«Солып қалған гүлдерді бақылау» Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, балабақша ауласындағы күзгі гүлдерге назар аударту.Жазғы гүлдер мен күзгі гүлдердің ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы әңгімелеу.
Еңбек: Қурап қалған гүлдердің тұқымдарын жинау.
Қимылды ойындар: «Абай бол»,« Өзгеге көмектес»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
Серуеннен оралу
Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, гигиеналық іс-шаралар
Түскі ас
Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.
Түскі ұйқы
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары
Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру.
Білімді кеңейту және мәдени-гигеналық дағдыларды орындау. Жаттығу орындату.
Бесін ас
Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс
Ойындар, дербес әрекет
Дидактикалық ойын «Қуыршақты ұйықтатамыз»
Сөздік ойын « Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген»
Мақсаты:Балалардың жыл мезгілдері жөніндегі білімдерін бекіту, балалардың өз бетінше ойлау қабілетін және белсенділіктерін дамыту.