Д. И. Кенжалиев, Р. Мырзакулов Статистикалық физика, термодинамика және физикалық кинетика негіздері «Физика (білімтану)»


қайтымсыз, маңайдағы ортада өзгерістер болмаса,- қайтымды



бет24/24
Дата22.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#193071
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
statistikalik-fizika 2

қайтымсыз, маңайдағы ортада өзгерістер болмаса,- қайтымды болып табылады. Энтропияның өсу процесі қайтымсыз процесспен байланысты. Жүйенің және оның әсерлескен барлық денелердің энтропиясы өседі.
Барлық табиғи процесстер қайтымсыз, бірақ жуықтап механика және электр магнит құбылыстарды, (жоғарғыдағы диссипациялық әсерлерді есептемегенде) қайтымды деп есептеуге болады. Статистикалық физикада газдың изотермиялық және адиабаттық сығылуы немесе ұлғаюы қайтымды процесс деп есептеледі. Сонымен, қайтымсыз процесте энтропия тек жылу беру арқылы ғана емес, сонымен бірге басқа да себептермен өзгереді:
рел
Релаксация нәтижесінде біртексіздіктер жойылады. Бірінші мүшесі оң да теріс те болса, 2-мүшесі оң болады. Сондықтан қайтымсыз процесстер үшін:
>
Сонымен, қайтымсыз процесстер кезінде энтропия үнемі өседі. Бұл қорытынды физикада маңызды орын алады. Бұл қайтымсыз процесстердің маңызды белгісі. Бұл қорытынды ХІХ ғасырда Клаузиусқа «Әлемнің жылулық ақыры» жөніндегі атышулы гипотезасына негіз болды. Бұл гипотезасына сәйкес Әлемде энтропия үнемі өсетіндігі салдарынан келешекте энтропия барлық нүктелерде максимумға жетіп, бірыңғайлылық орнайды. Жылу барлық орындарға бірқалыпты таралып, жаңа құрылымдардың пайда болуына түрткі болатын температура градиенті сақталмайды. Барлық құрылымдар біртіндеп таралып- тарқап, жойылады. Бұл гипотеза дегенмен әлі толық дәлелденген жоқ. Оған қарсы шығып, табанды күрескендердің бірі- Больцман болатын. Оның әйгілі Н-теоремасы жоғарыдағы аталған процесстерге парапар процессті сипаттайды. Теңбе-тең процесте Больцманның Н-функциясы минимумға келеді. Ал Н-функция энтропияға пропорционал болатын шама.
Жылулық құбылыстар жайында келесі тарауда әңгіме жасаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет