Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Ормандағы тiршiлiк үшiн күрес



бет6/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

1.1.3 Ормандағы тiршiлiк үшiн күрес. В.Н.Сукачевтың айтуы бойынша, «Орман өмiрi тiршiлiк үшiн үздiксiз күрес болып табылады»,- дейді. Ормандағы тiршiлiк үшiн күрестi анық бiлу үшiн оның өсіп шығу кезiнен бастап, даму барысында қарастыру қажет. Тiрi организмдер әлемiнде ұрықтардың саны мен өмiр сүру жағдайлары арасында таңқаларлық сәйкессiздiк байқалады.

Мысалы, түсiмi мол жылдары 1 га-да 2 млн-нан аса қарағай тұқымдары болуы мүмкiн, ал қайыңның тұқымдар саны ондаған миллионмен есептелуi мүмкiн. Өскiн берген, яғни, өсiп шыққан тұқымдар әлдеқайда аз болады. Былай болжамдайық, қолайлы жағдайда тұқымдардың 1 га-да өсiп өнуi үшiн 1 млн өскiн түссе, 20 жылдан соң шамамен 5000 данасы, 100 жылдан кейiн 500 дана ғана болады.

Ал қалғандары қайда? Тiршiлiк үшiн күресте жойылды. Бұл құбылысты мынандай күйде қарауға болады. Жас ағаштар (жас шыбықтар) әлi кiшкентай болғанда, олар салыстырмалы оқшаулықта өстi, барлығына кеңiстiк, ылғал, жарық және топырақтың қоректік заттары жетiп тұрды. Өсіп ұлғаюына қарай олар бiрiмен бiрi жанаса бастайды және кеңiстiк, жарық, ылғал, қоректік заттар үшiн өзара бәсекелестiк басталады, яғни, Дарвин атағандай тiршiлiк үшiн күрес жүредi, соған байланысты орасан көп жеке жас шыбықтардан аса икемдiлерi ғана өсiп, жетiледi.

Олардың дамуын қиындатқан көптеген табиғи әсерлердi жеңе алмағандары жойылып кетедi немесе қолайсыз орта жағдайларына ауысады.

Ауданның бiр өлшемiне келетiн ағаш санының кемуi – тiршiлiк үшiн күрестiң нәтижесi.

Ормандағы ағаштар санының кемуiн табиғи сиреу деп атайды. Бұл әрқашанда болатын табиғи өскен және қолдан өсірілген (жасанды тектi) барлық ағаш түрлеріне тән жалпы заңды құбылыс. Бұл табиғаттағы табиғи iрiктеу заңында көрiнiс табатын ерекше белгi болып табылады.

Ағаштар жер көлемі, жарық, су, қорек үшiн болған бәсекелестiк салдарынан, ылғалдың жетiспеуiнен немесе оның шамадан тыс көптiгiнен жойылады.

Мұндай шығын табиғи орманда орасан көп болады. Ағаш өсiмдiктерi өмiрiнiң өне бойында тұтасқан балауса шағынан оның табиғи қартаюына дейiнгi уақытта, тiршiлiк үшiн күресте 95 пайыздан астамы құриды.

Егер мұндай шығынды жер бетiнде өсіп тұрған ағаштармен салыстырып есептесе, бұл сан 99,9 пайызға, одан да көпке дейiн жоғарылайды, басқаша айтқанда, 10000 ағаш өсiмдiктерiнен тек бiреуi ғана өсiп шығады.

Табиғи және жасанды тектi, күрделi, аралас және жоғары өнiмдi орманда ағаштар санының балауса жасында кемуi қарапайым, таза және төмен өнiмді орманнан гөрi қарқынды жүредi (кесте 1.2).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет