Логопед маманының кеңестері.
Тілге арналған артикуляциялық жаттығуларды дұрыс жасауларына бағыт беру.
Циклограмма
«Ақкөгершін» ересектер тобы. 02-06 Желтоқсан айы. II-апта. Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным!»
Күн тәртібі
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Балаларды қабылдау Ата-аналармен әңгімелесу
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. Таңертеңгі гимнастика (5 мин)
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Балалардың бойында балабақшаға, достарына сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамытуға бағыталған қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.
Үстел үсті, саусақ және т.б. ойындар. «Қалың қалай?» Кім көп сәлемдеседі балабақшадағы достарымен амандасу.
Сюжетті-рөлдік ойын: «Қуыршақты тамақтандыр»
Мақсаты: Балаларға өздері қалаған қуыршақпен ойнауға, тамақтандыруға мүмкіндік беру. Ойынға қызығушылықтарын арттыру.
Саусақ ойыны «Мысық ,доптар»
Мақсаты: Балалардың саусақ бұлшық еттерін дамыту.
Үстел үсті ойыны –әр түрлі қиынды суреттерді құрастыру.
Мақсаты: Балаларға берілген суреттердің бөлігін тауып орналастыра білуге үйрету. Тапқырлыққа баулу
№1Жаттығулар кешені
Таңғы ас
Ойын-жаттығуы: Ас ішерде күнде біз
Сөйлемейміз күлмейміз
Астан басқа өзгені
Елемейміз, білмейміз
Ойындар, Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық
Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар
Д/ О: «Тез ойла, сөз ойла» Мақсаты: дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Балалардың зейінін дамыту.
«Біз көңілді балалар» Мақсаты: өлең жолдарын нақышына келтіріп айта білуге, белгі бойынша қимыл жасауға, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
«Қалың қалай?»
Мақсаты: бір – бірімен амандасуды үйрету. Әдептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Ақыл – ой өрісін дамыту.
Д/о:«Зат неге ұқсайды» Мақсаты: Балалар бөлме ішіндегі заттардың қандай пішінге ұқсайтынын ажыратып айта білуге үйрету.
Сөздік ойын Тез ойла, сөз ойла» Мақсаты: дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Балалардың зейінін дамыту.
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі
Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы:«Мен Отанды сүйемін!»
Мақсаты: Отан туралы түсініктерін кеңейту;«Республика күні» мерекесі және оның маңызы туралы түсінік беру,есте сақтау қабілеттерін дамыту;туған елге деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.
Ағылшын тілі
Тақырыбы: «My Kazakhstan»
Мақсаты: Тақырып бойынша лексикалық материалды меңгерту. Ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Балалардың таным процестерін дамыту. Туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Мүсіндеу
Тақырыбы: «Киіз үй» Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беру.Мемлектік рәміз- туымен таныстыру;киіз үй туралы түсінік беру.Ұсақ қол қимылдарын мүсіндеу арқылы дамыту.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
ҚМТҚ. Тақырыбы: Қағаз бетін бағдарлау.
Мақсаты: Қағаз бетін бағдарлау (жоғары , төмен,ортасы,оң жағы, сол жағы) балаларға заттың санын сәйкестендіруді үйрету;сандық және реттік санау;балалардың зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту;бір-біріне деген көмек көрсетуге дайын тұруға тәрбиелеу. Логика Лайк (в) Тақырыбы: Қарақұйрық.
Мақсаты: Қарақұйрық жануарының тіршілігі, қорегі туралы түсінік беру. Жануардың ерекшелігін танып, айтып беруге үйрету. Ересектердің табиғатқа жасаған теріс қылықтарына мінез-құлық нормалары туралы түсінік бере отырып бағалауға үйрету. Табиғатқа оң көзқарасын, жауапкершілігін қалыптастыру.
Аппликация
Тақырыбы: «Домбыра»
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ою өрнек элементтерін қолданып домбыра жасай білуге үйрету;үйлесімді сәндеуге дағдыландыру;бүктелген қағаздан симметриялы пішінді қия білуді жалғастыру;шығармашылық қасиеттерін дамыту;қол қимылдарын жаттықтыру;өнерді бағалай білуге,өнерлі болуға талпынуға ықпал ету.