Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова


Коммуникативті оқыту ұстанымы



бет16/81
Дата28.10.2022
өлшемі361,51 Kb.
#155435
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81
Байланысты:
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

Коммуникативті оқыту ұстанымы:тілдік дағдыларды дамыту.
Әдебиеттік оқу пәнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • тыңдауға, мазмұнын түсінуге әр түрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;

  • шығарманы қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;

  • тыңдалған шығарма бойынша сұрақтар қою;

  • шығарма бойынша жоспар құру;

  • тыңдаған шығарманың белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;

  • шығарманың мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;

  • шығарманы өз қиялымен өзгертіп аяқтау;

  • мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;

  • ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;

  • жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру; жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»);

  • ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;

  • берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.

Әдебиеттік оқу пәнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;

  • шығарманың тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау;

  • шығарманың негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;

  • ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасау;

  • әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау).

  • интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау).

Әдебиеттік оқу пәнінен жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған әсерлерін жазу;

  • оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;

  • әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жазу;

  • әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру;

  • газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу;

  • белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;

  • әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;

  • ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру;

  • сұхбатқа сұрақтар дайындау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет