Өндірісте өндірілген дайын өнім алдымен комиссиямен акт негізінде рассталады. Қоймадағы дайын өнім қозғалысының карточкасында, сандық-сомалық карточкада және жауапты тұлғаның есебінде жүргізіледі. Ол үшін алдымен кіріске алынған дайын өнімге номенклатуралық номер белгіленеді. Бастапқы құжаттар: шот фактура, накладной, төлем-талап тапсырма, тауар-көлік жүк құжаты, акт(қабылдау туралы), кіріс ордері, сенімхат, шығыс ордері, лимитік шектеулі картасы.
Өндірісте дайын өнім ассортиментінің көптігінен ұйымдарда олардың есебін рационалды ұйымдастыру мақсатымен біркелкі қасиеттері бойынша номенклатура құрастырылады. Әрбір дайын өнім атауына, сортына шартты сандық белгі беріледі – номенклатурлы нөмір, және ол кейіннен дайын өнімнің бар болуы мен қозғалысы жайлы құжаттардың барлығында қойылады.
Карточкадағы жазулар операция жасалған күні бірінші ретті кіріс-шығыс құжаттары арқылы жүргізіледі.