Жаратылыстану.
Тақырыбы: Қыстайтын құстар.
Мақсаты: Балалардың қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстарға қамқор болуға үйрету, табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.
Дене шынықтыру
Тақырыбы: Шығыршықтан өту
Мақсаты: Шығыршықты домалатып және одан өтуді үйрету.
Өзін-өзі тану.
Тақырыбы: «Түсінісу мен кешіруді үйренеміз»
Мақсаты: «Кешірім», «өзара түсіністік» адамгершілік қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту. Кешірім, түсінісу сөздерінің мағынасын түсіндіру. Балалардың жақсы қасиеттерін дамыту. Өзара сенім мен түсіністікке тәрбиелеу.
Сурет
Тақырыбы: Суықторғай
Мақсаты: Құстар туралы білімдерін жетілдіру, құстардың бейнесін қағаз бетіне түсіре білу біліктілігін машықтандыру, құстарға деген қамқорлық пен сүйіспеншілікке баулу.
|
Музыка.
Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»
Мақсаты: Вокалды және аспапты музыкаға қызығушылығын арттыру.Әнді ырғаққа сәйкес, ырғақтың бейнесін сақтай отырып, кіріспеден соң бірден бастап айтуға үйрету. Құстарды қорғап, қамқор болуға тәрбиелеу.
Әуенді ырғақты қимыл: « Гуси прилетели» орыс халық әніне билеу.
Музыка тыңдау: «Аққу күйі» Н.Тілендиев
Ән айту:«Кішкене торғай» А.Айтуова
Ойын: « Құс боп ұшамыз»
Құрастыру.
Тақырыбы: Торғай
Мақсаты:Балаларды табиғи материалдармен жұмыс істеуді жетілдіру, шырша бүрлерінен құстың денесін, қауырсынан қанатын, бұталардан қосымша дене бөліктерін жасауды үйрету. Табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.Саусақ, қол бұлшық еттерін жетілдіру.Ой қиялын дамыту.
Көркем әдебиет
Тақырыбы: Су торғайы. (М.Зверевтің әңгімесі)
Мақсаты: Әңгімені оқып сұрақтарға жауап беруге үйрету. Құрастыру қабілеттерін,шығармашылығын дыбыстарды дұрыс айта білуін дамыту. Құстарға қамқорлық жасау мен қорғауға тәрбиелеу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |