Д. Р. Онтагарова, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы «Химия және география»


ХИМИЯ О. С. Габриелян, Ж. А. Шоқыбаев



бет6/8
Дата21.11.2019
өлшемі1,23 Mb.
#52249
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
43bfaecc-8a4b-11e6-98d6-f6d299da70eeУММ Содержание струк ocx


ХИМИЯ
О. С. Габриелян, Ж. А. Шоқыбаев.

Химия. 11-сынып

Оқулық ҚР жалпыға бірдей міндетті білім стандартына сай ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша жазылып, орта мектептер үшін оқулық ретінде ұсынылған.

Оқулықтың мәтініндегі мағлұматтар, қағидалар мен деректі материалдардың оқушыларға өте маңыздылығы ескеріліп, олар бұрын пайдаланылған әдебиеттерден еш өзгеріссіз еңгізілді (ред.).



Дәріс№ 17-20

Орта мамандандырылған оқу орындарындағы химия оқулықтарының мазмұндық ерекшеліктері (4 сағ)

Жоспары:

Кәсіптік білім беру мазмұны



4.2 Техникалық кәсіптік оқыту мамандығын дайындауда химиялық білім берудің ерекшеліктері

4.3 Кәсіптік білім беру мекемелерінде химияны оқытудың әдістемелік аспектілері



    1. Кәсіптік білім беру мазмұны

Орта кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз инженер-педогогикалық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, теориялық білім негіздерін,практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер делгейін қалыптастыру. Білім мазмұны- бұл тиісті орнында жүйеге келтірілген білім, және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты. Адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс-әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды. Кез-келген шындықты бейнелеу білім болмайды. Ал адам өзін-өзі өмірдегі іс-әрекетінен, оның объективті жағдайлары мен заттарына бөліп қарайды. Адамдар болмысы тәсілдерінің өзі - олардың әлемге қатынас тәсілдерінің мақсатына сәйкес және тек басқа адамдармен қарым-қатынас арқылы жүзеге асатын нақты іс әрекеті. Тек білім мазмұны ғана іс - әрекет мақсатын теориялық жақтан дұрыс көруге мүмкіндік береді. Арнайы технологияболса ғылым негіздерін қазіргі техника, технология және өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан қарайды. Ол оқушылардың мына төмендегі мәселелерді үйренуіне мүмкіндік жасайды: тиісті өндіріс саласы мен оның даму болашағы туралы жалпы мәлімет береді; қазіргі заманғы техника, өндірісті механикаландыру мен автоматтандырудың кешенді жүйесін неғұрлым тиімді пайдалану құрылғылардың негізгі мәліметтерін, жұмыс істеу принциптерін білуді үйретеді; жаңа техника мен технологияларды, өндірісті дамытудың әлемдік деңгейдегі озық әдістерімен хабардар етеді; еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өз жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін, өндірістік санитария мен жеке гигиена ережелерін сақтауды үйретеді. Жалпы техникалық дайындық -жекелеген өндіріс салалары бойынша ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша өндіргіш күштердің дамуы, білім мен дағды жүйелері туралы хабардар етеді. Қазіргі кәсіптік-техникалық оқу орындарында «Материалтану», «Электротехника», «Техникалык сызу», «Техникалық өлшеу және дәлдік шегі» сияқты жалпы техникалық пәндер жүреді. Өндірістік окыту барысында ғылыми теорияны практикалык тәжірибе негізі арқылы оқытушылар оқушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады. Теория мен практика бірлігінде тәжірибенің айқындаушы рөлі бар. Өндірістік оқыту шеберлері мен оқушылар арасында білім, білік және дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл-әрекет, практикалық қызмет аясында кәсіби шеберлікке баулу процесі қалыптасады. Ол өндіріс орындарында немесе оқу шеберханаларында жүргізіледі. Практикалык біліктілік — еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі. Белгілі бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс-әрекет орынды тәсілдерді таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Кәсіби дағды - кез-келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы калыптасатын еңбек қызметін автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады. Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар: қимыл дағдысы; ойлау дағдысы; сезім дағдысы. Қимыл дағдыларында жұмыспылар еңбек қимылдарын дәл, нақ және аз күш жұмсай отырып тиімді үйлестіру әрекетін қалыптастырады. Ойлау дағдылары жұмыс барысында стандарты қалыптасқан, арнайы ойлау процесін қажет ететін дағдылар. Сезімдік дағдылар жұмысшылардың іс-әрекетті атқару кезінде сезім мүшелері арқылы қалыптасқан технологиялық процестер мен материалды сұрыптауларда пайда болады. Сондай-ақ бұл әрекет әсіресе, өндіріс процестерін ұйымдастыру мен тауар сапасын бақылау кезінде байқалады. Нәтижесінде оқытудың мазмұнның және ұйымдастыру нысанын және технологиясын анықтайтын жүйені құрушы факторлар білім берудің мақсаттары болып табылады.Білім беру мақсаттарының проблемалары педагогикада ғана емес, сонымен қоса философия, саясат, экономика үшін әрқашан маңызды болып табылады. Мақсат дегеніміз- -бұкіл педагогикалық процесстің шоғырланушы білігі. Ол педагогикалық әрекеттердің тиімділігін өзгерту үшін мазмұнға, әдістерге, нысандарға әсер ететін шешуші критерий болып табылатын, бағыт беруші әсер етеді. Қазіргі заманғы кәсіби білім берудің жалпы мақсаттарына келесі жағдайларды жатқызуға болады: оқушылардың бірқалыпты өзгерістегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әлеуметтік жағынан жан-жақты және тиімді үйренісуді қамтамасыз ету; маманның арнайы білімдерін, дағдыларын, білімдерін және кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру. Мақсат жаңа қоғамдық жағдайларға сәйкес нақтыланып, қоғамның дамуымен қатар өзгереді. Демек, білім беру мақсаты білім беру жүйесінен тыс қалыптасып, қоғамның сол кезеңіндегі даму талаптарымен белгіленеді және қазіргі заманғы қоғам жатақханасы талаптарына сәйкес кәсіпкер-маманға «әлеуметтік тапсырысқа» жауап береді. Нормативті түрде білім беру мақсаттары мемлекеттік құжаттармен және ең бастысы «Білім беру туралы» заңмен белгіленген. Онда білім беру жүйесінің оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын белгілейтін, білім беру бағдарламаларында көрсетілген әр деңгейі үшін нақты мақсаттар айқындалған. Мақсаттың өзара байланысты екі жағы бар, олар: маманның кәсіби дайындығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету және жеке тұлғаның рухани дамуы. Кез-келген кәсіби білім беруді тұлғаның рухани дамуын шектеп, тек қана кәсіпке оқытуға, тіпті ең жоғарғы деңгейде түйіндесе де, онда оны педагогикадағы технократия деп қана атауға болады. Білім беру мақсаттары көпшілік жағдайда оның мазмұны мен құрылымын белгілейді, алайда онымен қатар мақсаттар талабына сәйкес мазмұнды қалыптастыру және құрылымау бойынша күрделі жұмыс талап етіледі. Олай болмаған жағдайда, студенттің тұлғасын дамуға деген бағытты жариялап алып, тіпті кәсіби білім берудің жаңа сапалы мақсаттарын белгілесекте, біз оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талапқа сай мазмұнын қамтамасыз ете алмаймыз. Білім беру мазмұны және оның құрылымы нақты нәтижелері талапқа сай болмайтын, принципінде қол жеткізуге мүмкін болмайтын декларацияланған білім беру мақсатына сәйкес болмайды. Кәсіби мектептің жалпы мақсаты – тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту – білімділікті, тәрбиелікті, жалпы және кәсіби дамуды білдіреді. Осы мақсаттарды негізге ала, педагогикалық процесс үш негізгі өзара байланысты функцияны іске асыруға тиісті, олар – білім беру, тәрбиелеу және дамытушы болып табылады. Педагогикалық процесстің Білім беру функциясы оқушыларда ғылыми, техникалық, технологиялық және өндірістік білімдерді – фактілер, заңдар, заңдылықтар, теориялар, құбылыстар, процесстер жүйесін қалыптастыру; оқушыларда жалпы ғылыми, политехникалық және аранай кәсіби шеберлікті қалыптастыру; алынған білімдерді, дағдыларды және шеберлікті бекіту, жетілдіру, кеңіту және тереңдету болып табылады. Білім беру функциясын іске асыру педагогическалық процесстің негізі болып табылады. Ол педагогикалық процесстің басқа функцияларын ойдағыдай іске асуының шешуші дәрежеде анықтайды. Педагогикалық процесстің тәрбиелік функциясы оқудың тұрақтылығынан білінеді – ол педагогтің бұл мәселені қалай қарастыратынына тәуелді емес – оқушыларды ол тәрбиелейді. Бұл педагогикалық процесстің объективті заңдылығы; тәрбиелік қатынаста оқыту нейтралды болуы мүмкін емес. Педагогтің, шебердің, тәрбиешінің негізгі мақсаты – оқушылардың жақсы жақтарын қалыптастыру үшін педагогикалық процесстің тәрбиелік мүмкіндіктерін мүмкіндігінше толық пайдалану. Педагогикалық процесстің барысында оқушыларда ғылыми түрдегі әлемді тануы, кәсіби көзқарасы қалыптасады; еңбекке, еңбек адамдарына, жоғары рухани сипаттар тәрбиеленеді. Педагогикалық процесстің бұл функциялары сонымен қатар ұжымдыққа, достыққа, әлеуметтік қарым-қатынасқа дайындықты; еңбек тәртібіне, адалдықты, жауапкершілікті, белсенділікті тәрбиелеуді; өзіне қамтиды; Азаматтық қатынас нормалары мен ережелерін қалыптастырады. Тәрбиелік оқыту оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқушылар ұжымының жалпы сипатын, тәрбие мақсаттарын шешудегі табандылықты ескеруді білдіреді. Педагогикалық процесстің тәрбиелеу функциясын іске асыру, тек қана – білім алу процессіне тәрбие сәттерін «қосу» емес. Педагогикалық процесстің тәрбие беру әсері ең алдымен оның оқушының кәсіби білімінің және шеберлігінің өмірмен, тәжірибемен өзара байланысын ашу бағытында жатыр. Педагогикалық процесстегі тәрбие ең алғашқы кезекте оқушыға педагог тұлғасының ықпалымен іске асырылады, сонымен қатар, оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің кәсіби және педагогтік шеберлігінде, оқушылардың белсенділігін дамытатын, олардың ойлау және қара жұмыстағы тәуелсіздігіне бастайтын маңызды оқу материалын іріктеуде; әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, ұжымдық принцип негізінде оқыту мен еңбекті ұйымдастыру. Педагогикалық процесті оқытудың Дамытушы функциясы оқушыларда рационалды ойлау тәсілдердің қалыптасуынан көрінеді олар: талдау, синтез, салыстыру, жинақтау және басқаларда, білу мен жасау белсенділігінде және дербестігінде, білуге құштарлық пен қабілеттіліктен, жігерден, мақсатқа жетуге деген табандылықтан, біліктіліктен және өздік білім алу, өзіні өзі жетілдіру, шығармашылық ойлау әдеттерінен; көңіл қоюды, еске сақтауды, сөйлеу мәнерін, елестетуді дамыту; оқу, педагогикалық және өндірістік еңбекті қалыптастыруда. Сәйкес пәннің оқу бағдарламасында қарастырылған білім, дағды және шеберліктің қалыптасуы ойлауды дамыту мазмұнының құрамы болып табылатын қимылдар мен тәсілдерді интелектуалды түрде қалыптастыру болуы мүмкін және қоса жүруі тиіс. Білім мен шеберлікті меңгеру және қолдану барысында педагогикалық процестің бұлай құрылуы оқушылардың танымдық және жасампаздық мүмкіншіліктері жүйелі және мақсатты түрдегі дербестігін дамытушы оқу деп атаймыз; ол арнайы және жалпытехникалық пәндерді оқыту тәжірибесінде, өндірістік оқытуда, сабақтан тыс оқыту жұмысында көбірек қолданылып жүр. Оқушылардың дамуы дегеніміз педагогикалық процестің нәтижесі. Оқу - даму көзі болып табылады, ол дамуға бастаушы бола тұра, үнемі оның алдында болады. Мәселен, ойлау әрекеті немесе ойлау әрекетінің тәсілдері әдетте бағдарламалық материал негізінде іске асырылады. Егер олай істеу мүмкін болмаса, онда арнайы оқу материалы қолданылады, яғни негізгі білімді, негізгі пәндік мазмұнды меңгеру үшін оқу міндеттері шешіледі. Окыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-төрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдьшың қалыптасу дәрежесі анықталады. Кәсіптік білім беретін орта және жоғары оку орындарында білім беруді бакылауды ұйымдастыру, қазіргі қолданыльш жүрген заңдылықтарға негізделген. Жалпы жеке адам әрекет жасау үшін тәжірибені игеруі қажет, яғни қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі керек. Осы жағдайда ғана объективті біяім, білік және дағдылық қасиеттер тәжірибеге айналып, субъективті құралын құрайды. Күнделікті тәжірибенің шектеулілігі жеке адамды адамзаттың қоғамдық-тарихи іс -әрекетіне ендіру арқылы кеңейтіледі. Осы іс - әрекетте жеке адам өткен ұрпақтардың объективтендірілген тәжірибесін игеріп қана қоймайды, сонымен қатар өзінің дамуына ықпал ете отырып, оны байытуы тиіс. Сондықтан, кәсіби оқытуда білім, білік және дағдылық қасиеттерді жеке түлға бойына сіңіріп, оны қадағалау, дамыту мәселесі басты орынға ие.

