429
машинаның байланысының үйлесімді жұмыс атқаруын мүмкін емес
деп тұжырымдайды. Соңғы ақпараттық технологиялар оқу уақытын
үнемді жұмсауға, оқытушыға студенттер тобымен бір уақытта
қарым-қатынас жасауға, студенттерге ақпарат ағынын «арнасында»
еркін жүзе білуге, студенттер мен ақпарат көзі арасында «кері бай-
ланыс» орнатуға, өзіндік жұмыстардағы студенттің белсенділігі мен
тәуелсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технологиялар Батыс Еуропа мен АҚШ-тың
білім беру жүйелерінде алмастырылмайтындығын және оқу процесін
модернизациялаудың, өзін-өзі тәрбиелеудің, ақпараттылықты арт-
тырудың кепілдігінің бірі бола отырып, білім берудің қарқындылығын
жандандырудың қуатты тәсілі екендігін іс жүзінде дәлелдеді.
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану оқу процесінің
стереотиптерін бұзады. Оқытушы өз салсының білгір маманы
моделін сақтап қана қоймай, заманауи ақпараттық технологиялармен
де педогогикалық процесте еркін жұмыс жасап, студенттерге дұрыс
бағыт – бағдар бере білуі қажет.
Сондықтан, белгілі бір педагогизацияға және осындай техно-
логиялардың оқу процесіне әсерінің өсуіне қарамастан, олар
білім беру жүйесінде негізінен қызметтік және көмекші ретіндегі
дидактикалық функцияларды орындайды. Сонымен қатар, батыстағы
оқу орындарында оқытудың негізгі технологиялары ретінде дәстүрлі
оқыту формалары (сабақтар, дәрістер, семинарлар, студенттердің
оқытушылармен тікелей байланысы) мен әдістері қолданыста қала
береді.
Достарыңызбен бөлісу: