1. «Экономика секторларын цифрландыру» – еңбек өнімділігін арттыруға және капиталдандыруды арттыруға әкелетін серпінді технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі секторларын түрлендіру.
2. «Цифрлық мемлекетке көшу» – халыққа және бизнеске олардың қажеттіліктерін болжайтын қызмет көрсету үшін мемлекеттік инфрақұрылымды қайта құру.
3. «Цифрлық Жібек жолын жүзеге асыру» – деректерді беру, сақтау және өңдеу үшін жоғары жылдамдықты және қауіпсіз инфрақұрылымды дамыту.