1-сурет – Периодтық кестенің ұзын формасы
18. Шетелде халықаралық кестені әр элементтің электрон формуласымен байланыстырып оқытады. Жалпы электрон конфигурациясының формуласы төменде көрсетілген ережемен жасалады. Көрсетілген кесте және электрон конфигурациясының ережесін пайдаланып, ер элементтің конфигурациясы құрылады және элементтің периодтық кестедегі орнын табылады. Бұл жұмыс оқушылар үшін өзіндік жұмыс болып калады. Сабақты кызықты және белсенді өтгізуге көмектеседі.
Электрон конфигурациясы формуласының көрсетілімі:
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s2 3d10 4p6 5s2 3p4 4d10 5p6 6s2 4f14 5d10 6p6 7s2 5f14 6d10 7p6 …………...
Элементтердің орындарын табу үшін төмендегі ережелерге карау керек:
Электрон конфигурациясына қарап, s,p,d,f деңгейшелерінің алдындағы ең үлкен сан периодты білдіреді.
Электрон конфигурациясында ең соңғы орбиталь түрі қай топта орналасқанын көрсетеді.
Электрон конфигурациясына қарап алдындағы ең үлкен сан болған орбиталдардың соңындағы сандардың жинағы топтың нөмірін көрсетеді (2-сурет).
Мәселен, магний, темір және уран элементтерін алайық:
1-мысал. Магний элементінің электрон конфигурациясы: 12Mg:1s2 2s2 2p6 3s2 (1-кесте).
Деңгейшелерінің алдындағы ең үлкен сан 3 санын көрсетеді. Магний элементі 3-периодта болады.
Ең соңғы орбиталь түрі (s). (s) деңгейшесінде болса, А тобында болады.
Ең соңғы (s) деңгейшесінде 2 электрон бар болса, 2A тобында болады
2-сурет – Электрон конфигурациясының көрсетілімі
1-кесте – Электрон конфигурациясының соңғы деңгейшесімен байланысы
Деңгейше
|
Тобы
|
Элементтін түрі
|
Егер соңғы деңгейше s1 болса
|
1A тобында
|
сілтілік металдар
|
s2 болса
|
2A тобында
|
(сілтілік жер металдар)
|
s2p1 болса
|
3A тобында
|
|
s2p2 болса
|
4A тобында
|
бейметалдар
|
s2p3 болса
|
5A тобында
|
бейметалдар
|
s2p4 болса
|
6A тобында
|
бейметалдар
|
s2p5 болса
|
7A тобында
|
бейметалдар, галогендер
|
s2p6 болса
|
8A тобында
|
Инертті газдар
|
n s, (n-1) d болса
|
В тобтарында
|
өтпелі металдар
|
4 f болса
|
|
Лантаноидтар
|
5 f болса
|
|
Актиноидтар
|
Ескерту – (n) периодты көрсетеді.
|
19. Электрон формуласымен элементтердің периодтық қасиеттерін байланыстыра оқыту кезінде элементтердің қасиеттерін, электрондық конфигурациясында ең соңғы орбиталдағы электрон валенттілігіне қарап анықтауға болады. Электрондық конфигурациясына қарай элементтің қасиеті өзгереді. Элемент және атомдардың периодтық қасиеттері болып атомдардың валенттілігі, тұрақтылығы, атомдық радиусын, иондану энергиясын, электрон тартқыштылығын, металдық және бейметалдық қасиеттерін санауға болады. Бұл касиеттердің барлығы ядро мен электрондардың өзара тартқыштығына тәуелді болғанын оқушыларға түсіндіру керек. Ядро мен электрондардың қашықтылығымен тартқыштылығын ең ыңғайлы көрсететін атомдардың электрондық конфигурациясы болады. Бұл тақырыптың физика пәнімен де байланысы бар. Бір жағынан, физика пәнімен байланыстырып оқытқанда оқытудың жүйелілік ұстанымы сақталады. Оқушылар жүйелі түрде үйренеді. Олар тек қана кесте күйінде жаттамай, практикалық салыстыру арқылы өздерінің белсенділігін көрсетеді. Химиялық заңдар теория ретінде көп оқытылғасын ойды қоздыратын осы әдістің маңыздылығы ерекше болып қалады.Төмендегі атомдарға қарайтын болсақ;
18 Аr: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 , 11 Na: 1s2 2s2 2p6 3s,1 19 К: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s1
Аргон атомының 3-периодында s және p орбиталдары толы, натрий атомының 3-периодындағы s орбиталы жартылай толы болғандықтан, аргон атомының тұрақтылығы натрийге қарағанда берік болады. Бұл дегеніміз – натрий атомының аргон атомына қарағанда кез-келген бейметалмен әрекеттесе алатынынын көрсетеді. Натрий мен калций атомдарын салыстырғанда, периоды көп болған атомның көлемі де үлкен болады. Атомның көлемі үлкен болғанда электрон ядродан қашықтау орналасатыңдықтан ядромен әлсіз байланысады және электрондарды өзіне тарту азаяды. Сол атомнан электронды бөліп алу үшін керек энергия аз болады. Сонда иондану энергиясы көлемі үлкейген кезде азаяды. Атомның басқа бір атоммен әрекеттесу яғни реакцияға түсу қатынасы күшейеді. Осы оқушының іс-әрекетін ойлау әрекетіне айланып, сабаққа белсенді қатысуына көмектеседі.
20. Ұғымның сызбасын дайындау (Концептуальды карта) химияны оқытудың деңгейін көтеруге көмектеседі. Ұғымның сызбасын дайындауды ұғымдарды карталау деп де атайды. Негізгі химиялық ұғымдарды және олардын байланыстарын қарастырады. Білімді қайта таныту және ұйымдастыруды көрсетеді. Сызбаны дайындау кезінде оқушылар ұғым және ұғымдар арасындағы байланысты табу үшін ізденісте болады (3-сурет).
3-сурет – Ұғымның сызбасы (Химиялық Ұғымдарды карталау)
21. Ұғымдарды салыстырмалы үйрету тәсілі – ойлаудың логикалық амалдарының бірі. Химиялык ұғымдардың бірге салыстырып үйретілуі, ұқсастық және айырмашылықтарын анықтау – осы әдістің басты тиімділігі. Элемент, қосылыс және қоспаларды, металдар мен бейметалдарды, иондық қосылыстар мен молекуллалық қосылыстарды, химиялық құбылыс пен физикалық құбылыс ұғымдарыны бір-бірімен салыстырады.
22. Блум таксономиясы білімді деңгейлеп беруге және берген білімді қайтарып алу үшін сұрақтардың жіктеуінде қолданылады. Блум таксономиясы оқытудың мақсат және міндеттеріне қарай қойылған сұрақтардан түзілген жіктеу болып табылады және 6 кезеңнен тұрады. Блум таксономия 1956 жылы АҚШ-тың Чикаго университетінің психолог ғалымы Бенджамин Блум тарапынан жасалған. Осы жіктеу танымдық әрекеттің негізгі этаптарын да көрсетеді. Жіктеудің 6 деңгейі туралы сипаттама беретін болсақ:
Білу – оқушыларға берілген білімді жалпылама қайтарып алуға көмектеседі және еске түсіреді.
Түсіну – осы деңгейде қойылған сұрақтар оқушылардың алған білімін еске түсірумен бірге, өз ойымен қайталай білуге негізделеді.
Қолдану – қойылған сұрақтардан алған білімін қолданып, тәжірибелік жұмыстарды және есептік жұмыстарды орындауды көздейді.
Анализ (Талдау) – осы деңгейдегі сұрақтар күрделі сұрақтар болып, оқушының ойлау әрекетін туғызады. Оқушы тереңнен ойлап, білінетін ақпаратты пайдаланып анализ жасап, нәтиже шығара алады.
Синтез (Біріктіру) – осы деңгейдегі сұрақтар оқушылардың репродуктивті ойлауын көздейді, жаңалық ашуға жаңа пікір қалыптасуына көмектеседі.
Бағалау және қорытындылау – осы деңгейдегі сұрақтардың тек бір жауабы болмай, оқушылардың ойлау іс-әрекетін анализ және синтез жасау нәтижесінде көп түрлі шешімдер табуға мүмкіндік береді.
Жұмаділова Р. Жаңа буын оқулықтар кешені. ─ Химия мектепте; 2008 жыл, № 6, 21-30 беттер.
Жұмаділова Р. Жаңа буын IX химия. ─ 9-сынып оқулығы ─ Химия мектепте; 2005 жыл, № 3, 19-21 беттер.
Жұмаділова Р. Жаңа буын химия оқулығының құрылымы. ─ Химия мектепте; 2005 жыл, № 4, 30-33 беттер.
Нұрахметов Н., Сарманов К., Жексимбина К. “Химия” 8-сынып оқулығы; Мектеп баспасы, 2004 жыл.
Нұрахметов Н., Сарманова К., Жексимбина К., Заграничная Н., Темірболатова Ә. “Химия” 9-сынып оқулығы; Мектеп баспасы, Алматы, 2005 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |