Байланысты: Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі
8. Бастауышсыныптарда мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды,жұмбақтардыоқыту. Оқулықта жұмбақ, мақал-мәтелдердің көпшілігі мәтіндердің аяғында беріледі. Олар бір мезгілде, бір кезеңде ғана оқытылмайды. Оларды мұғалім оқу материалдарын оқыту барысында олардың мазмұнына сай келетінін іріктеп алып оқытады. Кейде үйде оқуға немесе жаттап алуға да тапсырады.
Мақал – нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылғанойайтатын халықтық бейнеліпоэтикалықжанрдыңбір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі.
Мақалдар көбіне әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлең үлгісінде немесе кейдеқара сөзбенқысқа да нұсқа айтылған нақыл сөз.Ұйқасқа(«Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без»),аллитерацияға(«Етігін шешпей ер шыңаймас»),ассонансқа(«Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар») құрылады.
Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады.Ауыспалы мағынадағысөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді («Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар»), («Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер»), («Ел – ырыстың орманы, ер – ырыстың қорғаны»), («Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді»).
Мәтел – мақалға ұқсас, бірақ мақалдай екі-үш тармақты емес, өлең сипатында құрылатын ықшамды, кестелі нақыл сөз.
Мәтел – өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, «Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке»– мәтел. «Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың»– мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы мақал-мәтелге айналған: («Ұлымды іздеп, дүниені көздеп»- Абай), («Жалғанды жалпағынан басып өтіп»- Жамбыл, т.б.).
Мақалдың мен мәтелден айырмашылығы, мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдереді, яғни жазылатын ой толық болады мәтелге қарағанда, және бұл кейде өсиет, пікір ретінде жазылады. Мәтел ишара түрінде, ой толымсыз түрінде жазылады, мысалы Айласыз батыр алдырар.Ал егер Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде дейтін болсақ мағынасын ап анық түсінесің.
Мақал– түсінікті тілде жазылған, тікелей айтылған мақалдар. Мысалы, «Күлме досқа, Келер басқа», «Ашу – дұшпан, Ақыл – дос, Ақылыңа ақыл қос», «Адамды досына қарап таны», «Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен».
Мәтел– түсінігі қиындау, астарлы тілмен айтылған мәтелдер. Мысалы, «Оң көзіңе Сол көзің қарауыл болсын», «Жыланның уы басында, Бейқамның жауы қасында», «Алажағым кетсе де, Айташағым кетпесін», «Аузы күйген айранды да үрлеп ішер, «Бір кісі мың кісіге олжа салар», «Ер мойынында қыл арқан шірімес», «Екі жарты – бір бүтін».
Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдер тақырып сайын және әр бөлім сайын оқытылады. Олар арнайы сағат ретінде де өткізіледі. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан әр мақалдың мағынасы талданып, соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады.
Жұмбақ– халық шығармаларының ең көне түрінің бірі және барлық жұрттың фольклорына ортақ. Ол ерте заманда пайда болса да, әлі күнге дейін өзінің маңызын жойған жоқ.
Жұмбақ негізінен оның шешуін табу бағытында жүргізіледі.
Қай кезді алсақ та, жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. жұмбақты халықтың өзге тапқырлық сөздері қатарында саяси құрал есебінде тап жауына қарсы қолданған орындар да аз емес.
Сырт қарағанда, соңғы уақыттарда жазба әдебиет күшеюімен қатар, «Жұмбақ азайған шығар, жаңадан жасалмайтын шығар» деген ойлар болушы еді. Анығында бұл теріс боп шықты. Жұмбақ қазақ халқының арасында да және барлық басқа халықтарының арасында да әлі күнге тыңнан туып, молайып, дамып келеді.
Олай болса, халықтың жұмбақ деген фольклор қорын жинап басып, тексеріп тану – ғылымдық зор міндет болады.
Бұрынғы халық нені жұмбақ еткен, қазірдегі халықтың көзін тартып, көңілін бөлген заттары не? Осы жайларын салыстырып қарағанда, мән-мазмұнын ғылым жолымен түсініп алуға да үлкен мағына бар.
Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы – дәні тәрізді. Бұл жақтарынан тексеріп тану да ғылымдық міндет.
Қазақ жұмбақтарын ертеде П.М. Мелиоранский, А.В. Васильев, А.Лютшь, А.Алекторов, Ә.Диваев сияқты ғалымдар әр кезде жинап, газет-журналдарда жариялаған. Бұл жұмыстарды 1930 жылдардың орта кезінде біздің белгілі филолог ғалымымыз, қазақ мәдениетінің көрнекті кайраткері Сәрсен Аманжолов (1902-1958) ғылыми түрге келтіріп, 1940 жылы жинақ етіп шығарды.