Білімдерді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау тәсілі бақылау жұмыстарын өткізу жолымен жүзеге асырылады. Жұмыстың ұзақтығы түрліше болуы мүмкін – 10 – 15 минуттан бір сабақ бойына дейін. Физикадан жазбаша бақылау жұмысын өткізудің мақсаты – оқушылардың білімдерін айқындау және оларды нақты есептер үшін қолдана білуі. Жазбаша тексеру уақытты үнемдейді.
Бір сағаттық бақылау жұмысын әдетте бір тоқсанда бір – екі рет өткізеді. Мұндай жұмыстың өткізілуі жөнінде мұғалім олар өз білімдерін өтілген материал бойынша қайталауы және жүйеге түсуі үшін кейде оқушыларды алдын ала ескертуі мүмкін, ал кейде мұндай жұмыстарды ескертусіз өткізген жөн. Қысқа уақыттық, 10 – 15 минуттық жұмыстарды оқушыларды арнайы ескертусыз өткізеді. Мұндай жұмыстар оқушылардың күнделікті материалды қалай меңгергенін қадағалауға мүмкіндік берді.