Алынған ресурс: http://www.izden.kz/referattar/pedagogika/676 Ғылыми жұмыстар жинағы. © izden.kz



4.1 Техникалық кәсіптік оқыту мамандығын дайындауда химиялық білім берудің ерекшеліктері

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің басты ѳлшемі - білім мен білік алған кез-келген азамат әлемнің кез- келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге кѳтерілу болып табылады»,- деп атап кѳрсетті. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен кѳлемі қауырт ѳсіп отырған бүгінгі күнгі жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті азаматтарды қалыптастыру, әсіресе студенттердің ѳзіндік танымы мен шығармашылық ойын қалыптастырып одан әрі дамытумен қатар, олардың ѳздігінен білім алуын, ізденуін, қорытынды жасауын және талдай білу дағдыларын қалыптастыру қажет.

Қазақстан дүниежүзілік мұнай елдерінің біріне айналып отырғандықтан, болашақ жастардың «кәсіптік оқыту» мамандығының «химия және мұнайды қайта ѳңдеу ѳндірісі бойынша кәсіптік оқыту» мамандандыру саласына химиядан осы мамандыққа бет бұрып, бағдар алуы негізгі мәселеге айналды. Қазақстанның 2030 даму стратегиясында: «Қазақстан үшін индустриялық технологиялы стратегия жасау қажеттігі дүниежүзілік тәжірибемен анықталған. Шикізаттың бір түрін ғана шығаратын ел болып қалмас үшін біз мұнай және газ ѳңдеу, химия және мұнай-газ химиясын ѳте қарқынды дамытуымыз керек», - деген. Осыған қарамастан, техникалық және кәсіптік оқу орындарының «химия және мұнайды қайта ѳңдеу ѳндірісі бойынша кәсіптік оқыту» мамандандыру саласының студенттеріне білім берудің сапасын кѳтеруге кѳмегін тигізетін әдістемелік құралдар жеткіліксіз деуге болады. «Кәсіптік оқыту» мамандығының «химия және мұнайды қайта ѳңдеу ѳндірісі бойынша кәсіптік оқыту» мамандандыру саласының студенттеріне білім беруде негізгі пәннің бірі химия.

Химиялық білім беру дегеніміз - студенттерді заттардың қасиеті мен түрленуін, олардың адам игілігіне жарату жолдарын зерттейтін химия ғылымының негіздерін, химиялық ѳзгерістер мен қазіргі жаңа техникаларға қолданатын химия материалдарын пайдалану мүмкіндіктерін, ѳндірістегі химиялық эксперимент, әдістері мен экологиялық мәселелерді, қоршаған ортаны қорғаудын химиялық жақтарын қарастыратын мәліметтер болып табылады.

Химиялық білім беруде теориялық білімді терендету мақсатында Қазақстан химиясы, республика ѳнеркәсіптері, мамандықтар туралы мәліметтер қамтылған ғылыми кѳпшілік әдебиеттер мен әдістемелік басылымдарды оқу үрдісінде пайдалану маңызды.

Ғылым мен техниканың дамуы мен шаруашылық салаларында, ѳндірістің қарқынды қадамы, әсіресе ѳндірістің мынадай салалары:мұнай ѳңдеу ѳнеркәсібі, күкірт қышкыл ѳндірісі, аммиакты синтездеу ѳндірісі, шойын және болат ѳндірісі, алюминий, кокс-химия ѳндірісі, жоғары молекулалы қосылыстар ѳндірісі және т.б. ѳндірістеріндегі даму мен технологиялардың ѳзгеруі мен ғалымдардың ашқан жаңалықтарына байланысты жоғары оқу орындарында химия пәнінің мазмұны мен окытылуында жаңа серпіндер мен жаңаша бағыттар, формалар мен әдіс- тәсілдермен толықтырылып отырады. Химияны окытуда кейбір ішкі салалардың синтезделе келіп, тарамдалған тараулардың біртұтастыкқа бірігіп келіп, не жаңа сала жасалуына негіз жасалып, не бұрынғы білім деңгейін жаңа аспектіде қарастыруға қажетті кѳзқарастар қалыптаса бастады.

Химияны окытудың техникалық жоғары оқу орнындағы деңгейінде де, ѳндірістің дамумен байланысын, түрлі әдістер мен тәсілдер оқыту заңдылықтары мен оқу мазмұны, кѳлемі ѳзгеріп отырды. Жоғары оқу орнында химия пәнін окыту аясын саралау зерттеу мәселесінің теориялық- әдістемелік негізін анықтау мүмкін болды.

Химия пәні жоғары оқу орындарында оқыту мазмұнының қоғам мен ѳндірістің дамуымен байланысты ѳзгеруін түрлі деңгейде, тұтастай еліміздегі техникалық, жаратылыстану бағытындағы жоғары білім беру деңгейінің дамуымен байланыстыра қарастыру керек. Химиялық білім беруде пәннің оқытылуы мен оның дамуын зерттеуде берілетін білім мазмұны, формасы мен құрылымының ерекшеліктерін танып - білу маңызды болады.

Химияны оқытудың заңдылықтарын жалпы жоғары білім берудің, дидактиканың, түрлі қоғамдық жаратылыстану ғылымдарының, медицина, ауыл шаруашылығы, ѳндірістің даму барысымен бірлікте танылады.

Химиялық білім беру ѳз деңгейінде, әдістемелік талаптарға сай жүргізілсе, студенттер оқу барысында алған білімдері мен біліктерін практикада пайдалана алу іскерлігіне ие болады.

Жоғары оқу орындарында студенттер кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша алған білімдерін жетілдіріп, химиялық реакциялардың жүру процестерін анықтап, әр түрлі зертханалық, эксперименттік және сандық есептеулерді мамандықтарына сай, кәсіби тұрғыда шешуге машықтанады. Олар химиялық технологиялық процестердің жаңаша жағдайларын анықтап, химиялық процестердің термодинамикасы, химиялық кинетика, ерітінділер,металдарды коррозиядан қорғауды, қоршаған ортаны қорғау туралы мәселелерде ѳз білімдерін тереңдетіп, ғылыми зерттеу жобаларын жасайды.

Жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандарды кәсіби шыңдау осы салада еңбек ететін маманды химия мен ѳнеркәсіптің түрлі салаларын таныту арқылы, онымен байланысты арнайы кәсіптік пәндерді оқыту арқылы жүргізіледі.

Техникалық-кәсіптік оқыту мамандықтарынының студенттеріне химиядан білім берудің мемлекеттіқ стандартына сәйкес «химия және мұнайды қайта ѳңдеу ѳндірісі бойынша кәсіптік оқыту» мамандандыру саласын дайындауда жүргізілетін пәндер негізгі компонент және жоғары орны ішілік болып бѳлінетіні белгілі. Негізгі компонент пәндеріне бейорганикалық химия, аналитикалық химия, органикалық химия, мұнай химиясы сияқты пәндер енеді. Ал коллоидтық химия, физикалық химия сияқты пәндер қолданбалы сипатты пәндерге жатады. Химиядан білім беруде стандартта белгіленген пәндер бойынша берілген кредит саны жеткіліксіз болады. Мысалы, негізгі пәндердің бірі - химия 1 - екі бѳлімнен: теориялық бейорганикалық химия мен элементтер химиясынан тұрады. Кейінгі шыққан мемлекеттік білім беру стандартында «кәсіптік оқыту» мамандығына химия пәніне 4 кредит бѳлінген.

Химиядан білім деңгейін қалауда берілген кредиттер саны жеткіліксіз болғандықтан, жоғары оқу орнында студенттердің ѳзіндік жұмысы белгіленеді. СӨЖ - оқу жоспарында қарастырылған оқу материалдарының қажетті кѳлемі мен мазмұнын игеруге, олардың интеллектуальдық, еркіндік және кәсіби сапаларын дамытуға байланысты оқу жұмыстарының түрлері

Техникалық-кәсіптік оқыту мамандықтарын халық шаруашылығының әр түрлі саласына қажетті, күнделікті ѳмірге керек шеберлікті, ептілікті қажет ететін әр түрлі кәсіптік дайындық деңгейін, нәтижесін анықтайтын химиялық білім қызықтырады. Химия пәнін арнайы пәндермен байланыстырудың үш кезеңі бар: алдын ала, ілеспе, болашақта орындалатын. Алдыңғы пәнаралық байланыстар - аналитикалық химия курсы материалдарын оқыту кезінде кәсіптік пәндерден бұрын алған білімдеріне сүйенеді. Ілеспе пәнаралық байланыстар - бұл бірқатар теориялық мәселелер мен ұғымдар бір мезгілде аналитикалық химия бойынша да, арнайы пәндер бойынша да қатар жүзеге асып оқытылатын байланыстар. Болашақта орындалатын пәнаралық байланыстар арнайы пәндерде аналитикалық химия пәнінен бұрын алған білімдерін қолдану. Бұл жағдайда арнайы пәнді оқыту химиядан берілген білімге негізделе жүргізіледі.

Техникалық-кәсіптік оқыту мамандықтарының студенттеріне кәсіптік бағытта дайындауда химия пәнінің алатын орыны ерекше болатын себебі, техникалық білім беруде осы пәннің теориялық негізін терең білмейінше органикалық химия, аналитикалыық химия, мұнай химиясы, техникалық анализ пәндерін меңгеу мүмкін емес. Химия пәнінен «Химия және мұнайды қайта ѳңдеу ѳндірісі бойынша кәсіптік оқыту» мамандандыру саласының студенттеріне білім беруде негізгі білім беру құралы оқулық екені сѳзсіз.

Техникалық және кәсіптік білім берудегі оқулықтардың мазмұнын дайындаудың ѳзіндік ерекшеліктері мен ѳзгешеліктері бар. Техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға қажетті әдебиеттер мен оқулықтар мазмұны мен құрылымы жағынан ѳзара бірімен бірі байланыста болады. Оқу материалдарының теориялық және тәжірибелік бѳлімдері логикалық түрде бірін бірі толықтыра отырып, пәнаралық байланыстың айтарлықтай жоғары деңгейін кѳрсетеді. Тәжірибелік бѳлімде технологиялық процестер, олардың жүргізілу жолдары, құрал-жабдықтары кѳрсетіледі.

Окулықтың басқа да ерекшеліктеріне: оқу ақпаратының берілуі мен құрылымның дәлдігі жатады. Оқулықта білім беру мазмұнының барлық компоненттері, мазмұнының пәндер бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарға сәйкестігі, материалының мазмұнын іріктеудегі негізгі ұстанымдары мен тәсілдері, яғни әлемдік қауымдастық пен Қазакстанның ғылымы мен ѳндіріс технологиясындағы жетістіктерді, ұлттық және жергілікті ерекшеліктерді, тарихи мәліметтерді, дәлелдерді және т.б. есепке алу, экологиялық білімді, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға әсер ететін айнала, қоршаған ортаны қорғау мәселесінің кѳрініс беруі, дидактикалық ұстанымдардың қадағалануы: ғылымилығы, мүмкінділігі, жүйелілігі және т.б материал кѳлемінің оны игеру уақытымен сәйкес келуі және білім беру мазмұнын іріктеу кағидасының қадағалануы кѳрсетілуі керек.

Дәріс сабағы кәсіптік және техникалық оқу орнының негізі оқыту үлгісі болып есептеледі. Дәріс қандай да бір деректерге, тұжырымдарға, теорияларға үйретуі ғана керек емес, жұмыс жасауға үйретуі, ғылымның «дәмін татырып», парасаттылықтың ұйытқысы болуы керек» [1]. «Электрохимия» деген тақырыпка арналған дәрісті қарастырайық.

Дәріс құрылымы мынадай болуы мумкін:

а) электрохимияны пәнаралық байланыс негізінде теориялық негіздерін түсіндіру;

ә) электрохимиялық процестердің негізгі мәселелері;

б) электрохимиялық процестерге арналған есептерді қалай шығаруды оқыту.

Осы тақырыпта дәрісті оқу кезінде шешілетін проблемалар тізбесі: электрохимия бѳлімінің негізгі түсініктері, электролиз заңдары. Электрохимиялық процестер гальваникалық элементтер мен электролиз заңына негізделеді. Сонымен қатар электрохимиялық процестердің негізінде тотығу-тотықсыздану реакциялары орын алады. Сондықтан электрохимиялық процестердің теориялық негіздерін түсіндіру кезінде тотығу-тотықсыздану реакцияларын осы тақырыптармен байланыстыру керек. Осы себептерге байланысты біз жұмысымызда аталған тақырыпта оқылған дәрісті аналитикалық химия, техникалық анализ және мұнай химиясы пәндерімен барынша байланыстыруға ұмтылдық. Мысалы, аналитикалық химия, техникалық анализ пәндерінде элементтердің химиялық кұрамы қарастырылады. Теориялық білімді меңгерумен ғана шектеліп, оны белгілі бір деңгейдегі тәжірибелік іс - әрекет біліктілігіне жеткізбеу оқу процесін аякталмаған етеді. Сондықтан біліктілікті қалыптастырудың үлгісі - сарамандық - зертханалық сабақтар.

Зертханалық жұмыстардың мақсаты - жаңа білім алу, берілетін білімді саналы түрде меңгерту. Студенттер зертханалық жұмыстарды белгілі бір тақырыптың материалды оқып ѳткеннен кейін орындайды.

Бағдарлама бойынша талап етілетін материалды студенттерге толық меңгерту тек студенттердің ѳзіндік жұмыстары кезінде жүзеге асады. Біздің дайындайтын мамандарымыз «химия және мұнайды қайта ѳңдеу ѳндірісі бойынша кәсіптік оқыту» мамандандыру саласы болғандықтан олардың базалық пәндерден алған білімдері дұрыс болуы керек. Өйткені келесі курстарда оқылатын аналитикалық химия, мұнай химиясы сияқты пәндерді жеткілікті деңгейде меңгеруі үшін студенттердің химиядан алған білімдері терең болуы керек. Химия курсында бейорганикалық қосылыстардың кластары, атом құрылысы, периодтық заң мен периодтық жүйе, химиялық байланыс түрлері, химиялық кинетика, термохимия, тұздардың гидролизі, тотығу-тотықсыздану реакциялары, ерітінділер, комплексті қосылыстар тақырыптары химияның келесі бѳлімдерін меңгеруге қажет.

Оқыту процесі екі компонентке - оқыту мен оқуға негізделіп құрылады. Оқу ѳз кезегінде студенттің басқа біреудің кѳмегінсіз әр түрлі білім кѳзінен қажетті ақпаратты ѳз бетімен жинақтайтын дербес оқу әрекетіне сүйенеді. Білім беру процесінде студенттің бүкіл оқу жұмысы ѳз бетімен білім алуға негізделіп,ѳзіндік оқу әрекетіне лайықталып құрылуы қажет.

«Химия және мұнайды қайта ѳңдеу ѳндірісі бойынша кәсіптік оқыту» мамандандыру саласын бітірген студенттер мамандануы мен мемлекеттік стандарттағы біліктілік сипаттамасы бойынша лицейлер мен колледждерде оқытушы болып, химия зертханаларында лаборант, ғылыми зерттеу институттарында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеуіне болады. Техникалық-кәсіптік оқыту мамандығын бітірген соң химияның бір саласына қызметке баратын болса, онда оның химияның бар бѳлігінен, соның ішінде базалық химия саласы болып келетін бейорганикалық химиядан білім деңгейі жоғары болуы керек.

4.3 Кәсіптік білім беру мекемелерінде химияны оқытудың әдістемелік аспектілері

Білім берудегі негізгі нәтижелер оқытудың дәстүрлі ұстанымдары мен заңдылықтарын қазіргі жағдайларға оңтайландыра отырып, кәсіби даярлығы жоғары, интеллектуалды мамандар даярлау болып саналады. Болашақ мамандарға қойылатын талаптар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұнын жаңаша ұйымдастыруды талап етуде.

Мұнайхимия саласында оқытылатын «Аналитикалық химия» жалпы кәсіптік пән екені белгілі. Ал осы саладағы техникалық анализ және өндірісті бақылау мен бұрғылау ерітіндісі және оларды дайындау технологиясы, петрография, кристаллография, минералогия арнайы пәндер қатарына жатқанымен, мұнайхимия кәсіптеріне байланысты білім беруде ең негізгі орын алады.

Аналитикалық химиядан алатын білім негізінде шикізатты, өнімді талдау, жұмысқа қажетті реактивтерді дайындау және оның жарамдылығын тексеру, талдауға қажетті есептеулерді жүргізу, талдау қорытындысына метрологиялық баға беру, зертханалық жабдықтарды сынау жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім беруде арнайы пәндер мен аналитикалық химия тығыз байланыста оқытылуы тиіс. Бұл пәндердің мазмұндық, жүйелік, тақырыптық, пәнаралық, пәнішілік байланыстарын жүзеге асыру негізінде болашақ мұнай және газ өңдеу қызметкерлерінің ғылыми және әдістемелік деңгейлерін көтеруге мүмкіндік туады[1].

Техникалық және кәсіптік оқу орындарының мұнайгаз өңдеу мамандықтары үшін аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқытуда келесі мәселелерді шешу қарастырылады:

1. Техникалық және кәсіптік оқу орындарының мұнайгаз өңдеу мамандықтарында оқытылатын пәндер арасындағы аналитикалық химияның техникалық талдау жүргізу әдістерін саралау. Зерттелетін заттарды талдау әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Заттарды талдау әдістері аналитикалық химия арқылы орындалғанымен, арнайы пәндермен байланысы арқылы оны күшейтуге, талдау әдістерін ғылыми жолға қоюға мүмкіндік туады.

2. Пәнаралық байланысты жүзеге асыруда пәндер мазмұнын кіріктіру І курста оқытылған анорганикалық химия мен ІІ курста оқытылатын жалпы кәсіптік пәндер, атап айтқанда конструкциялық материалдар, органикалық химия, электротехника негіздері, техникалық анализ және өндірісті бақылау және т.б. сияқты пәндермен аналитикалық химияның арасындағы пәнаралық байланысты орнату.

3. Аналитикалық химия мазмұнын арнайы пәндермен байланыстыру негізіне кіретін оқу материалдарын іріктеу. «Мұнай және газды қайта өңдеу» мамандығы бойынша аналитикалық химияның оқу бағдарламасына мұнай және газды өңдеу процестері, мұнайгаз өнімдерінің қасиеттері, оларды сапалық және сандық талдау әдістерін кіргізу.

4. Аналитикалық химия мен арнайы пәндерді байланыстыруда қоршаған ортаны қорғау шараларына көңіл аудару. Оқушыларға қоршаған ортаны қорғау проблемалары, мұнай өнімдерінің зияны мен пайдасы, қалдықсыз өндіріс туралы толық мәлімет беру.

Аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыруда оқушыларда техникалық және анықтама әдебиеттермен жұмыс істей білу біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, сапалық және сандық талдау жүргізуге қажетті зертханалық құралдар, аспаптармен жұмыс істеуге, ерітінділерін дайындауға үйретуге мүмкіндік туады.



Аналитикалық химия мен арнайы пәндерді байланыстыру кезінде оқытуға дидактикалық талаптар қойылып және оны орындауға баса көңіл бөлінеді:

Ғылымилығы. Аналитикалық химия анорганикалық химия, органикалық химия, физикалық химия, физика және математика зерттеулерінің нәтижелеріне негізделеді. Ал химияның негізгі заңдары мен түсініктері аналитикалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенеді. Сондықтан аналитикалық химияны химияның негізгі түсініктері мен заңдарын арнайы пәндермен байланыссыз оқыту мүмкін емес.

Жүйелілігі. Оқу материалдары ғылымның логикасына сәйкес бірінен-бірі туындайтын ретпен орналастырылады. Аналитикалық химияның теориялық негіздері оқытылғаннан кейін сапалық талдау, сосын сандық талдау, талдаудың физика-химиялық негіздері ретімен оқытылады.

Түсініктілігі. Оқу материалдарының түсініктілігін қамтамасыз ету үшін берілетін білім көлемін және оның мазмұнын арнайы пәндермен байланыста қарау жүзеге асады. Арнайы пәндердің теориялық негізінен толық мағлұмат беру ІІ курста өтілген аналитикалық химия негізімен байланыстарды қайталау арқылы жүзеге асады.

Көрнекілік принципі –ертеден қалыптасқан дидактикалық үрдістің бірі бола отырып, пәнаралық байланыста оның алатын орны зор. Мәселен, аналитикалық химиядан алған білімдерін арнайы пәндермен байланыстыру кезінде техникалық көрнекіліктерді кеңінен пайдалануға тура келеді. Пәнді оқыту кезінде модельдерді, суреттерді, мультимедиялық құралдарды, электронды оқулықтарды, сызбанұсқаларды қолдану арқылы жан-жақты бақылау жасауға, әр көрнекіліктен барынша мол ақпарат алуға, бақылау нәтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйрету мәселесі туындайды.

Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. Бұл студенттердің аналитикалық химия пәнінен алған білімдерін өмірмен ұштастыру барысында арнайы пәндермен тығыз байланыста қарастырамыз. Қазіргі кезде мұнай және газ өңдеу саласында жаңа технологияларды пайдалану, қуатты өндірістік қондырғыларды іске қосу және өндірілетін өнім түрлерінің көбеюі шикізат пен дайын өнімдер сапасына, технологиялық процестердің параметрлерін сақтауға қатаң талаптар қоюда.

Аналитикалық химияның техникалық анализ және өндірісті бақылау пәнімен байланысы мұнай өнімдерінің құрамындағы күкіртті қосылыстарды (Н2S, меркаптандарды) сапалық талдау, мұнайдағы немесе мұнай өнімдеріндегі механикалық қоспаларды анықтау, майлардың кокстенуін, мұнай өнімдерінің қышқылдылығын, иод және бром санын, түсін, сыну көрсеткішін анықтау және мұнай өнімдерін электрохимиялық зерттеу кезінде көрінеді. Осы мазмұндық байланыс зертханалық жұмыс кезінде де жалғасады. Мысал ретінде техникалық анализ және өндірісті бақылау пәнінде орындалатын мұнай өнімдерінің қышқылдылығын анықтау зертханалық жұмысын алса. Мұнай және мұнай өнімдерінің қышқылдылығы құрамындағы нафтенді, карбон және оксикарбон қышқылдарының, фенолдың және басқа да қышқылдық сипаттағы қосылыстардың мөлшеріне байланысты. Мұнай және мұнай өнімдерінің қышқылдылығы оның құрамындағы қышқылдың мөлшерімен емес, барлық қышқылдық қасиет көрсететін органикалық қосылыстарды бейтараптауға жұмсалатын сілтінің мөлшерімен есептеледі. Мұнайдың және минералды майлардың қышқылдылығын қышқыл санымен сипаттайды. Мұнай өнімдерінде органикалық қышқылдардың болуы тиімсіз, өйткені органикалық қышқылдардың коррозиялық активтілігі өте жоғары. Қышқылдылықты калий гидроксиді ерітіндісімен индикатор қатысында титрлеу арқылы анықтайды. Ал аналитикалық химия пәні бойынша титриметриялық талдау операцияларын меңгермеген студенттің бұл жұмысты орындай алмасы белгілі. «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығының студенттеріне аналитикалық химияны оқыту барысында мұнай өнімдерін сандық талдау әдістеріне көбірек көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда жалпы халықаралық мәселелер деңгейінде қоршаған ортаны ластанудан қорғау мұнай және газды бұрғылау, өндіру және өңдеу кезінде ескеретін жағдайлардың бірі ретінде қаралуы тиіс. Сондықтан тақырыптар мазмұнына сәйкес студенттердің орта мектептен І курс көлемінде химиядан алған білімдерін негіз ете отырып, ортаны қорғауға байланысты өзіндік жұмыс орындауды тапсырылады.

Техникалық анализ және өндірісті бақылау пәні бойынша студенттер теориялық материалдарды меңгеріп қана қоймай, практикалық іс-әрекеттер барысында да оларды сабақтастық деңгейде орындайды. Мұндай жағдайда теориялық білім сабақтастығы жаңа білімді қабылдауға дайындығын күшейтетін, ақыл ой белсенділігімен қатар іс әрекет сабақтастығы дамып, өзіндік әрекеттері қалыптасады [2,3].



Аналитикалық химияның бұрғылау ерітінділері және оны дайындау технологиясы пәнімен байланысын алатын болса, аналитикалық химиядағы ерітінділер туралы түсінік екінші жоғарыда аталған пәндегі бұрғылау ерітіндісінің рН есептеу, бұрғылау ерітіндісінің сүзіндісіндегі К+ мөлшерін, баритті ауырлатқыштың сапасын және бұрғылау ерітіндісінің құрамындағы кальций және магний мөлшерін, хлор ионын анықтау қабыса отырып байланысады.

Аналитикалық химияның кристаллография, минералогия және петрография пәнімен байланысын қарастыру кезінде геологиялық, геохимиялық проблемаларды шешудегі аналитикалық химияның мазмұны минерал құрамындағы суды және карбонатты тау жынысының құрамындағы кальций және магний оксидін, минералдардың түсін, кристалдардың оптикалық қасиеттерін анықтауға байланысты қарастырылады.

Аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыру нәтижесінде теориялық білімнің ғылымилығы және оның практикалық мәні ашылады. Аналитикалық химия мен арнайы пәндердің мазмұнын сабақтастыра отырып, студенттердің бүгін алған білімі мен келешекте меңгеретін білімінің байланысын күшейту және оларды дамыту мақсаты жүзеге асырады.

