қашуды бастаса;
  • Өзін-өзі өлтіруге тырысса немесе өлтірем деп қорқытса, үйден қашса;
  • Түнімен жылап немесе қорқыныш сезімі болып, таңер-тең өзін нашар немесе ауру сезінсе;
  • Мектептегі үй тапсырмала-рын нашар орындап, үйге жыртылған киіммен немесе бүлінген кітаптармен келеді. Оның басқа заттары бүлінген немесе «із-түс-сіз жоқ болған». Үйге аш келеді (түскі ас ақшасы ұрланады);
  • Ақша сұрайды немесе ақшаны ұрлай бастайды (ақша сұраған адамға беру үшін). Ақшаны «жоғалтады»;
  • Көгерген не кесілген жерлері бар. Агрессив бола бастайды. Орынсыз әрекеттер жасайды;
  • Тамақ жеуден бас тартады. Жоғарыда аталғандардың бәріне адам сенгісіз сылтаулар айта бастайды;
  • Интернет немесе ұялы телефон қолданудан қорқады. Онлайн хабарлама алғанда, мазасыздана бастайды.
  • Бұл белгілер мен мінез-құлық басқа мәселелердің болғанын да байқатуы мүмкін. Алайда қор-лануы мүмкін екенін және мінез-құлқын дереу тексеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет