Мақсаты:.Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, қазақ халқының ежелден келе жатқан кәсіби егін өсіру туралы мағлұмат беру.
Дид-қ ойын: «Ия, жоқ»
Көрнекілігі:. «Бидай мен қаңбақ» Слайд суреттер.
Әдіс-тәсілі:көрсету, түсіндіру,
Технология:ақпараттық
Интеграция: таным,шығармашылық
Қостілділік: бидай-пщеница
Барысы: Бидай мен қаңбақ суреттері көрсетіліп, мысалды мәнерлеп оқып, түсіндіріп беру. Мынау не балалар? – Бидай.
- Қайда өседі? – Егісте.
- Қаңбақ дегеніміз не? – Шөп.
- Қайда өседі? – Далада, сайда жатады.
Суреттер арқылы түсініктер беремін.
Бидай – астық тұқымдасына жататын, ең маңызды тағамдық дақыл. Бидайдан ұн тартылып, нан және нан өнімдері жасалады.
Қаңбақ далада өсетін домалақ пішінді шөптекті өсімдік. Жер үстіндегі бөлігі (жемісі) піскеннен кейін, жер астындағы тамырынан бөлініп желдің соғу бағытымен қашып кетеді. Тұқымы жел арқылы алыс жерлерге таралды.
Сергіту сәті:Әуен қойылады. Балалар ілесіп, қимылдар жасайды.