Цифровая дидактика indd


 ЦИФРЛЫҚ ДИДАКТИКАДАҒЫ ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет166/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика
Практика 2
ЦИФРЛЫҚ ДИДАКТИКАДАҒЫ ОҚЫТУ 
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
4.1 Цифрлық оқыту
Цифрлық оқыту өте нашар танылған керемет байлықтан тек 
оның интеллектуалды компонентін алады, бұл бірліктің кейбір басқа 
компоненттеріне жанама әсер етеді.
Цифровое обучение берёт из этого очень слабо познанного неверо-
ятного богатства только его интеллектуальную составляющую, кото-
рая опосредованно воздействует и на некоторые другие составляющие 
этого единства.
«Цифрлық оқыту» терминін қолдану, сондай-ақ онымен байла-
нысты «цифрлық дидактика» ұғымы, яғни цифрлық оқыту теориясы 
күмән тудырмайды. Олар студенттердің пәндік білімдерін, біліктерін, 
дағдыларын, құзыреттіліктерін, соның ішінде заңдылықтарды, прин-
циптер мен механизмдерді компьютерді қолдана отырып игеруді 
білдіреді.
Цифрлық білім беру ресурсы және оның жіктелуі
Цифрлық оқытуда цифрлық білім беру ресурсы қолданылады. 
«ЦББР» аббревиатурасы «цифрлық білім беру ресурсы» деген 
ұғымды білдіреді. Яғни, білім беру мақсаттарына арналып, цифрлық, 
электрондық, «компьютерлік» нысанда ұсынылған, белгілі бір 
мазмұнды жекелеген объект. 
Егер бұл атауға жоғарыда көрсетілген мәнге сәйкес кеңірек түсінік 
беретін болсақ, онда біз компьютерде жеке файл немесе өзара байла-
нысты файлдар тобы түрінде ұсынылғаны аудиовизуалды ақпараттың 
кез-келген бөлігін «ЦББР» ретінде тануымыз керек. Яғни, біз «ЦББР» 
ретінде мәтіннің кез-келген бөлігін, формуланы жазуды, кестені, 
суретті, фотосуретті, анимацияны, аудио немесе бейне үзіндісін, пре-
зентацияны немесе дерекқорды, тестті, интерактивті модельді (соның 
ішінде – ұсынылған модельдік орта шеңберінде ұсынылған модельдік 
объектілерді еркін басқаруға мүмкіндік беретін «виртуалды зертха-
наны да» алуға болады) және т.б. қарастыра аламыз. Сонымен қатар, 
«ЦББРның» мұндай анықтамасы оның мақсаты туралы (бұған қоса 
білм беру саласына қатысты), оқу материалын ұсынудың толықтығы 
туралы және бұл нысан сканерлеу немесе «цифрландырудың» басқа 
әдісі арқылы цифрлық форматта немесе жай ғана «қайта жасалған» ба, 
жоқ па ештеңе айтпайды. 


299
ЦББР – тиісті оқу тақырыбының белгілі бір бөлігін зерттеуді 
қолдайтын және тиісті пән бойынша нақты оқулыққа қатаң байланған, 
сонымен қатар, тиісті әдістемелік қолдаумен сүйемелденетін жеке 
«цифрлық мазмұнды модульдер» ретінде;
ИОӘК («инновациялық оқу-әдістемелік кешендер») – электрондық 
компоненттің жиынтығы ретінде (барлық қажетті функция-
ларды жүзеге асыратын, тиісті жас деңгейіне арналған негізгі оқу 
бағдарламасы аясында оқытылатын тақырыптардың барлық спектрін 
қамтуы міндетті (оқу материалын ұсынудан бастап алынған білімді 
бақылауға дейін) және оқу процесін түбегейлі жетілдіруге мүмкіндік 
беретін белгілі бір «инновациялық» әлеуетті қамтиды) және «қағаз» 
форматтағы әдістемелік сүйемелдеу;
ИОӘК («инновациялық оқу-әдістемелік кешендер») – «әр түрлі» 
айдарының аналогы, онда негізгі стандарттың тақырыптарының 
тек бір бөлігіне ғана әсер ететін, оларды кеңейтетін, қосымша және 
анықтамалық материал беретін, көбінесе күрделі, интегративті және 
міндетті түрде оқулықтарға қатаң байланбайтын әртүрлі ақпараттық 
нысандарды жатқызуға болады.
4.1-сурет. Цифрлық білім беру ресурстарының жіктелуі
Ақпараттық-телекоммуникациялық сүйемелдеуде ақпараттық 
мазмұндық қамтамасыз ету. (АТС) ЦББР 2 тобын қамтиды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет