Cандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері. Есептеуіш техниканың даму тарихы, қазіргі заманғы компьютердің даму кезеңдері



бет53/55
Дата13.04.2022
өлшемі3,99 Mb.
#139163
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
комп арх лекц 1-15
Аралық сұрақтары жауабы
Компьютерлік вирустар
Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа бағдарламалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған бағдарлама “ауру жұққан” немесе “бүлінген” деп аталады. Мұндай бағдарламаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған бағдарламаға да кері әсер етіп, оларға да “жұғады” және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады да және т.с.с.).
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа бағдарламаларды бүлдіру және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі бағдарламаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол бағдарлама бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге “вирус жұққандығы” бастапқы кезде байқалмай қалады.
Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.
Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.
Компьютерде “вирус жұққан” бағдарлама саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

  • кейбір бағдарламалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

  • экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, тағы басқа шығады;

  • компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

  • көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және тағы сол сияқты;

Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгіреді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады.
Компьютерді вирустан сақтау үшін арнайы вирусқа қарсы программалар қолданылады. Олар компьютерде вирустың пайда болуынан сақтайды.
Көптеген антивирустар дискіні пайдаланушының қалауы бойынша вирустардың мөлшеріне сай жай ғана тексерудің өзіне бейімді емес, алайда компьютерде түгел жіберілген файлдарды білдірмей тексерген де жөн. Ең соңында, барлық қазіргі заманға антивирустар Интернет арқылы мәліметтердің антивирустың базасының автоматты түрде жаңартылуының механизмімен жабдықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет