Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Ғылымның  философиялық  негіздері



Pdf көрінісі
бет94/122
Дата12.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#67408
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   122
Байланысты:
toymataev
toymataev
Ғылымның  философиялық  негіздері - ғылымда  когнитивтік  нақты,
адамзат  қызметі, өзгеше  əлеуметтік  институт  ретінде  ғылыми  теорияларды,
ғылыми  бағдарламалар  мен  ғылыми  бағыттарды  дəлелдеу  үшін  ғалымдармен
қолданылатын  философияның  көптүрлі  онтологиялық, гносеологиялық,
методологиялық, логикалық, аксиологиялық ұғымдары мен ережелері.
Ғылымның  философиялық  мəселелері - философиялық  жəне  тұтас,
нақты  ғылымдар  мен  ғылыми  теориялардың  негіздеріне  қатысты  мəселе;
логикалық, математикалық, табиғаттану, инженерлік-техникалық, əлеуметтік
пен  гуманитарлық  ғылыми  пəндердің  фундаменталды  теорияларының
мағынасына философиялық талдау беру мəселелері. Ғылымның философиялық
мəселелерінің мысалдары:
1. Математикалық білімнің табиғаты қандай?
2. Ықтималды 
жəне 
кванттық 
механиканың 
теорияларының
философиялық негіздері мен мəні неде?
3. Ықтималды, детерменизм жəне индетерминизм дегеніміз не?


187
4. Жалпы  жүйелердің  эволюциясында, сонымен  қатар  биологиялық
жүйелердің дамуында кездейсоқтықтың рөлі қанша?
5. Гуманитарлық танымның өзгешелігі неде?
Ғылым
мəселелерінің
философиялық 
өзгешелігі 
олардың
комплекстілігінде (кешені), яғни  өзінің  құрамында  əртүрлі  когнитивтік
элементтерді - философиялық  жəне 
нақты-ғылыми 
категорияларды
органикалық  тұтастықта  қамтиды. Ғылымның  философиялық  мəселелерін
шешу  үшін  ғалым  философия  мен  тарихтың  білімін  меңгеру  қажет, кəсіби
түрде  философиялық  тіл  мен  философиялық  ойлауды  дамыту  қажет.
Ғылымның  философиялық  мəселелері  жалпы  философияны  жəне  нақты
ғылымдардың  дамуына  ықпал  етеді. Ғылымның  философиялық  мəселелері
əйгілі  ғалымдар-теоретиктер, жаңа  ғылыми  концепциялар  мен  бағыттардың
қалаушыларын (Г. Галилей, И. Ньютон, В.И. Вернадский, Д. Гильберт,
А. Эйнштейн, В. Гейзенберг, Н. Бор, Н. Винер, П. Капица т.б.) қамтиды.
Ғылым  көп  қырлы, көп  астарлы  əлеуметтік  феномен  ретінде  біздің
өмірлік  қызметіміздің  барлық  салаларына  белсенді  түрде  енеді. «Ғылым»
түсінігінің  мағынасын  ашу  үшін, оның  даму  барысын  қадағалау  үшін  ғылым
мен  қоғам, ғылым  мен  мəдениет  арасындағы  байланыстардың  кең  жүйелері
негізінде, сол  ғылымның  өзін  нақты  тарихи  саралау  арқылы  жүзеге  асыруға
болады.
Ғылым мəдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарым қатынаста дамиды жəне
де  философия  ілімін  зерттеу  дін  ілімімен  тікелей  байланысты. Жалпы
философиялық  мектептер  негізінде  адам  баласының  рухани  байлығының,
сенімдерінің қатысы мол байқалады.
Дін - көзқарастың  тарихи  түрі, адамзат  мəдениетінде  басқа  көзқарас
түрлерімен  бірге  дамиды (философия, қарапайым  білім, аңыз, өнер  жəне
жартылай ғылым). Діни көзқарастың негізіндегі адамның құдайға деген сенімі.
Онтологиялық 
мəселе 
дін 
шеңберінде 
абсолюттың 
жаратушылық
(шығармашылық) қабілетімен  байланысты. Құдай  дүниені  өзінің  бейнесіне
ұқсас  қылып  жəне  өзінің  ерік  күшімен  жаратқан. Философия  тарихында  дін
философиясы  жəне  діни  көзқарасы  орта  ғасырда  үстемді  түрде  дамыған.
Адамзат  тарихында  монотеистік  дін  бағыттарына  христиан, ислам  жəне
буддизм  жатады. Дүние  туралы  білім  жəне  заңдылықтар, өмір  сүру  ережелері
қасиетті  кітаптарда  концентрацияланған, оның  ішінде  Інжіл, Тора, Құран,
Авеста, Трипитака т.б.
Білім  жəне  сенім, дін  қоғамдық  сананың  ерекше  бір  түрі  болады.
Гносеологиялық  тұрғысында  сенім  жəне  білім  мəселесі  өзгеше  орын  алады.
Орта  ғасыр  батыс  жəне  араб-мұсылман  философиясында  таным  процесінде
сенім  мен  ақыл  бір-біріне  көмескі  деп  түсінген (Тертуллиан «Сенемін, абсурд
болса  да!»; Августин «Түсіну  үшін  сенемін!»; Фома  Аквинский  ақылды -
танымның  табиғи  ңұры  деп, ал  діни  сенімді - Құдайдың  нұры  деген); түбінде
үстемділік  діни  сенімге  берілген. Білім, сенім  жəне  күмəн  жалпы  адам
санасының  өзгешелігінің  көрсеткіші, сол  себепті  күрделі  мəселелердің  бірі
болады. Мысалы, таным процесінде сенім ролі жоққа шығарылмайды, бірақ та


188
сенімнің  гносеологиялық, логикалық-методологиялық  мəртебесі, əлеуметтік-
мəдени жəне коммуникативтік негіздері мен бастамалары қазіргі гуманитарлық
білім үшін өте маңызды.
Абстрактілі (дерексіз) объект - теорияда  когнитивті  түрде  көрсетіліп
қоршаған ортаның мəндік жақтары мен қасиеттерін, заттар мен құбылыстардың
ара қатынасын шағылыстыратын ғылыми танымның объектісі. Қазіргі ғылыми
танымда  абстрактілі  объект  тек  эмпириялық  тəжірибенің  сонша  көп
объектілерін  емес, тағы  да  абстракцияның  алғашқы  деңгейіндегі  абстрактілі
объектілерін де ұсынады.
Жалпылау  негізі - жалпылаудың  шарттар  жиынтығы. Жалпылау
процедурасының  шартына - эмпириялық  фактілерді  бекітетін  хаттамалық
пікірлер  мен  сөйлемдер; класстардың  абстрактілі  өкілдері  туралы  пікірлер
(«Локктың  ережесі» үшін); жалпылау  жүргізуге  арналған  еркін  өзгергіші  бар
формула; анықтамалар, анықтамалар конфигурациясы жəне теориялар жатады.
Абстракция  аралығы - бұл  ұғым  анау  немесе  басқа  абстракцияның
рационалдылығының дəлелдеу шегін жəне оның «пəндік ақиқаттылығын» жəне
эмпириялық, логикалық тəсілдермен алынған, бағдарлама арқылы анықталатын
қолдану шегін  көрсетеді. Методологияға «абстракция аралығы» деген  ұғымды
енгізуінің  қажетті  себептеріне  ғылыми  абстракцияны  дəлелдеу  идеясы, соған
қоса, абстракциялау  процестері  мен  нəтижелері  қатысты. Зерттеуші  таным
процесінде  абстракциялауға  қажетті  ережелерімен, нақты  қойылған
мақсатымен  жетеді. Ғылымда  əр  алаңдаушылық  акт  ақиқатқа  жету  мақсатпен
негізделген  соң, танымдық  іс-əрекетте  де  адамның  абстракцияға  деген
қабілетінің ерекшелігін ескеруді қажет етеді. Бірінші, объектті тану процесінде
абстракцияның нəтижесі үшін сол алаңдау заттан жат болып, ал абстракталған
объекттің  мазмұнын  толтырушы  релевантты  болу  керек. Екінші, зерттеуші
қандай  шекке  дейін  алаңдаудың  заңды  күші  белсенді  екенін  білу  керек.
Үшінші, күрделі объектілерді зерттеу барысында оның шектерінің көп өлшемді
кеңістіктегі  проекция  жиынының  концептуалды  жайылуын  шығару  қажет.
Төртінші, нақты бір кезеңде абстракциялау аралығына қатысты концептуалдық
жиынды  ортақ  конфигурацияға  біріктіріп, осы  объектінің  келешек
көріністерінен алаңдау қажет. Модель (үлгі) - тəжірибелік үлгі немесе түпнұсқа
ретінде  ұсынылған  зерттелетін  объекттің  бағдарлама-таңбалық  ұқсас  түрі. Бір
объект (макет, құрылыс, таңбалық  жүйе  т.б.) тек  оның  жəне  басқа  заттың
(түпнұсқа, үлгі) арасында осы бекітілген абстракция аралығында теңдік қатысы
болса  ғана  модель (үлгі) рөлін  атқара  алады. Осы  мағынада  модель (үлгі)
зерттелетін  объекттің (түпнұсқаның) изоморфолық  немесе  гомоморфолық
бейнесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет