«Corel draw» программасында зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік құрал



бет6/21
Дата14.02.2022
өлшемі24,84 Mb.
#131727
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
корелл

Зертханалық жұмыс №2
Қарапайым объектілерді ерекшелеу және оңдеу
Мақсаты: Салған суреттер мен ерекшелеп, өңдеу жұмыстарынжүргізуді үйрену.
Объектіні өңдеуге мүмкіндік алу үшін оны алдымен ерекшелеп алуымыз керек. Ол Таңдау құралы көмегімен орындалады.

  • Егер Графика 1 файлы жабык болса ашыңыз.

Таңдау құралын шерткеніңізге көз жеткізіңіз, таңдалмаса шертіңіз. Тышқан көрсеткішін баспа бетіне жылжытыңыз.
Баспа бетіндегі төртбұрыш контурының ішінде тышқанды шертіңіз. Объект ерекшеленеді. Қалып күй қатарында ерекшеленген объект типі туралы ақпарат беріледі.
Алдында айтылғандай объект ерекшеленгенде оның сыртынан габаритті тортбұрыш сегіз қара квадратгы маркермен қоршалып көрінеді. Габаритті тортбұрыштың қабырғаларындағы төрт маркер созу маркері, ал бұрыштарындағы — масштабтау маркері болады.

  • Енді баспа бетіндегі эллипс контурының ішінде тышқанды шертіңіз. Объект ерекшеленеді. Қалып күй қатарында ерекшеленген объект типі туралы ақпарат беріледі. Алдында ерекшеленген объектіден ерекшелену алынып тасталынады.

Объектіден ерекшелеуді алып тастау үшін объект сыртында тышқанды бір рет шерту немесе ЕSС пернесін басу жеткілікті.
Өңдеу процесі кезінде бір уақытта бірнеше объектіні бірдей өңдеуге тура іселеді. Объекгілер тобын ерекшелеу үшін шерту кезінде SHIFT пернесі басулы болу керек.

  • SHIFT пернесін басып ұстап тұрыңыз.

  • SHIFT пернесін босатпай квадратты шертіңіз. Квадрат ерекшеленеді.

  • SHIFT пернесін босатпай шеңберді шертіңіз. Ерекшеленген объектілерге шеңбер қосылады. Осы кезде габаритті төртбүрышты маркеріміз үлкейеді. Қалып күй қатарында ерекшеленген объектілер туралы ақпарат аласыз: 2 объектов выделено в Слой 1.

  • SHIFT пернесін босатпай жүлдызды шертіңіз. Ерекшеленген объектілерге жүлдыз қосылады. Қалып күй катарында ерекшеленген объектілер туралы ақпарат өзгереді.

  • SHIFT пернесін босатыңыз.

Егер ерекшеленген топтан қандай да бір объектіні алып тастау керек болса, онда оны келесі әдіспен орындайсыз:
SHIFT пернесін басып тұрыңыз.

  • SHIFT пернесін босатпай квадратты шертіңіз. Осы объект топтан алынып тасталынады. Қалып күй қатарында ерекшеленген объектілер туралы акпарат өзгереді.

  • SHIFT пернесін босатыңыз,

  • Габаритті төртбуршттың сыртында тышқанды шертіңіз, объектілерді ерекшелеу алынады.

Егер ұсак, жиі орналасқан объектілердің көп мөлшерін ерекшелеу керек болса, онда объектілерді рамка көмегімен ерекшелеген жеңіл болады. Енді осы әдіспентортбурыш, шеңбер, квадрат, эллипсті ерекшлеп корейік.

  • Тшпқан көрсеткішін баспа бетінің сол жақ жоғарғы жағына тортбұрыштың сол жағынан жоғары қарай орналастырыңыз.

  • Тышқаннын сол жақ батырмасын басып, босатпай ұстаңыз.


  • Тышқанның батырмасын босатпай ұстап, тышқан көрсеткішін баспа бетінің оң жақ төменгі жағына қарай жылжимыз, пайда болған көк үздік сызығымыз төртбұрыш, квадрат, шеңбер, эллипстерді қоршағанға дейін Сол жақ батырманы босатыңыз. Рамканың ішіне енген барлық 4 объектіде ерекшеленеді. Қалып күй қатарында ерекшеленген объектілер туралы ақпарат шығады.



Егер рамкамен ерекшелеу кезінде CTRL, пернесін басып тұратын болса, онда ерекшелеудің формасы квадрат болады, ал ALT пернесін басып тұратын болса, онда ереклеуге енбейтін объектіледе оған кіреді. Ерекшелеу рамкасын сонымен қатар ерекшелеуді алып тастау үшінде қолдануға болады, ол үшін SHIFT пернесін басып ұстасаңыз болганы.

  • ESC пернесін басу арқылы ерекшелеуді алып тастаймыз.

Бір уақытта барлық сурет объектілерін ерекшелеуге болады. Ол ұшін:

  • Менюден Правка-Выделить все-Объекты командасын таңдаңыз немесе тышқан көрсеткішін ‘;Таңдау кұралына апарып екі рет шертіңіз. Барлық құжаттағы объектілер ерекшеленеді.

  • Ерекшелену төртбұрышының сыртында тышқанды бір рет шертсеңіз ереқшелену алынады.

Егер ерекшеленген объектіні басқа орынға ауыстыру керек болса, онда оңы тек тышканмен сүйресеңіз болғаны.

  • Квадрат контурының ішінде тышқанды бір рет шертіп ерекшелеңіз.

  • Тышқан көрсеткішін ерекшеленген объектінің ішіне орналастырыңыз.

  • Тышканның сол жақ батырмасын басып ұстаңыз.

  • Тышқанның сол жақ батырмасын босатпай тышқан көрсеткішін баспа бетінің бос аймағына қарай сүйретіңіз. Объектіні сүйрету кезінде экранда оның контуры көк түспен көрсетіледі.

  • Тышқанның сол жақ батырмасын босатыңыз. Квадрат жаңа орынға ауысады. Обектіні тура көлденең немесе тік бағытта орын ауыстыру үшін, ауыстыру кезінде CTRL пернесін басып тұрыңыз.

  • Өзбетіңізбен квдратты орнына апарыңыз.

Кұжаттармен жұмыс істеген кезде объектнің өлшемін жиі өзгертуге тура келеді. Ол үшін ерекшеленген объектінің қара квадрат маркерінің бірін керек бағытта, яғни үлкейту немесе кішірейту бағытында тартсаңыз болғаны. Бұрыштағы маркерді сүйресеңіз онда көлбеу және тік бағыттғы сәйкестік олешемдер сақталады, ал қабырғаның біріндегі маркерді тартатын болсаңыз, онда сол қабырғаға қатысты өзгеріс болады.

  • Жүлдыз кескінінде тышқанды шертіп ерекшелеңіз.

  • Тышқан көрсеткішін оң жақ төменгі бұрыштағы маркерге орналастырыңыз, тышқан көрсеткіші екі жаққа қараған бағыттауыш формасына өзгергенде тышқанның сол жақ батырмасын басып үстаңыз.

  • Тышқанның сол жақ батырмасын босатпай, тышқан көрсеткішін оң жақ төменге сүйретіңіз. Экранда объектінің ағымдағы өлшемін көрсететін көк контуры пайда болады. Қалып күй қатарында өзгеру мәні туралы ақпарат беріледі.

  • Объект өлшемі екі есеге үлкейгенде тышқан батырмасын босатыңыз. Осы өлшем бекітіледі.

Алғашқы қалпына келтіру үшін жұлдызды алдымен көлбеу, содан соң тік бағытта сығамыз. Егер объекті өлшемін 100% еселікпен үлкейту керек болса, CTRL пернесін басып тұрыңыз. Объектіні масшгабтау кезінде SHIFT пернесін басып ұстасаңыз, объект екі бағытта бірдей объект центріне қатысты симметриялы өзгереді.

  • CTRL + SHIFT пернелерін қатар басып объект өлшемін өзгертіңіз. Не байқадыңыз, түсіндіріп беріңіз.

Салу кезінде немесе өңдеуде суретті қандайда бір бұрышқа еңкейту, бүру қажет болады. Бұны бұру және еңкейту маркері көмегімен орындауға болады.

  • Тышқанмен төртбұрышты шертіңіз. Объект квадрат маркермен ерекшеленеді.







Ерекшеленген объектіде тағы бір рет шертіңіз. Қайталап шерту нәтижесінде квадрат маркерлер екі бағытқа бағытталған маркерлерге өзгереді. Бұл кезде бүрыштағы маркерлер бұрылу маркерлеріне, ал қабырғасындағы еңкейту маркері болады. Объектінің айналу центрінде ортасында нүктесі бар шеңбер

  • Тышқанкөрсеткішінжоғаргыоңжақбұрыштағы маркерге орналастырыңыз. Тышқан көрсеткіші мына формаға өзгереді.

  • Тышқанның сол жақ батырмасын басып ұстаңыз.

Тышқанның сол жақ батырмасын босатпай, көрсеткішті төмен қарай қозғаңыз. Пайда болған көк контур өзінің центрін айнала, фигураның қазіргі жағдайын сипаттай қозғалады, ал Бұрылу бұрышы (Угол поворота) енгізу өрісінде ағымдағы бұрыш мәні көрсетіледі.

  • Тышқанның сол жақ батырмасын бұрылу бұрышы 315° тең болғанда босатыңыз. Төртбұрышы осы қалыпта бекітіледі.

Егер CTRL пернесін басып тұрсаңыз бұрылу үнсіз келесім бойынша 15° мәнімен өзгеріп отырады. Жасап көріңіз.
Ал енді объектіні қандайда бір дәл бұрышқа бұруды қажет етсе, онда енгізу өрісіне сол мәнді енгізіп, ENTER. пернесін бассаңыз болғаны. Мұны да өзбетіңізбен жасап көріңіз.
Үнсіз келісім бойынша объект өзінің центрін айнала бүрылады. Бірақта сіз айналу центрін өзгерте аласыз, ол үшің ортасында нүктесі бар шеңберді кезкелген қалаған жеріңізге сүйретіп апарып қоюға болады.
Бұрылуға қарағанда фигураны еңкейту немесе қисайту кезіндс объектінің геометриялық формасы деформацияланады. Объектінің бір жағы қозғалыссыз қалады, ал екінші жағы көлбеу немесе тігінен, яғни қандай маркерді ұстаганымызга байланысгы қозғалады.

  • Тышқан көрсеткішін ерекшеленген төртбұрыштың оң жақтагы тігінен іұрган маркерге орналастырыңыз. Тышқан көрсеткіші мына формаға өзгереді.

  • Тышқанның сол жақ батырмасын басып ұстаңыз.





  • Тышқанның сол жақ батырмасын босатпай, көрсеткішті жоғары қарай қозгаңыз. Пайда болған көк контур объектінің ағымдағы қисаюын көрсетеді Осылайша көлденең бағытта да қисайтуға болады.



Ерекшелеу мен объектілерді түрлендіру тәсілдері кезінде көптеген әркеттер бірнеше әдіспен орындалатынын көрдіңіздер. Алдыга қойылган есепті шешуде қандай эдісті қолдану ол сіздің есебіңіздің берілгеніне тәуелді.


Тапсырма 2, Төмендегі суреттерді Polygon құралын пайдаланып, өзбеттеріңізбен салын, файлға Тапсырма 2 - деген ат қойып сақтаңыздар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет