424
дамытады. Осылайша, өзіндік жұмыс үздіксіз білім алудың дайындық
құралына айналады.
Біз студенттердің өзіндік жұмысын оқу материалын аудитория-
дан тыс пысықтауға бағытталған аудиториялық сабақтардың рөлін
төмендетпейтін негізгі құрамдасы деп санаймыз. Мұнда өз жұмысын
жоспарлау, мақсат қою мен оқытудың жақын және перспективалы
міндеттерін айқындау дағдылары өзектілікке ие болады. Қазіргі
жағдайда жоғары мектеп дидактикасы оқытудың кредиттік техноло-
гияларына IT-ресурстар мен онлайн-өнімдерді белсенді қолдана оты-
рып бағдарлануда, ал бұл қоғамды цифрландыру жағдайында ерекше
өзектілікке ие. Бірқатар зерттеу нәтижелері АКТ-ның студенттердің
өзіндік жұмысын жандандыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетті,
себебі, олар оқудың өзіндік бағытын оңай бағалауға және өлшеуге
мүмкіндік береді, ақпаратқа қол жеткізу жылдамдығын артты-
рып қана қоймай студенттердің бір-бірімен және оқытушымен өзара
әрекеттесуіне жағдай жасайды.
Қазіргі заманауи жағдайда студенттер көптеген ақпаратты өңдеген
кезде, жүйелік принципті сақтап, мазмұнын біртіндеп қиындата оты-
рып, өзіне ең қажет нәрсені іздеп таба білу қабілеті ерекше өзектілікке
ие болуда. Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындау
барысында студенттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып,
нәтижелерді сыни бағалау маңызды рөл атқарады. Цифрлық транс-
формация жағдайында өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде білім
берудің жаңа парадигмасы білім алушылардың қабілеттерін дамыту,
олардың зерттеу қабілеттерін жандандыру, өз бетінше оқу және ойлау
дағдыларын, әлеуметтік қоғамда тиімді өзара әрекеттесу үшін қажетті
өмірлік маңызы бар білім мен іргелі құзыреттерді меңгеру сияқты
бағыттарға баса назар аударуды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: