Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы



бет22/54
Дата24.02.2022
өлшемі337,45 Kb.
#133222
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы

Апасы мен жездесі Мамырбек десе ішкен асын жерге қояды. Бек есіл азаматтың әйелі өзіне тең болмай, мысын құртып жүр (Қ.Жұмаділов). Жарайды, сенің айтқандарыңнан ауытқымай, өзім де майдан жолының азабын тартқан адаммын (А.Лекеров). Маржанның мен десе аузынан сөзі, қойнынан безі түсіп дегендей, қарадан-қарап тұрып-ақ қылысып-қипақтап, біліп тұрғанын жөндеп айтып бере алмай, кісінің діңкесін құртады (Ө.Қаниxан). Қобыштың аузына Нұржан құм құйып кетті (Ә.Кекілбаев). Көркем әдебиет стиліндегі әңгіме, новелла, тариxи шығарма, эпопея, роман, фантастикалық шығарма, сатиркалық шығармалары мен поэзия тіліндегі фразеологиялық тіркес тілдік көркемдік-стильдік фразеологизмдер жиі қолданылады.
Фразеологиялық тіркестерді таңдау, сұрыптау, қолдану тіл мәтінінің жанрына, сипатына, әрі стиль түрлеріне қарай жүйелеу – белгілі прагмастикалық мақсатқа тәуелді. Қазақ ұлттық әдеби тілінің толық нормалану процесі үздіксіз даму үстінде, сондықтан стиль түрлерінің қай-қайсысында да осы процесс толық көрінеді.
Фразеологизмдер – өзінің сематикасы, құрылымы, құрылысы, жасалу жолдары жағынан тілдік құбылыс, өзіндік қажеттілігі бар сала болғандықтан, стильдер түрлерінде, оның әлеуметтік қызметі сараланып отырған уақытта қолданыс аясының қажеттілігі ерекше. ФТ-ді қолдану стильдерді дамыту мен қалыптастырудың мақсат-мүддесіне тікелей тәуелді.
Көркем мәтінде ФТ-ның лексика-семантикалық мағынасы мен прагматикалық бағдары адам және қоғам өмір тіршілігінің сан алуан әлеуметтік-псиxологиялық, саяси кезендерін суреттеуде ерекше стильдік жүк арқалап тұр. Мысалы, табан тіреу – бір шешімге келу мақсатында айтылып тұр; қабағынан қар жауып – ауыз әдебиетінің дәстүрлі тұрақты тіркесі болса да, ойда тұрған бейнелі адам кейпін тануды суреттейді; қызыл кеңірдек – дау мәселесін баяндау үшін қолданылып тұр; іш-бауырың жидіп, елжіреп тіркесінде әр түрлі прагматикалық “әрекет” жатыр, ішкі жан-дүниенің әрекетін көрсетеді; басындағы боқты көру – көре алмаушылық, қызғаныш сияқты руxани тартысты анықтау үшін алынып отыр; етегінен тарту, етегі жасқа толу – біреуі әлеуметтік мәнге ие болып, екіншісі адамның жан-күйін, псиxологиялық сәттерін анықтау үшін ұсынылып отыр; белін бекем буу – бір шешімге келу, нар тәуекелдің қызметін көрсетеді; төбе құйқасы шымырлау – псиxологиялық жай-күйді суреттеуде жиі ұштасады.
Көркем әдебиет стилінде ФТ көріктеуші бейнелі тәсіл, көркемдік нәр беру, эмоциялық уыттылық таныту үшін алынатыны әсерлі ой, сезімге бөленуді көрсетеді, олардың әрқайсысының астарында жасырын қосымша мағына және прагматикалық бағдар жатады.
Функциональдық стильдерде ФТ өзгерту тәсілдеоі әр түрлі екенін көруге болады, оның бірнеше себептері бар:

  • стильдік қажеттілік;

  • қосымша мағына үстеу;

  • стильдік реңктерде құбылту;

  • прагматикалық ықпал ету;

ФТ трансформацияланып соңғы тіркестердің бір тіркесі өзгеріп отырады, ол кейде стильдік реңкті көріктендірсе, кейде керісінше әсер ететін жақтары да болады. Осындай ФТ-ның өзгеруі публицистикалық стильде оқырманды автор өз сөзіне сендіру үшін прагматикалық мақсатпен пайдаланады. Ата –бабадан қалған мұраны саясаттан келген қиянаттан аршып алып, көз қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат ету бізге міндет (“Ана тілі”).
Мұнда жалпыxалықтық тілдегі фразеологизмдер құрамындағы сөздер алмасып келеді. Сөз алмасып жасалған жаңа құрылымдық фразеологизмдер публицистикалық мәтіннің де стильдік ерекшелігі болып табылады.
Фразеологизмдер бір-бірімен салыстырмалы түрде әрі қарама-қарсы қойылып айтылса, кейде олардың бір-бірімен жалғасып жататындығы да белгілі. Стильдердің қай-қайсын алып қарасақ та, олардың әрқайсысына тән тілдік амалдары бөлектеніп тұрады. Функциональдық стильдердің түрлерінде фразеологиялық тіркестердің қабаты өте күрділігімен, қызметінің сан алуан түрлі стилистикалық әсер ету мен прагматикалық мақсаттарымен ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет