Циклограмма І апта (қазан 2021ж.) «Күншуақ» кіші тобы Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»


ЦИКЛОГРАММА ІV апта ( қазан, 2021ж.)



бет22/30
Дата01.03.2022
өлшемі187,51 Kb.
#133853
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Байланысты:
Қазан кіші топ циклограмма

ЦИКЛОГРАММА
ІV апта ( қазан, 2021ж.)
«Күншуақ» кіші тобы


Өтпелі тақырып «Менің отбасым»
Тақырыпша. «Алтын күз»



Күн тәртібі

Дүйсенбі
25.10.21

Сейсенбі
26.10.21

Сәрсенбі
27.10.21

Бейсенбі
28.10.21

Жұма
29.10.21

Балаларды қабылдау
Ата-аналармен әңгімелесу 8.00-8.40
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

Балалардың көңіл-күйін бақылау.дене қызуын өлшеп тазалықтарын тексеру. Арнайы журналға тіркеу. Мәдени- гигиеналық шараның орындалуын қадағалау. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.
Ата-аналармен жұмыс:
«Балалардың демалыс күндерін қалай, қайда өткізгендері жайлы» әңгімелесу.



Ойын «Кім жылдам?»
Суретті кітапшаларды бояу, пазлдар, мозаика .



«Сиқырлы қапшық»
Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша
салыстыруға, топтастыруға үйрету.

Танып ал да, атын ата
Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.



«Түрлі түсті моншақтарды тізу»
Ойынның мақсаты: Түстеріне қарай кезектестіріп тізуге үйрету



«Үлкен-кіші»
Мақсаты: Түстер туралы білімдерін бекіту,заттарды
көлеміне қарай айыра білуге үйрету.



Таңертеңгі гимнастика
8.40-8.55



Жаттығу кешені қосымша тіркелген
Мақсаты: Жалпы даму жаттығуларын дұрыс жасай отырып, баланың қимыл-қозғалысын шыңдау

Таңғы ас 8.55-9.10

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау
Ас мәзірімен таныстыру. Астың құрамындағы дәрумендер жайында айта отырып, асты тауысып жеуге кеңес беру.
Әдептілік ережелерін түсіндіру. Тәтті тамақ жейміз. Рақмет аспаз дейміз



Ойындар, ҰОҚ дайындық

ҰОҚ өтілу барысына қажет құралдарды, көрнекіліктер дайындау.
Шаттық шеңбері
Аспан ашық , көгілдір,
Күн шуағын төгіп тұр
Қол ұстасқан біздерді
Тереземнен көріп тұр.

Мектепке дейінгі ұй-ым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері 9.20-10.00

1.Денешынықтыру
Тақырыбы : «Сылдыр-сылдыр сылдырмақ». (әуенмен)
Мақсаты :
Шағын топпен бір-біріне кедергі жасамай жүгіру; жүгіру. Еденде жатқан лентадан аттап өтуге үйрету.
ҰОҚ өтілу барысы:
1Амандасу.
2. Шеңбер бойымен жүру,жүгіру.
«Орман аңдары»
1. «Аю»
Қолды белге қойып, (қорбандап) табанды нық басып жүру.
2. «Түлкі»
Қолды жанға ұстап, (қуланып) бір сызықпен жүру.
3. «Көжек»
Қолды кеуденің алдында иіп, қос аяқпен секіру.
4. «Қасқыр»
Баяу жүгіру, жылдам жүгіру.
Балаларға әр түсті екі текшелерден беріп,бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет