Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Мəтіндік өрісіндегі стилистикалық мүмкіндіктер



бет2/50
Дата14.09.2023
өлшемі337,45 Kb.
#181048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Ä. À. ?ëêåáàåâà ?àçà? ò³ë³í³? ïðàãìàñòèëèñòèêàñû

Мəтіндік өрісіндегі стилистикалық мүмкіндіктер

Стилистиканың даму бағыттары мен түрлері,
шектес ғылымдармен байланысы
Барлық ғылымдардың зерттеу нысаны өзінің күрделілігімен даму эволюциясының тарихының сан алуан тарихын бастан кешірген. Стилистика ғылымының даму бағыты басқа ғылымдармен сабақтас. Қазіргі стилистиканың негізгі кезеңдері ертедегі антикалық риторика жəне поэтика, шешендік өнер ғылымдарымен өзара байланысып жатыр.
Жалпы, тіл ғылымында стилистика белгілі тарихи дəуірді бастан кешіргенмен, ол өзінің алғашқы мағынасынан айтарлықтай өзгертілген жоқ. Ресейде стилистиканы ғылыми тұрғыдан зерттеу мəселесі XVIII ғ. басында стилистика таза ғылымның нысаны ретінде қарастырып бастады, тілдің функциональдық қызметін жан-жақты зерттеу нəтижесінде функциональдық стилистиканың негізі қаланды. Оған тілдің əдіс - тəсілдері туралы XIX ғасырдың аясында қаланған ғылыми таным- тұжырымдар негіз болды. Жалпы лингвистикалық ғылымының жеке ғылымдардың əдіс- тəсілінен стилистикалық талдау əдістері қолдана бастаған болатын.
Стилистикалық талдау əдістерінің (орыс тілі ғылымындағы орны бойынша) негізі - тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тілдің əлеуметтік мəні мен қызметі. Стилистикалық талдау əдістерінің негізі қалауына осыған байланысты жазыдған В. Гумбольдт, А.А. Потебня, Ф. Де Сюссор, Б. Д. Куртэнэ, М. М. Бахтин т.б. еңбектерінің ықпалы болды. Əлемдік тіл білімінде, орыс тіл стилистикасы ғылыми тұрғыдан зерттеледі.
Еліміздің егемендік алуы жəне тіл заңының шығуы қазақ тілі функциональдық, ресурстар стилистикасын зерттеу бағыттарын жаңа мазмұнда қайта қарауға тікелей ықпал етті.
Стилистика ( лингвистикалық стилиика, лингвостилистика, жалпы стилистика) – тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тəсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдауын, қатысымдық əрекетінің функциясын атқарады.Тəсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді. Стилистика түрлі қоғамдық салаларда тілдік амал- тəсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті- прогматикалық, эстетикалық қызметті оқып үйретеді. Стилистика көптеген ғылыми- практикалық проблемаларды қамтиды. Ол тілдегі стилистикалық амал- тəсілдерді ғана қарастырмайды, стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, сондай- ақ ұлттық əдеби тілдің нормасын сақтап, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылымы стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін өзіне тірек ете отырып, теориялық проблемаларын шешіп береді.
Стилистика ғылымының зерттейтіні – стиль. Стильдің мəселелері мағынасы "ағаш қалақша" сондай- ақ, стиль "адам мен мəдениет" ғылымына да жататды, "стиль- адам" (Бюффон), ендеше стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуы тікелей адамға қатысты. Сондықтан стилистика көп аспектілі ғылым саласы ретінде қарастырылады.
Қазіргі стилистика ғылымының проблемалары, өте кең тілдік пəндері кешенді түрде зерттелуді қажет етеді. Тілдік бірліктерді пайдаланудың тəсілдеріне үйретеді əрі стилистикалық тəсілдер коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негізгі меже етіп алады. Адамдық фактордың сөзді саналы түрде ұйымдастыруын есепке алып отырады, тілдік емес ситуациялар мен контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мəтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Стилистика ғылымының теориялық негізгі басты тұжырымдарын былай саралауға болады:
- стилистика тіл ғылымының барлық саласын қамтиды;
- стилистика прагматиканың отралық категориясына жататын прагматикалық факторды толық есепке алып отырады;
- стилистикада тілдік емес ғылымдардың тиімді жақтарын өзіне толық байланыстырып отырады;
- стилистикалық ұғымдар мен категориялардың басты қызметі стилистикалық мүмкіндіктерді толық жүзеге асыра алады;
- стилистикалық амал- тəсілдер стилистикалық норманы қалыптастырады;
Стилистика – тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ғана ретке келтіріп қоймайды, прагматикалық əлеуметтік ықпалы ерекше стилисикалық əсер ететін тілдік бірліктердің қызметін толық есепке ала отырып, оны жүзеге асырушы экстралингвистикалық жəне толық факторлармен бірлесіп стилистикалық мүмкіндіктерді қарастыратын тіл ғылымының күрделі саласы.
Қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі өте маңызды орын алады. Олардың қатарына ортостилистика, функциональдық стилистика, көркемдік тəсілдерін стилистикасы, прогматикасы жатады.
Жалпы тіл ғылымында стилистиканың даму бағыттарының жоғарыдай түрлерінің пайда болуы, стилистика мəселесінің өте күрделі ғылым саласы екенін көрсетеді.
Қазіргі жалпы қазақ стилистикасының көкейтесті мəселелері мынадай:
- қазақ əдеби тіл тарихындағы стильдердің пайда болуын қайта қарау;
- көркем əдебиет лингивистикалық поэтикамен байланыстыра зерттеу;
-мəтін стилистикасының өзіндік құрылымы мен жүйесінің мəселелерін айқындау;
- сөз, сөз жанрларының, сөйлеу актілеріндегі құрылымының стилистикалық жетістіктері мен тиімділігін прагматикамен бірге қарау;
- стилистикалық, коннотация, стилистикалық катергория, стилистикалық норма жəне оның статусын көтерудегі прагматиканың рөлін анықтау жəне т.б.
- стиль түзуші тілдік емес факторларды ғылыми тұрғыдан саралау
(паралингвистика, прагматикалық фактор, ойлау стилі жəне т.б.)
Стилистиканың мəн-мазмұны мен тілдік функциональдық аспектісі динамикалы болып келеді, стиль өзінің табиғаты жағынан динамикалы жəне функциональды құбылыс ретінде танылады. Қазіргі көптеген лингвистикалық зерттеу нысандары бола алатын өзінің жанашылдығымен ерекше көзге түсетін прагматика мəселесі стилистика ғылымында ғана өзінің көп астектілік рөлін жан - жақты көрсете алады. Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар: бірі - стилистиканың орталық бағыты функциональдық стилистика. Функциональдық стилистика қоғамның əр алуан саласында тілдің қолданысқа түсу заңдылықтары əрі сөздің базалық, экстралингвистикалық жəне стиль құраушы факторлардың ықпалынан пайда болған. Функциональдық стилистика қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады. Стилистиканың негізгі бағыттарының бір - ресурстар стилистикасы.
Тіл ресурстары стилистикасы тіл стилистикасы деп те аталынады. Тіл ресурстарстилистикасы сөздердің мəтіннен тысқары күйіндегі қызметін айқындайды.
Стиль тарихи категория болғандықтан, даму эволюциясы уақыт өткен сайын күрделене түсетіндіктен, даму бағыттары да көбейді. Стилистика зерттеу нысандарының ауқымына, көлеміне байланысты жалпы стилистика, салыстырмалы-салғастырмалы стилистика, ішінара стилистика, дара стилистика деп аталады.
Жалпы стилистиканың айналасында жоғарыдағы төрт бағыттан басқа кіші- гірім акспектіде қаралатын бағыттары бар. Олардың қатарына жататындар: тарихи стилистика, салыстырмалы стилистика, қолдау стилистикасы, декодтар стилистикасы, экспрессивті стилистика.
Жалпы тіл ғылымында тарихи стилистика өте аз зерттелген (орыс тіл ғылымында да осындай көзқарастар кездеседі). Қазақ тіл ғылымында қазақ əдеби тіл тарихына байланысты зерттелген Р.Сыздықова, Б.Əбілқасымов, С.Исаев т.б. еңбектерін атауға болады.
Тарихи стилистика функциональдық стильдердің пайда болуын қарастырады, яғни ұлттық əдеби тілдегі стилистиканың əдіс-тəсілдер, қазақ əдеби тілі тарихындағы функциональдық стильдердің алатын орны, əдеби тілдің даму тарихындағы функциональдық стильдердің рөлі мен маңызы сөз болады.
Тарихи стилистика диахронды зерттеулер негізінде стильдің даму тарихын, олардың пайда болу, қалыптасу дəуірін толық басшылыққа ала отырып, зерттеуді мақсат етеді. Диахронды аспектіде зерттеулер қазақ тілі стилистикасында əлі зерттеу нысанына толық іліккен жоқ. Қазақ стилистикасы үшін бұл əлі күрделі мəселе болып қалып отыр.
Кез келген ғылым саласы үшін диахрондық аспектіде зерттеу тарихи тұрғыдан сол ғылым саласы үшін өте қажет. Ал, қазіргі уақытта қазақ тілі үшін пайдалы нəтиже бере алатын ғылымның бар мүмкіндік тұғырын айқындайтын, прагматикалық мақсат көздейтін синхрондық сипаттағы стилистика мəселесі маңызды орынға ие болып отыр.
Қазіргі қазақ стилистикасын жалпы прагматикалық аспектіде тұтастай зерттеуге мүмкіндік беретін синхронды стилистика жетекші рөл атқарып отыр. Функциональдық стилистика өзі іштей жіктеледі, көркем əдебиет стилі - оның бір тармағы.
Көркем əдебиет стилі- стилистикада əдеби шығарманың көркемдік формасын құрайтын ерекше стиль түрі. Көркем əдебиет стилінің сыртқы құрылымдық жағы туралы əдебиетшілер мен тілшілер арасында ортақ пікірлер бар, сондай-ақ тілдік - стильдік тұрғыдан бөлектенетін тұстарыда кездеседі. Көркем əдебиет тіл аясынын негізін құрайды. Жалпы алғанда олардың арақатынасы ортақ болғанмен соған қарамастан "көркем əдебиет тілі" бір- біріне ұқсас емес. Көркем əдебиет стилі өзінің əдеби тілмен ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективті шындығын еш уақытта жоғалтпайды, керісінше қазақ ұлттық əдеби тілінің тілдік-стильдік ерекшеліктерін көркем əдебиет стилінде көрсетіліп отырады.
Көркем əдебиет стиліне əдеби тілдің нормасы да кіреді, сондықтан көркем əдебиет тілі арқылы əдеби тілге қатысты ізденістен көркемдік- эстетикалық топпен бірге стилистикалық категориялары өрбіп шығады.
Көркем əдебиет стилі тек коммуникативтік қана емес, эстетикалық функцияны да қоса атқарады, сондықтан оның да бойынан зерттеулер барысында əр түрлі ішкі, сыртқы құрылымдық өзгерістер, тіл мен ойлаудың танымдық қағидалары, ойлау процесінен пайымдау, талдау, көркемдеу сияқты əдіс-тəсілдер шығып отырады. Кейбір зерттеушілер оны функциональды стиль түріне қоспайды, көп қырлы стиль түрі деп бөліп алып зерттеу керектігін де айтады.
Көркем əдебиет стилі жалпы əдеби тілдің ұлттық нормаларына, көркем сөздің нормаларына иек артады. Жалпы халықтық тілден, ауызша əдеби тілінен, ауызекі сөйлеу тілінен, ұлттық əдеби тілден негізі қаланған көркем əдебиет стилі өзінің көркемдік, құрылымдық, эстетикалық өрісін беруде өзгеше стильдік мəнер түзе алады.
Көркем əдебиет стилі əдеби тіл тарихымен, əдеби тілдің даму тарихымен, жеке дара авторлық стиль мен "автор бейнесі" тағы басқа тілдік- құрылымдық жүйесімен ерекшеленеді.
"Автор бейнесі" категориясы жазушының əдеби тілге қарым қатынасына, өз дəуірінің ұлттық тілін бағалау, қасиетіне, оны пайдалану əдіс - тəсіліне, поэтикалық сөз өрнектерін қолдану мен жұмсау қабілетіне де тікелей байланысты.
Стилистиканың бағыттарының қатарына автор мен қабылдаушының арасындағы кодтау жəне декодтау стилистикасы жатады.
Кодтау стилистикасы – қолданыс тіліне қатысушылардың қызметіне қарай тілді айтушы не жазушының стилистикасы. Бұл негізінен зерттеушінің назары туынды авторының шығармашылық стиліне басқа көңіл аударуды қажет етеді. Кодтау стилистикасы информация теориясын пайдаланады: автор өзін қоршаған ортадан өзіне керекті ақпарат көздерін алады, осы ақпаратты өңдеп, тыңнан жасап, оқырманның сезіміне, еркіне əсер етуді мақсат етеді. Кодтау стилистикасына қарама-қарсы қойылатын декодтау стилистикасы.
Декодтау стилистикасы- қабылдаушының (тыңдарманның, оқырманның) стилистикасы. Декодтау стилистикасы мəтінді түсіндірудің теориялық базасы болып табылады. Қабылдаушы немесе тыңдарман қабылдаған мəтіндегі фонетикалық, құрылымдық, семантикалық тілдік бірліктердің қабылдаушы сөз етуін анықтау болып саналады.
Декодтау стилистикасында шығарманың контексіндегі коннотациялық мағынаға баса назар аудару, фонетикалық, грамматикалық тілдік бірліктердің көркемдік күшінің жеткіліктілігін көрсету, сондай-ақ, қолданыс тіліне қатынасушылардың əр түрлі қарым-қатынасы мен мəтіндегі сезім, ой бірлігінің қызметін анықтау мəселесі көтеріледі.
Дара стилистика – автордың, не жеке шығарманың немесе бір жанрдың стилистикасын зерттеу нысаны. Дара стиль жеке адамның ақыл - ойын бірінші кезекке қояды, сондай-ақ жазушының, ғалымның, журналистің, деректі сөйлеушінің, адамның, жеке тұлғаның стилі. Дара стиль кең мағынасында танымдық- стильдік, аналитикалық - синтездік іс-əрекет қызметі болып табылады. Бұнда ғылыми еңбек авторының термин жасам ұстанымы мен таза ғылыми стиль нысандары əлдеқайда тереңдеп жан - жақты көп мағыналы сипатқа ауысады. Автор ғылыми атау жасауда сөз ұғымның басты белгілерін басқаша танымдық дəрежеден де тереңдетіп көрсетуге тырысады. Автор дара стильдің прагматикалық аспектісіне жету үшін еңбегін, шығармашылық қабілетін концетуальды энциклопедиялық маштабта көрсете білуі керек.
Қазіргі уақытта ресми стиль, шешендік стиль ерекше даму үстінде, сол сияқты үлкенді - кішілі стильдер де жеке, дара стиль бағытына жатады.
Стилистиканың ерекше қызғылықты бағытының бірі – безендіруші стилистикасы.
Безендіруші стилистикасы – тілдегі экспрессивті əдіс-тəсілдерді оқып үйретеді. Қазіргі стилистикада көріктеу, шеберлік тəсілдері көркем əдебиет стиліне ғана тəн деп қарауға болмайды, ол барлық стиль түрлерінде коммуникативті- прагматикалық мақсатпен жүзеге асатын шеберлік тəсілдері безендіруші стилистикада жан - жақты көрініс табады. Безендіруші стилистикасы - тілдегі экспрессивті əдіс - тəсілдерді оқып үйретеді. Қазіргі стилистикада көріктеу, шеберлік тəсілдері көркем əдебиет стиліне ғана тəн деп қарауға болмайды, ол барлық стиль түрлерінде коммуникативті- прагматикалық мақсатпен жүзеге асатын шеберлік тəсілдері безендіруші стилистикада жан - жақты көрініс табады. Безендіруші стилистикасының зерттейтін мəселелері: тілдік бірліктердің безендіруші тапсырмаларының сапалық жəне тиімділік қасиеттерін əр түрлі стилистикалық амалдардың көмегімен анықтау. Олар: стилистикалық мағына, стилистикалық тəсіл, стилистикалық амал, стилистикалық тапсырма.
Стилистикалық мағына қазіргі уақытта стилистикалық коннотация деген терминмен аталып жүр. Қазақ тіл бөлімінде стилистикаға байланысты еңбектерде де жан-жақты талданған, кейде мəдени коннотация ұғымымен қатар айтылады, сондықтан лингвомəдениеттану бағытында қарастырылып жүр. Стилистикалық мағына қолданыс тіліндегі денотативті немесе бейнелі уəжді аспектілерінің интерпретациясы мағынасында жұмсалынады.
Қазақ əдеби ұлттық тілінде образды ассоциативті стилистикалық коннотациялар өте көп, ол ауызекі сөйлеу стилінде, көркем əдебиет тілінде молынан ұшырасып отырады. Мысалы, шегірткенің айғырындай, көздің құрты деген тілдік бірліктер осынын айғағы.
Қазіргі уақытта тілдің ауыспалы мағынасынан туындаған стилистикалық коннотациялар жеке зерттеу салаларына айналып кетті. Ол негізінен стилистикалық мағына терминінен таралған. Тілдің номитативті жүйесі, əлеуеттігі ұлттық əдеби тілдің байлық қорынан алына отырып стилистикалық мағына кез - келген қолданыс тілінде коннотация тудыратын образды бейнелі сөзге айналады.
Стилистикалық тəсілдер деп стильдерді құрастырушының əр түрлі тілдік бірліктерді қолдану амал - тəсілдерді айтады. Олар: топтың түрлерді, стилистикалық фигуралар, стиль құрудың стратегиясымен тактикасы. Тілдік бірліктердің дəстүрлі стилистикалық тəсілдері контексттен тыс стилистикалық коннотациялардың негізгі жүйесін құрай отырып, оның тұтас көркемдік сапасын жасайды. Қолданыс тілінің аясында тілдік бірліктердің анық, көркем, бейнелі шығуына стилистикалық мағына үлкен ықпал етеді. В.Г.Винокур бұл безендіруші стилистиканың негізгі базасын құрайтын атауларды "узуальды - стильді комплекс" деп аталған, мəтінде коммуникативтік актінің құрылымдық - стильдік базасын толық қалыптастырады.
Безендіруші стилистикасының енді бір негізін құрайтын белгісі- стилистикалық тапсырма. Стилистикалық тапсырма сөйлеушінің арнайы ойлап тапқан көркемдік, экспресивтік айту мəнері, адресаттың қабылдануына арнайы стилистикалық тиімді əсер қалдыру үшін қолданылады. Стилистикалық тапсырма айтушы хабарлы экспрессивті мағлұматын көрсете алады. Сөйлеу актілерінің стилистикалық құрылымдағы екінші (жанама) компоненттер сапасы ретінде көрінеді.
Стилистикалық тапсырма, стилистикалық мағына, стилистикалық тиімділік сияқты экспрессивті тілдік бірліктер өзара тығыз қарым-қатынаста бола отырып, жалпы узуальды стильдік комплекс терминдерінің мəн-мағынасын толық жеткізе алады, сондықтан мəтінде коммуникативті актінің құрылымдық- стильдік базасын толық қалыптастырады.
Стильді топтастыруда тек тілдік элементтердің экспрессиялығын негізге алу, яғни эскпрессиялық принцип негізінде стильдерді бөлу ғылыми жағынан дəлелсіз екені соңғы зерттеулерде айқын көрсетіліп жүр, соған орай батыс, орыс тіл бөлімінде когнитивті лингвистика мəселесі сөз болды.
Стилистика ғылымының даму тарихында басқа ғылымдар сияқты көршілес пəндермен арақатынасы ұлғайды. Жалпы тіл ғылымдарында XX ғасырдың ІІ жартысынан бастап гуманитарлық ғылымдар саласында прагматика мəселесі орнықты, қарым- қатынас процесіндегі тілдің функциясының граматиканың белсенді қызметі сөйлеу əрекетіндегі күрделі проблемаға ғалымдар назар аудара бастады.
Шетел ғалымдарында сөз жəне оның мағынасымен тілді меңгеру контекстке əлеуметтік ситуацияға қатысты екені жария бола бастады. XX ғасырдың соңғы шегіне қарай адамның танымдық іс - əрекеті мен жан - жақты зерттеу көптеген ғылымның мəселесіне айналып өзіндік зерттеу нысанына ілікті, сөйтіп бір - бірімен шектес ғылымдар саласы зерттеліне бастады. Сондай ғылымның бірі - когнитивті ғылым саласы. Тіл ғылымының қазіргі кезіңдегі дамуы анпропоцентрикалық бағытпен зерттеулерге алып келеді. Осы зерттеулердің нəтижесінде стиль антпропоцентриалдық категория ретінде қарастырыла бастады. Когнитивті лингвистика адамының ой - сана, ақыл- ой əлеуметтік тəжірбиелік қызметімен байланысты қарастыру мəселесін көтерді.
Адамды тіл арқылы, тіл арқылы адамды зерттеу мəселесін шешуде стилистиканың зерттеу нысаны болады. Адам өзінің ғылыми, мəдени, əлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғымдар (концепт) əлемін жасау үшін ақпараттарды тілдік арнадан алады. Адамның ақыл - ойын, көзқарасының, дүниені танып білуінің жиынтығы философиядағы сана, психиологиядағы сезім, когнитологиядағы таным арқылы қарастырылады. Сана, сезім, таныс белгілі таңбалар арқылы айтушымен қабылдаушының өзара əрекеттестігінде белгілі кеңістікке тарайды. Осы кеңістіктегі барлық құбылысқа "ой салып, түрткі болып оятатын" таңбаның əрекеті. Олар функциональдық стиль өрісінде қолданыс табады да өз нəтижесін беріп отырады. Кешенді əдістермен когнитивтік процестерді зерттеу мəселесі мына төмендегі талаптарды қажет етеді:
- когнитивтік қабілеттілік;
- қабылдау, меңгеру;
- мəселені шеше білу;
- елестету;
- тапқырлық жəне т.б.
Сөз мағынасымен ұғымға тəн мəселелерді анықтау адам ойы, таным, қиял шақыртау деңгейімен байланысты екенін қазіргі когнитивті лингвистика десе стилистика оны танымдық - көркемдік тұрғыдан əсірелеп жеткізе білуді көрсетеді.
Когнитивтік лингвистика адамның ұғымдық, сезімдік əрекетімен сана əрекетінің ұшқыр жетілген процесін тіл арқылы көрсете біліп, үйретуді негізгі мақсат етеді.
Сөйлеу актілеріндегі тіл мен ойлау, тіл мен рух, тілдік бейнелеу жəне таңба сабақтастығында үлкен мəн - мағына жатқандығына ғалымдар ерекше назар аударады, оны жүйелі түрде зерттеу керек болады. Тілдің қызметімен қолданысы туралы ғылыми тұжырыммен нақты ойлау процесінің кешенді зерттеулер тууына осындай ғылыми ойлар себеп болған еді. Ол – В.Гумбольдт есімімен тығыз байланысты. Ойлау материясының элементтерінің күрделі құрылымдық негізі – тіл ойлау стилі арқылы жүзеге асатынына үлкен ықпал етті.
Стилистика ғылымының аясының кеңейуіне сөйлеу актілерінің теориясымен прагматиканың дамуы үлкен ықпал етті. Яғни тілді оқып үйрену оның классикалық тілдің құрылымдық зерттеу аспектілерінің аясынан шығып кетті. Адамның тілді пайдалану мəселесі психология, логика, когнитивті лингвистика, əлеуметтану, лингвомəдениеттану т.б. көптеген салаларда кеңінен қарастырыла бастады.
Тілді оқып- үйренудің көп аспектілі зерттеу мəселелері əр түрлі ғылыми жаңа бағыттардың пайда болуының негізгі феноменіне айналды. Мысалы, когнитивті ғылым – адамның танымдық қабілетінен туындайтын мағына қалыптастыру оны қолданыс тілінде орнықтыру ғана емес деп санайды, адамның тілді еркін меңгеруі, шығармашылық түрде қолданылуы ойлау стилі мен жеке стильді қалыптастыруға көмектеседі.
Зерттеуші ғалымдар когнитивті ғылым терминінің метофоралық атаумен ғылымның "қолшатыр" деп есептейді. Жоғарыда айтқандай, онда когнитивті аспектілер əр түрлі деңгейде қарастырылады: білім, таным, хабарлау, адам миы, сана, ақыл- ой осылардың барлығы түйіскенде ғана бірнеше ғылыми бағыттар шығады. Осы бағыттардың барлығы қазіргі гуманитарлық ғалымдардың сипатына тəн қасиет болып келеді. Бұл қасиеттер лингвистикаға, сонын бір саласы стилистикаға қатысты екені дау тудырмайды.
Стилистиканың даму бағыттарының пайда болуына гносеология саласы ықпал етті. Гноселогия - білім, логика, таным мəселелерінің жиынтығын қарастыратын философияның бір бөлімі. Адамның əлемді тану мүмкіндіктерінің заңдылықтарының жəне шындық, көзін жеткізу танымынын критерийлерін оқып үйретеді. Адам сөзін ақиқатпен жалғанға құруы белгілі прагматикалық мақсатын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Стилистиканы жеке пəн ретінде қалыптастыруда В.В. Виноградов, Т. О. Винокур, Б.Гавренке, В.Мукаржовский, К.Гаузенбластын т.б.ғылыми тұжырымдары 60- жылдардағы функциональдық стилистиканы жеке ғылым ретінде қарастырады, 70 – 80 – жылдары мəтін стилистикасын онын жеке бір тармағы ретінде зерттей бастады. Стилистика аясы бір тұтас күрделі объектіні зерттеуге, онын түрлерінің жəне жаңа бағыттарының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Тілді оқып - үйрену көп аспектілері зерттеулерді қажет етеді, себебі онын осы феноменінің табиғатына тікелей себепші бола алады. Стилистика ғылымы лингвистика ғылымының шеңберінен шығып кетті.
Стиль құраушымен сөз бірлігі былайша қорытындыланады: ақыл- ой, ой- сана ең күрделі нысаны, оны оқып үйрену, меңгеру бір ғылым саласымен шектесе алмайтындығын дəл көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет