Cандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері. Есептеуіш техниканың даму тарихы, қазіргі заманғы компьютердің даму кезеңдері


Дәріс–11. Тақырыбы: ДЭЕМ нің жұмыс істеу принципі және архитектурасы. Жүйелік плата, оның қолданылуы. Жүйелік магистраль



бет36/55
Дата13.04.2022
өлшемі3,99 Mb.
#139163
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55
Байланысты:
комп арх лекц 1-15
Аралық сұрақтары жауабы
Дәріс–11. Тақырыбы: ДЭЕМ нің жұмыс істеу принципі және архитектурасы. Жүйелік плата, оның қолданылуы. Жүйелік магистраль.
Жоспар

Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни, бір мезгілде компьтерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлердің үстел үстіне қоятын, портативті және қалтаға салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне қойылатын(desktop) компьютерлерді қарастыратын боламыз. Өйткені дербес компьютердің осы түрі басқаларына қарағанда кең таралған.


Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:
*жүйелік блок;
*дисплей немесе монитор;
*пернетақта;
*тышқан.



Дербес ЭЕМ – нің (ДЭЕМ) элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір функциясын немесе оны есте сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады. Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тұяқшаларымен жалғастырылады.
Жартылай өткізгішті кристалл көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды иондық түрде енгізу, дәлме-дәл фотолитография және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады. Осындай күрделі техноолгиялар нәтижесінде кристалда электр схемасына біріктірілген “Электрондық-молекуляр” жасалады. Олар бір кристал көлемінде /5х5мм/ жүз мыңнан аса бір-бірімен байланысқан “электрондық молекулаларды” құрастырып, өте күрделі информация түрлендіру жұмыстарын орындай алады. Мүмкін болашақта осындай схемалар элементтері ролін тікелей ұғымдағы заттардың молекулалары атқаратын шығар. Интегралдық схемаларды жасау, тексеру бұлардың сапаларын бақылау - барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялы түрде шығару да меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды баспаханалардағы кітапты көбейтіп шығару мен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ-нің әртүрлі тетіктерінің шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты бөлек-бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады. Бұл схемалардың интегралдық (біріктірілген) деп аталу себебі - олардың бір кристалы күрделі логикалық функциялардың белгілі біреуін орындай алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан қүрастырылатын сияқты машина қондырғылары оңай жасалады.
ДЭЕМ біріңғай ақпараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін құрылғыларды олардың функционалдық қызметіне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және перифериялық, яғни шеткері құрылғылар.

Жүйелік блок мыналардын тұрады:


-микропроцессор;
-оперативті (жедел) есте сақтау құрылғысы ;
-тұрақты есте сақтау құрылғысы;
-қоректену блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары.
Ал, шеткері құрылғылар құрамы:
-мәлімет енгізу құрылғылары;
-мәлімет шығару құрылғылары;
-мәлімет жинақтауыштар.
ДЭЕМ-нің машинасының мүмкін болатын ең минималды құрамына (конфигурациясына) жүйелік блок, бір-бірден енгізу, шығару құрылғылары және бір информация жинақтауыш құрылғы кіреді. ДЭЕМ- дегі шығарылатын есептер түрлеріне қарай оның минималды конфигурациясын қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуге болады.
Информация мен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғылар болып пернелік (клавиатура), “тышқан” тәрізді тетік және сканер (із кескіш) есептеледі. Енгізу жұмыстарын жүргізе алатын осындай құрылғылары тағы да жарық қаламұштары, жарық сезгіш планшеттер, джойстиктер (ұршық тәріздес тетік) және де басқа шығарылатын есепке сәйкес әртүрлі жұмыс атқара алатын құрылғылар жатады. Мысалы, бұлардың кейбіреулерін жобалау жұмыстарын автоматтандыруда қолдануға болады.
Компьютердің архитектурасы және компьютер жұмысын ұйымдастыру принциптері.
Архитектура дегеніміз – ЭЕМ-нің жұмысы программалық басқарудың және оның негізгі функцияларының тараптарын бір-біріне байланыстыруды іске асыратын ЭЕМ құрылымының негізгі жалпы принциптері. Енді ЭЕМ «архитектурасына» кіретін ЭЕМ құрылысының негізгі жалпы принциптерін атап өтейік.

  • ЭЕМ жадының құрылымы;

  • Жады мен сыртқы құрылғыларға рұқсат ету тәсілдер;

  • Компьютер құрылымын өзгерту мүмкіндіктері;

  • Бұйрықтар жүйесі;

  • Мәліметтер пішіндемесі (форма);

  • Интерфейсті ұйымдастыру;

11.2-сурет

Микропроцессор

Сыртқы жады



Ақпараттық магистраль (шина)









Монитор


Диковод

Перне тақта

Принтер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет