еGov порталы ұсынатын мүмкіндіктер Жеке кабинет (my.egov.kz) – бұл әр түрлі мемлекеттік деректер қорынан жиналған пайдаланушы туралы жеке ақпарат бар eGov.kz электрондық үкімет порталының бөлімі.
Жеке кабинетке кіру тек порталдың пайдаланушысында ғана болады, бұл ретте толық құжаттаманы қарау үшін ЭЦҚ көмегімен авторландыру талап етіледі. ЖСН/пароль арқылы немесе SMS-код арқылы кірген кезде дербес ақпаратқа қол жеткізе алмайсыз.
Егер Сіз порталда әлі тіркелмеген болсаңыз және Жеке кабинетті көрумен қатар, онлайн режимінде мемлекеттік қызметтерді алуды бастағыңыз келсе, алдымен "ЭЦҚ алу немесе қайта шығару" бөлімінде "Порталда алғаш рет" пайдалы материалымен танысыңыз. Сол жерден сіз ЭЦҚ алу және порталда тіркелу туралы біле аласыз.
Жеке кабинеттегі дербес құжаттамада қандай ақпарат бар
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер: олардың нөмірлері мен қолданылу мерзімі;
Медициналық ұйымға тіркелу туралы ақпарат: емхананың атауы, учаскелік дәрігердің Т.А.Ә., тіркелген күні және тіркелген учаскенің нөмірі;
Дара кәсіпкердің мәртебесі (бар болған жағдайда);
Балалар туралы мәліметтер: аттары, ЖСН-рі, туған күндері (сіздің балаңыздың ЖСН-ін АХАЖ ақпараттық жүйесіне қосу үшін баланың актілік жазбасында ата-анасының ЖСН-рі болуы тиіс);
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар бойынша мәліметтер;