22-атқыштар дивизиясының штабы орналасқан ғимарат. Бұл ғимарат 1898 жылы салынған. Төңкеріске дейін бұл ғимаратта бастауыш мектеп және әскери музыка мектебі орналасты. Ақгвардияшылардан Орал қаласын қорғау кезінде 1919 жылы 22-ші атқыштар дивизиясы орналасты. Ғимарат қазіргі Лев Толстой көшесінде орналасқан.
«Уралец» газетінің баспаханасы. Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың аяғында бір қабатты кірпіштен салынды. 1905 жылы медресені тәмамдағаннан кейін Ғ.Тоқай жұмыс жасаған. Ғимарат қазіргі Ә.Кердері көшесінде.
Мұғалімдер семинариясының бұрынғы ғимараты. Мұғалімдер семинариясы 1913 жылы құрылды. 1919 жылы осы семинарияда Орал қаласындағы комсомол ұйымдастырушысы В.Е. Савичев оқыған. Ол Оралдағы жастардың коммунистік қозғалыстарына белсенді қатысып, бүкілхалықтық жиналыста Орал қалалық комсомол комитеті Президумының төрағасы болып сайланды. Ғимарат қазіргі Ғ.Тоқай көшесінде.
«Приуральная правда» облыстық газетінің редакция ғимараты. ХХ ғасырдың 50-жылдарында осы ғимаратта журналистермен кездесу барысында М.А. Шолохов екі рет болған. Ғимарат қазіргі Достық-Дружба даңғылында орналасқан.
Е.Пугачев болған ғимарат. 1751 жылы «Шилихин өртінен» кейін орташа дәулетті казак П.М. Кузнецовтың бастауымен салынған. Осында «Жайық патшайымы» атанған Е.И. Пугачевтің екінші әйелі Устинья Петровна Кузнецова тұрған. 1774 жылы Жайық қалашығын (Орал қаласы – Ж.М.) қоршау кезінде Е.И. Пугачев осы үйде болған. Қазіргі кезде Е.И. Пугачев атындағы музей ретінде пайдаланылуда. Ғимарат қазіргі Достық-Дружба даңғылында.