Д. Б. Абулкасова (қолы) (аты-жөні)


ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ КОНСПЕКТІСІ



бет46/93
Дата05.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#16438
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   93
5. ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ КОНСПЕКТІСІ.


1 апта.
Дәріс №1
Тақырып: І д.ж. соғыс жылдарындағы Азия және Африка елдері.
Дәрістің мақсаты: І д.ж. соғыстан кейінгі Азия және Африка елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Тірек сөздер: І д.ж. соғыс, отарлық әлем, Шығыс елдері.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

  1. І д.ж. соғыс және отарлық әлем.

  2. І д.ж. соғыс жылдарындағы Шығыс елдерінің экономикалық және саяси жағдайы.

  3. І д.ж. соғыстың қорытындылары.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Азия және Африка елдерінің дамуына үлкен ықпал етті. Бұл соғыс оларды халықаралық саясатқа аралыстырып, барлық қарама-қайшылықтарды одан әрі шиеленістіріп, ұлт-азаттық күрестердің жаңадан өрлеуі үшін алғышарттар жасайды. І д.ж. соғыс қару-жарақты, азық-түлікті, киім-кешекті, түрлі шикізат көздерін үлкен мөлшерде қажет етті. Осыған байланысты материалдық құндылықтарды тасымалдау және езілуші елдерді экономикалық қанау өсті. Отаршыл державалар өздерінің қаржы қиыншылықтарын отарлар есебінен шешіп отырды. Соғыс жылдарында барлық отарлық әлем елдерінде қымбатшылық басталады. Онсыз да азғантай мөлшердегі жұмысшылардың еңбекақысы күрт төмендеді. Соғыстың төрт жылында Франция өз отарларынан 1,4 млн.-ға жуық, Англия - 4,5, млн-нан астам адамды мобилизациялады. Европада басталған соғыс өзінің аумағына барлық отаршыл Шығысты тартты. Соғыс қимылдары тек Таяу Шығыс елдерін ғана қамтығанымен, соғыс барлық отаршыл әлемнің дамуын анықтап берді. Отар және тәуелді елдерге метрополиядан әкелінетін өнеркәсіп тауарларының енуі қысқарды. Бұл олардың ұлттық өнеркәсібінің дамуына мүмкідік берді. Әсірісе Үндістанда, Қытайда, Египетте, Кореяда өнеркәсіп тауарларының енуі қысқарады.
Соғыс отарлар мен тәуелді елдердің ауыл шаруашылығына үлкен шығын алып келді. Кейбір елдерде ауыл шаруашылық өнімдері арзан бағамен сатылды. Соғыстың аяғында егістік жерлердің көлемі күрт азайып, мал басы саны қысқарды. Соғыс ұлт-азаттық күрестің жаңадан өрлеуі үшін алғышарт қалыптастырды.
Сонымен, Шығыс елдері үшін І дүниежүзілік соғыстың басты және шешуші маңызы - ұлттық капитализм дамуға мүмкіндік алды; жергілікті ірі жеке шаруашылық кеңейді және нығайды; шаруалардың жіктелуі, пролетариат пен буржуазияның қалыптасуы жылдамдады. Соғыс жылдарында отаршылдармен тығыз байланысты феодалдар мен жартылай феодалдардың, компрадорлық буржуазияның үлкен бөлігі соғыс кезіндегі қиындықтарға шыдамай кедейленді. Ірі ұлттық буржуазия өз позициясын нығайтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет