Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. )
|
Қуыршақты киіндіру
Мақсаты: Киім атауларын есте сақтауға, жыл мезгіліне байланысты киінуге үйрету.
Шарты: Мұғалім балаларға қуыршақты киіндіріп, серуенге шығару керектігін айтады. Балаларкезекпен қуыршаққа керек киімдерді атайды.
|
Бау – бақшада
Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді дұрыс атауға, ажыратуға үйрету.
Шарты: Үстел үстінде бау — бақшаның суреті. Балаларда көкөністер мен жемістердің суреті. Мұғалімнің белгісі бойынша, балалар көкөністерді, жемістерді бау — бақшаға орналастырады
|
Ненің дауысы?
Мақсаты: Жануарлар туралы білімдерін бекіту, жануарлардың дауысын ажыратуға үйрету.
Шарты: Бір бала шығып бір жануардың дауысын келтіреді, қалған балалар қай жануардың дауысыекенін ажыратады.
|
Дәрігер
Мақсаты: Адамның дене мүшелерін дұрыс атауға үйрету. Мынау не? сұрағына жауап беру.
Шарты: Қуыршақ — дәрігер немесе бала — дәрігер балалармен амандасады да өолын, басын, құлағын және т. б. дене мүшелерін көрсетуге ұсынады.
|