+Cабақтын тақырыбы: Қызықты химия
Сабақтын мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың химия пәніне қызушылықтатарын арттыру ,логикалық ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту.
2.Дамытушылы: Химиялық терминдерді білу ,өздігінен жұмыс істеуге өз білімін бағалап тексеруге баулу ,ой өрісін дамыту.
3.Тәрбиелік: Ұймшылдыққа,білімге кұштарлықтарын ізденушілігін арттыру.
Сабақтын түрі: Ойын-жарыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі :Слайдтар, плакат –газеттер,қосымша деректер,бағалау парағы.
Сабақтын барысы:
Ұймдастыру кезеңі.
Сабақтын тақырыбымен таныстыру.
Сабақтын мақсатымен таныстыру.
1) Ұймдастыру кезеңі.
Мұғалім кешке байланысты металдар туралы қысқаша мағлұмат береді.
Металдар адамзат қоғамына ерте кезден бері белгілі.Адамдардың
металдарды игеру ,қолдануына байланысты тарихта дәурлердің аты қалды Мыс,темір,қола,алюминий т.б.Қазақстан аумағында ерте кезден жасалынған көптеген бұйымдар табылған .Тұркістанда (Тайқазан),Алтын адам (Есік қаласында).Бүгінгі кешіміздің асыл металдардар командалары.Экранға Тайқазан,Алтын адамның
слайдын,металдар ұлгілерін көрсету.
«Қызықты химия « сайыс –кешінің жүргізушілер бір-бірін таныстырады .1-бастаушы :Химия ғылым, болып дамыған
Өндірісте химияны таныған,мұнда ғылым әркез биік тұрады.
Бүгін химия пәнінің алғырлары күш сынасуға келіп отыр.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлайық.
2-бастаушы :Шақырамыз,келіңіздер жарысуға
Күш өнер,білімменен алысуға
Бар өнерді салайқ ортамызға
Қанекей,кім шығады сайысуға
Құрметті ұстаздармен жән оқушылар бүгінгі «Қызықты химия» кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Сайысқа екі команда қатысады. 1-ші команда АЛТЫН»
2-ші команда «КҮМІС»
Алтын команданың капитаны. Бозшин Болтбек.
Күміс команданың капитаны. Ермекбаев Мағжан.
1-сайыс «Таныстыру»
Екі топ өз ұранын айтады.
2-сайыс «Бәйге».сұрақ –жауап.
«Алтын» тобына»
1.Қай элементтін жетіспеуі тіс ауруына ұшратады.(кальции)
2.Аспен келетін тамаққа дәм беретін .(ас тұзы)
3.Сүйық металл.(сынап)
4.Мыстың ,күмістің ,темірдің латынша ,қазақша,орысша аталуы.
5.Жер қыртысында ең көп таралған металл.(Алюминий)
6.Қазақстандағы ең ірі темір өндеу қаласы.Нұрсұлтан Әбішевич Назарбаевтын бірінші мамандығымен жұмыс жасаған қаласы(Теміртау).
2) Күміс» тобына 1.Ең қатты металл (Хром)
2.Адамның ағзасында сүйек құрамында болатын металл және бейметалл. (кальции ,фосфор)
3.Үш күиде болатын зат .(Су)
4.Топрақтын құнарлығын келтіретін зат.(Азот)
5.Қаранғыда жарқырайтынбейметалл .(фосфор)
6.Ең жеңіл газ.(сутегі)
Екі командаға карточка тапсырма беріледі.
Көрермендерге лездік сұрақ –жауап ойын.
Кешіміздің үшінші кезеңі «Үй тапсырмасы»
1.Алтын» тобы КВН көрініс ж\е макет.
2.»Күміс тобы слайд ,түсіндіріп баяндау
4 сайыс .Сөзжұмбақ.
«АЛТЫН» тобының топ басшысына тапсырма Ломоносов сөзіне химиялық заттарды жазу.
«Күміс» тобының басшысына сұрақ Менделеев сөзіне хим-қ заттарды жазу.
7- сайыс Жұмбақтар шешу сайысы.
«Алтын» тобына:
1.Сыныптан бір шықпайды,тимесең жұқпайды.(бор)
2.Құрғақ жерде сақтайсын ,онсыз тамақ татпайсың (ас тұзы)
3.Адам мен жануардан бөлінеді ,өсімдік торына ілінеді(көмір қышқыл газы)
4Үш агрегаттық күйде болатын зат (су)
5.Топрақтын құнарлығын келтіретін зат (азот)
«Күміс» тобына:
Ең жеңіл элемент болып саналады,периодтық жүйе осыдан басталады(сутек-водород-гидрогениум)
2.Күмістей түсі жылтыр,өзі сүйық,көрсетеді суықты жылуды анық(сынап)
3)Өзі ауыр металға жатады ,балалар осы металл құйған сақамен атады(қорғасын)
4.Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,салмақты адамды
мақтауғада келістіреді (күміс)
5.Адам ағзасында сүйектің құрамында болатын металл ж\е бейметалл(кальций,фосфор)
Қотындылау.
Әділ қазыларға сөз.
1-БАСТАУШЫ: Химия ырыс бұлағы,шалқыған байлық мол дәулет
Аялап күтіп тұр оны,болашағымыз нұр сәулет
2-Бастаушы: Аялдама алға ұмтыл,құдіретті біздің ой
Сенде байлық,сенде ырыс,сенімен сәнді өмірғой ХИМИЯ!
Осымен сайыс кешімізді аяқтаймыз .Cау болыңыздар!
Кешті қорытындылауға казылар алқасына сөз береміз.
Жұргізушілерге сөз беріледі .
Химия ырыс бұлағы,шалқығанбайлық мол дәулет.
Химия –жыр әніміз шаттанамыз,табысын пайдаланып мақтанамыз
Осымен химиялық кешімізді аяқтаймыз.Кош кедіңіздер!
Достарыңызбен бөлісу: |