47
Содан кейін экстракциялық ерітінді фильтрлі (су ұстайтын) шприцтер
арқылы басқа ыдысқа құйылады. Бізге органикалық фаза керек
болғандықтан, сулы фаза сорып тасталады. Элюирленген еріткіште
хлороформды фаза болады, оның құрамында липидтердің жалпы мөлшері
бар, ал олардың құрамына тұқымнан алынған барлық липидтер кіреді.
Жалпы липидтердің 200 µL аликвоты (aliquot) азот ағынының (N
2
) астында
кептіріледі, кейіннен қайта этерификацияланады. Кептіруден кейін 1 мл
метанолды бор трифториді ерітіндісі (BF
3
) және 0,3 мл n-гексан қосылады.
Қоспа 95°C температурада 1 сағат бойы кері тоңазытқышпен жылытылды
(метилирование). Бұл май қышқылдарын ұшпалы күйге алмастыру үшін
жасалады. Содан кейін реакция түтігіне 1 мл n-гексан және 1 мл
дистилденген су қосылып, 500 × g температурада 5 минут ішінде
араластырылып, центрифугаланды. Нәтижесінде бөліну фазасы жүреді,
дистилденген су төменгі жағында, n-гексан жоғарғы бетіне шығады. Сосын
n-гександы жоғарғы қабаты флаконға құйылды да, инъекция арқылы
еріткішті буландырмай GC-MS/FID жүйесіне енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: