Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова


Сыныптан тыс оқу барысындағы әдістемелік ұсыныстар



бет51/81
Дата28.10.2022
өлшемі361,51 Kb.
#155435
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81
Байланысты:
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

3. Сыныптан тыс оқу барысындағы әдістемелік ұсыныстар.
Бірінші қыркүйекте алты жасар кішкентай бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, тек жеткіншек уақытында ғана мектеппен қоштасады. Алда ұзақ та қиын оқу жылдарында балаға қуаныш сыйлау өте маңызды. Сол, қуанышты тек кітап қана сыйлай алады деуге болады.
Әр адамның өмірінде, қоғамда кітаптың маңызы өте зор.
Бала кітаппен мектепке келген күннен бастап танысады.
Кітап болашақты өткен өмірмен байланыстырады. Кітап – өмірді ашу кілті, жақсылық пен жамандықты ажырату кілті.
Сыныптан тыс оқу бірінші оқу аптасынан бастап сауат ашу мен әдебиеттік оқу сабағымен қатар жүреді, балаларды үлкен әдебиет өмірімен таныстырады, баланың өз еркімен оқуын қалыптастырады.
1-сыныпта сабақтан тыс оқу мынадай екі кезеңде іске асырылады: бірі алғашқы оқу жылының бірінші жартысында дайындық жүргізіледі. Яғни, бірінші қыркүйектен 10-15 қаңтарға дейінгі кезең. Екіншісі, 10-15 қаңтардан 25 мамырға дейінгі кезең. 1-сынып бағдарламасында бұл кезеңдерде оқушыға білім беру жолдары анық көрсетілген. Сыныптан тыс оқу дайындық кезеңінде 20-25 минутқа созылуы мүмкін.
Сыныптан тыс оқуды мұғалім ұйымдастырады. Соның бірі «Сыныптан тыс оқу» сабағы.
Үй-іші, ата-анасының көмегімен сыныптан тыс оқуға дайындық жасалады. Алғашқы жартыжылдықта балалар өз бетінше оқи алмайды, тек мұғалімнің оқығанын естіп, тыңдайды. Мысалы: ертегі, қызық әңгіме, өлең үзінділері, тақпақ, т. б.
Оқу жылының бірінші жартысында әліппе кезеңінде сыныптан тыс оқуды былайша жоспарлаймыз. Оқу жөнінде қысқаша түсінік беріп, әңгіме өткізіледі. Бір мәтінді алып мұғалім дауыстап оқып береді. Одан кейін қысқаша түсінік беріледі. Бір жұмадан кейін оқушылардың шамасы келетіндей кітаптарды белгілеп, әңгіме өткізіп, тапсырма беріледі.
Кітаптың көлемі 8 беттен 30 бетке дейін болуы мүмкін, міндетті түрде үлкен форматты болуы керек.
Оқу жылының бірінші жартысында оқылған әңгіме, ертегі, өлеңнің аты мен авторы сол шығарманы оқып болғаннан кейін таныстырған жөн. Алдымен оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:
- Балалар, сендердің қызығып тыңдаған әңгімелеріңді кім жазған?
- Ол жазушыны естеріңде сақтадыңдар ма?
Автордың кітаптарын тағы да оқығыларың келсе, жазушының, ақынның аты-жөнін ұмытпай біліп алыңдар деп ескертеміз. Балалар кітапты кім жазғанын айтады.
Сыныптан тыс оқудың әдіс-тәсілдеріне тоқталайық:
Оқылатын ертегі, әңгіме, өлеңді алдымен мұғалім оқиды. Әр сөзге дұрыс екпін түсіріп, тыныс белгілеріне тоқтап, дұрыс оқуға бағыт береміз. Мәтін оқылып болған соң, ондағы әр сөздің оқушыға түсінікті, түсініксіздігін тексеріп байқаймыз. Мәтіндегі сөз, сөз тіркестерін дұрыс ұғатын болса, онда оқушы мәтін мазмұнын тұтас түсінеді деуге болады. Егерде мәтін ішіндегі бірнеше сөздің не екенін, мағынасын түсінбейтін болса, күні бұрын дайындалған сабақ көрнекілігін, суреттерді пайдаланып мағынасын ашуға көмек беру ескеріледі. Сондай-ақ, сол сөздерді кіріктіріп сөйлем құрату тиімді.
Балаларға әліппе оқулығында берілген «Бәрінен де жақсы» деген мәтінді оқытып көрейік.
Мысалы:
«Бір кішкентай қыз топты адамның ортасында шешесінен адасып қалыпты. Ол шешесін іздеп таба алмаған соң бақырып жылапты. Оны көрген адамдар жұбатып: - Сен жылама, біз сені қазір шешеңе апарамыз. Сенің шешең қандай адам еді? - деп сұрапты. Сонда қыз жылап тұрып: - Сіз білмейтін бе едіңіз, менің шешем ең жақсы адам!? Ол бәрінен де жақсы, - деп жауап беріпті».
Ең әуелі мәнерлеп оқып шығамыз. Сонан кейін 2-3 оқушы оқиды. Оқушылардың қате оқыған сөздеріне түзету жасап, бірнеше рет оқимыз. Мысалы, мәтіндегі «кішкентай, бақырып, жұбатып» деген сөздерді дұрыстап айта алмайтындары байқалады.
Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі:
1. Кішкентай қыз кімнен адасып қалды?
2. Қайда адасып қалды?
3. Қыз қандай еді?
4. Қыз не істеді?
5. Қызды кімдер жұбатты?
6. Олар қыздан нені сұрады?
7. Қыз не деп жауап берді?
Балалардан толық жауап алу ескеріледі.
1. Кішкентай қыз шешесінен адасып қалды.
2. Қыз көшеде адасып қалды.
3. Қыз кішкентай еді.
4. Қыз бақырып жылады.
5. Қызды көрген адамдар жұбатты.
6. Олар қыздан – анаң қандай адам?- деп сұрады.
7. Қыз менің шешем ең жақсы адам,- деп жауап берді.
Мәтін мазмұнын түсінуде сұрақтарға дұрыс жауап берудің үлкен тиімділігі бар, сондай-ақ сұрақ та дұрыс қойылуы қажет.
Оқу жылының екінші жартысында оқушылардың алдына бірте-бірте күрделі кітаптар қойылады.
10-15 қаңтардан бастап сабақ кестесіне сыныптан тыс оқу сабағы кіргізіледі.
Екінші жартыжылдықта оқылатын кітаптар таңдап алынады. Оқылатын кітаптардың, шығарманың мазмұнын салыстыру немесе жақсы, жаман жақтарын байқатқан да дұрыс.
Оқушының бұл кезеңде де оқу шапшаңдығын жетілдіру және түсініп оқу басты мақсатымыз болады. Мұғалімнің дұрыс, мәнерлеп оқуына бала еліктеп қызығады. Солай оқуға көп жаттықтыру қажет.
Оқушы алғашқы кезде дұрыс оқуға қиналады. Бірақ мұғалімнің шебер оқуына олар зер салып тыңдайды. Баланы қызықтырып, дұрыс оқыту мұғалімге байланысты. Оқу тек мұғалімнің бақылауымен іске асады.
Оқушының өз бетімен үйде оқуын талап етуге болмайды, өз еркімен отырып оқуына қызығушылық тудыру керек. 1-сынып оқушысын еріксіз, жекіріп кітап оқытсақ баланың кітапқа деген көзқарасын өзгертіп алуымыз мүмкін. Өз еркімен кітап оқу – өте күрделі процесс. Бірінші жылы мұндай процесс тек сыныпта, мұғалімнің бақылауымен ғана жетістіктерге жетуі мүмкін.
Оқу жылының екінші жартысында әр сабақта жаңа кітаптармен таныстырылады. Алдымен оқушы кітаптағы өзіне ұнайтын мәтіндерді, тақырыптарды тауып, тыңдап алады. Осы тақырыптағы оқуда кездескен қиыншылықтарды мұғалім байқап, жол көрсетіп отырады. Кейде оқушы қиналып, кітапты оқығысы келмей кітапты тастап кететін жағдайлар да болады. Сондықтан әр оқушының жеке мүмкіншілігі де ескеріледі. Нашар оқитын оқушыларға жеңіл мәтіндер, жақсы оқитындарға қосымша мәтіндер беріледі.
Оқу техникасын жаңа үйреніп жүрген оқушыға кітаптың атын, авторын, ондағы суреттерді қарап мазмұны не туралы екенін айтқызу да пайдалы. Жақсы дайындықтағы оқушыға мәтіннің 1-2 абзацын оқуға, қалған бөлімдерін өте жақсы оқитын оқушыға оқыту да тиімді. Содан кейін мәтін мазмұны сұрақтар қою арқылы меңгертіледі. Сабақта 10-12 минут оқушы өздігінен кітапты оқып, белгілі бір түсінік алуға ынталануы керек.Қорыта келгенде, мұғалім сыныптан тыс оқуды басқарушы ғана емес, балаларды дұрыс оқуға бағыт беріп, қатесін түзетуші де.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет