Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Эрхард Эзердің фазалық өту теориясы



Pdf көрінісі
бет34/122
Дата12.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#67408
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   122
Байланысты:
toymataev
toymataev
Эрхард Эзердің фазалық өту теориясы.
Алғашқы  қарастырылған  ғылым  даму  теориялары  ХХ  ғ. қалыптасқан.
Қазіргі  австриялық  философтың, Вена  университетінің  профессоры  Эрхард
Эзердің «Теорияның  динамикасы  жəне  фазалық  өтулер» атты  шығармасында
қызықты  тұжырымдама  ұсынылған. Эзердің  пікірінше, əртүрлі  философиялық
бағыттардың (кумулятивизм) релятивизм, интернализм (экстернализм),
революциялық  немесе  эволюциялық  ғылымның  даму  модельдерінің  арасында
фундаменталды  бірлік  бар: Кун, Тулмин  жəне  Поппердің  түсініктерімен
Дарвиндік  эволюциялық  теориясына  аналогия  жасайды. Ғылым  теориясында,
психологиясында, əлеуметтанудағы  позицияларды  əр  түрлі  терминологиясына
қарамай  бəріне  ортақ  əмбебап  эволюциялық  теорияға  келтіруге  болады.
Ғылымның  тарихында  жаңаның  пайда  болу  мəселесі - ұғымдық  өзгеріс -
«парадигманың ауысуы» деген ұғымды «жаңа фазаға өту» ұғымына ауыстыру.
Осымен  Кунның  шектелген  теориялардың  динамикасының  өзгеруін  зерттеуді
ғылымның  динамикасының  жалпы  зерттеуіне  айналдыруға  болады. Эзер
ғылымның  тарихына  назар  аударып, ғылым  құтаю  механизмның  екінші
реттілігі, себебі, тəжірибелік  ғылыми  конструктілер, яғни, гипотезалар,
теориялар  практикада  қолданған  соң, олардың  арасынан  ең  лайық, бəрін
түсіндіріп, болжау жасайтынды қолданады.
Осындай  эволюциялық  модельдің  шеңберінде  ғылымда  жаңалықтың
пайда болуына жауап беруге болады. Фактілер, гипотезалар, теориялар немесе
əдістер, қайсысы бірінші пайда болады? Осының бəрі бір-бірімен байланысты,
яғни, дүниеде  жаңаның  пайда  болуына  əр-түрлі  бір-бірімен  функционалды
байланыста  болған  мүмкіндіктер  ықпал  етсе, сонда  бір  фазадан  екіншіге  өту,
оның біреуі  ғана «парадигманың ауысуы» деп  аталады. Содан  кейін, ғылымда


79
бақылаудан өткен «фазалық өтулер» типологиясы беріледі.
Мысалы, ғылымның теориялыққа дейін кезеңінен бірінші теорияға кешу:
Вавилон  астрономиясынан  Птолемейдің  геоцентрлік  жүйесіне; осы  өту
эволюциялық  секірісті  білдіреді: таза  энумеративті  индукция  мен
экстраполяциядан  эвристикалық  индукцияға  көшу  жəне  теорияны  шығаруға.
Осындай фазалық өтуде жиналған материал жоғалмайды.
Бір  теориядан  басқа (альтернативті) теорияға  көшу; ғылыми  революция
немесе  парадигманың  ауысуы. Мысалы: Аристотельдің  физикасынан
Галилейдің  механикасына  көшу. Бірінші  мысалға  қарағанда, парадигманың
ауысуы  сонша  маңызды  емес, себебі  бəрі  сол  ғылыми  методологияның  даму
деңгейінде  өтеді. Теорияның  құрылымы  өзгермейді, ал  мазмұны  өзгереді.
Біздің  жылдамдатылған  қызметіміз  ғылыми  теорияның  осындай  жаңа
құрастыруын қарапайым жұмысқа айналдырды.
Екі  өзгеше  пайда  болған, қатарлас  нақты  теориялардың  бір  əмбебап
теорияға өтуі (интеграция теориясы). Мысалы: Галилейдің жер механикасынан
Кеплердің  аспан  механикасына  жəне  Ньютонның  универсалды  механикасына
өту. Осы фазалық өту əлі əйгілі жəне қайталанбас түріне жатады.
Көрнекі, сезімге  бейімделген  теориядан  абстрактілі  көрнекі  емеске  өту,
негізгі  ұғымдарды  тоталдық  түрде  ауыстыру. Мысалы: Ньютонның
классикалық  механикасынан  Эйнштейннің  ықтималдық  теориясына  өту. Бұл
өту  маңызды, себебі, ғылым  əдісінде  ең  маңызды  жаңа  эволюциялық  қадам
жасалған. Ол  теорияның  индуктивті-конструктивті  құрылымынан  олардың
өзіндік  дамуына  əкеледі. Сонымен, бақылау  танымның  жалғыз  ақиқат  белгісі
болудан  айырылып, қазір  тек  теорияның  шеңберінде  бақылаудың  ақиқатын
анықтаймыз.
Ғылым  тарихы  құрылымының  дамуын  революция  немесе  эволюция  деп,
қалай  түсінуге  болады  деген  сұраққа  Эзер  былай  жауап  береді: «Үзілмес
процестің  нəтижесінде  жаңа  пайда  болмайды. Жаңа  тек  үзілістің  салдары.
Сонымен  қатар, ғылымда  ешқандай  күтпеген  жəне  байқаусыз  фазалық  өтулер
жоқ деу дұрыс емес. Поппер теориясының интегративті өсу деген анықтамасы
бойынша, осындай  өту  əрқашанда  екі  өзгеше  теориялар  бір-біріне  интеграция
(шоғырлану) жасағанда болады.
Сөйтіп, ғылыми  білімнің  дамуы  революциялық  емес, үстемді
эволюциялық  жолмен  болады, бірақ, ол  эволюция «квазиреволюция» арқылы
болады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет