1.9.7 Азот пен күл тәрiздi элементтердiң биологиялық айналымы. Ормандағы биологиялық айналым – сүрекдiң тiршiлiгі кезiнде қоректік элементтердiң теңдей мөлшерi әлде неше рет айналым жасайтын құбылыс: топырақ → ағаштар → өсімдік қалдығы → орман қордасы → топырақ.
Бұл құбылыс ауа мен топырақтан қорек элементтерiн тұтынудан, қорек элементтерiнiң өсiмдiкте ұсталуынан және оларды топыраққа қайтарудан (өсімдік қалдығымен қоса) жинақталады. Биологиялық айналымның кез келген түрiнiң басты көрсеткiштерi – оның сiңiмдiлiгi және қарқындылығы. Сiңiмдiлiк – айналымға қатысатын элементтің көлемі немесе қуаты.
Айналымның қарқындылығы – элементтiң айналым циклын өтіп шығу жылдамдығы.
Жалпы орман айналымын екіге бөледі:
1) кiшi биологиялық айналым – жапырақтар, ұсақ бұтақтар, түбiрлер және топырақ арасында болатын қоректік элементтердiң циклі;
2) үлкен биологиялық айналым – қоректік элементтердiң дiңдер, iрi бұтақтар және тамырлар құрамына кiруі және ағаштар қурап кеткен соң топыраққа олардың қайта оралу циклы.
Достарыңызбен бөлісу: |