457
Дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік,
докторлық диссерта-
цияны (жобаны) қорғау.
Білім алушылардың бағаланатын жазбаша жұмыстары (дипломдық
жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар (жобалар) және
докторлық диссертациялар) басқа тілден аударылған мәтінді пайда-
лануды қоса алғанда, мағынасы (парафраз) өзгертілмей сөздер мен
сөз тіркестерін синонимдік ауыстыра отырып,
алынған материалдың
болуы және мәтіннің пайдаланылуы тұрғысынан тексеруден өтеді.
Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялауды біліктілігі қорға-
латын жұмыстың бейініне сәйкес келетін Бөгде ұйымдардың сыртқы
мамандары жүзеге асырады.
Дипломдық жұмысты (жобаны) / магистрлік диссертацияны
(жобаны) қорғау басталғанға дейін аттестаттау комиссиясына барлық
құжаттар электрондық форматта ұсынылады:
1) білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберуге өкім /
бұйрық;
2) «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді»
деген
дәлелді қорытынды берілетін дипломдық жұмыстың (жобаның)
ғылыми жетекшісінің пікірі; магистрлік диссертацияның (жобаның)
ғылыми жетекшісінің оң пікірі);
3) біліктілігі қорғалатын жұмыстың бейініне сәйкес келетін
маманның дипломдық жұмысқа (жобаға)/ магистрлік диссертацияға
(жобаға) рецензиясы, онда қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыстың
(жобаның)/ магистрлік диссертацияның (жобаның) жан-жақты сипат-
тамасы және білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
бойынша бағасы және «бакалавр» / «магистр» дәрежесін беру немесе
тиісті мамандық бойынша біліктілік беру мүмкіндігі
көрсетілген
дәлелді қорытынды беріледі;
4) көпшілік алдында қорғауға ұсыным беру туралы шығарушы
кафедраның жазбаша қорытындысы (кафедра отырысы хаттамасынан
үзінді көшірме);
5) ғылыми басылымдарда магистрлік диссертация (жоба)
тақырыбы бойынша кемінде бір жарияланым немесе халықаралық
немесе республикалық ғылыми конференцияда сөз сөйлеу;
6) дипломдық жұмысты (жобаны) / магистрлік диссертацияны
(жобаны) плагиат тұрғысынан тексеруден өткені туралы анықтама.
Оқуды цифрландыру жағдайында дипломдық жұмысты (жобаны),
магистрлік диссертацияны (Жобаны)
қорғауды ұйымдастыру