Аналитикалық химияны оқыту әдісіне тоқталса, әдіс – білім берудің басты құралы. Білім беруде қолданылатын әдісті анықтап алмай, мазмұнының ашылуы, мақсатына жету және жұмыс түрінің ұйымдастырылуы мүмкін емес. Білім беру жолында қолданылатын әдістер түрінің көптігі белгілі. Оқыту әдістері оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Студенттердің ой дербестігін, өздігімен істейтін жұмыс даралығын, оқу әрекеттерінің тиімділігін арттыруда сөздік әдіс пен оның тәсілдері маңызды орын алады. Сөздік әдіс тобына әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, пікір сайыс, оқулықпен жұмыс, дәріс жатады.

Пән мазмұнын байланыстыра отырып модульдік технологиямен оқытуда, студенттің таным әрекетін жандандыратын, білімнің теориялық негізін қалауға мүмкіндік беретін дәріс сабағы кеңінен қолданылады.



Білім алушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыруға және пәнаралық байланысты орнатуда дәріс сабақтарын ұйымдастырудың нақты мысалы ретінде «Гравиметриялық талдау» деген тақырыпқа арналған дәріс алынған. Дәріс құрылымы мынадай болуы мүмкін: а) гравиметриялық талдаудың пәнаралық байланыс негізінде теориялық негіздерін түсіндіру; ә) гравиметриялық талдау операцияларын орындаудың әдістемесінің негізгі мәселелері; б) арнайы пәндермен пәнаралық байланысқа құрылған гравиметриялық талдау есептерін шешуді оқыту. Осы тақырыпта дәрісті оқу кезінде шешілетін проблемалар тізбесі: гравиметриялық талдау бөлімінің негізгі түсініктері, мұнай және газ өңдеу өндірісіндегі қолдану ерекшеліктері, артықшылығы мен кемшіліктері. Гравиметриялық талдау зат массасының сақталу заңына, құрам тұрақтылық заңына және эквиваленттер заңына негізделеді. Сонымен қатар гравиметриялық анықтаулар негізінде әр түрлі химиялық реакциялар: айрылу, орын басу, алмасу және комплексті қосылыстар түзу реакциялары жатыр. Сондықтан гравиметриялық талдаудың теориялық негіздерін түсіндіру кезінде колледждің І курсында оқытылатын анорганикалық химия курсындағы осы тақырыптармен байланыстыру керек. Бұл пәнді оқыту үшін қолданып жүрген оқулықтарда гравиметриялық талдау туралы теориялық мәліметтер берілгенімен, онда мұнай және газ өңдеу саласына арналған қандай да бір сұрақтың қамтылмағандығын байқаймыз. Ал гравиметриялық талдау – мұнай өнімдерін сандық талдау кезіндегі және мұнай өнімдерінің сапа көрсеткіштерін, атап айтқанда күлділігі, кокс мөлшері, механикалық қоспа және т.б анықтауда қолданылатын негізгі әдістердің бірі. Осы себептерге байланысты осы жұмысымыста аталған тақырыпта оқылған дәрісті техникалық анализ және өндірісті бақылау, бұрғылау ерітінділері және оны дайындау технологиясы және петрография, кристаллография, минералогия пәндерімен байланыстырылған. Мысалы, петрография, кристаллография, минералогия пәнінде минералдардың химиялық құрамы қарастырылады. Жер қабатында геологиялық әсерден пайда болатын химиялық бір тектес табиғи қосындыларды минерал деп атайды. Олай болған уақытта минералдардың химиялық құрамын, ол құрамның қалай құралған заңдарын, жаратылысын танып білу үшін жалпы жер қабаттарындағы химиялық элементтердің қосылу заңдарын, қалай қозғалып, қалай орналасқандығын білу қажет. Демек, бүкіл Жер қабаттарындағы минерал құраушы химиялық заңдарды білу керек. Сондықтан 0701000– «Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау» мамандығы бойынша аналитикалық химияның теориялық негізін қарастырған кезде жер қабаттары, яғни геосфералар, жеке геосфералардың сипаттамасын, оны құраушы элементтер туралы айтқан жөн. Сонымен қатар Норвегияның атақты ғалымы, геохимияның негізін салушы В.М.Гольдшмидт барлық элементтерді геосфераға таралуына байланысты төртке бөлгендігін, яғни 1) атмофилдер (ауалық элементтер); 2) литофилдер (литосфералық элементтер, яғни оттекпен қосылатын элементтер); 3) халькофилдер (мысқа тән элементтер, бұл күкіртпен қосылатын, руда қабатын құраушы элементтер); 4) сидерофилдер (темірге тән элементтер, бұл жердің ішкі ядросына жиналатын элементтер) кіргізуге болады. Петрография ғылымы – тау жыныстарының минералдық және химиялық құрамын, құрылысын, жаратылысын, сырт бейнесін, геологиялық және географиялық таралуын, өз ара қарым-қатынастарын, осыларға байланысты кен байлықтарын зерттеуші ғалым. Осы аталған мақсаттарына қарай петрографияның өзіне тән әдістері бар. Ол әдістерге оптикалық, минералдық, эксперименттік және геологиялық әдістер жатады[4]. Ал осы әдістердің негізі аналитикалық химиямен тікелей байланыста.

Теориялық білімді меңгерумен ғана шектеліп, оны белгілі бір деңгейдегі тәжірибелік іс – әрекет біліктілігіне жеткізбеу оқу процесін аяқталмаған етеді. Сондықтан біліктілікті қалыптастырудың үлгісі – сарамандық – зертханалық сабақтар.

Зертханалық жұмыстардың мақсаты – жаңа білім алу, берілетін білімді саналы түрде меңгерту. Студенттер зертханалық жұмыстарды белгілі бір тақырыптық материалды оқып өткеннен кейін орындайды.

Зертханалық жұмыстардың атқаратын міндеттері мен мақсаты[4] тұжырымдалады: дәріс кезінде алынатын білімді кеңейту және тереңдетіп бекіту; оқылатын ғылыми теориялық жағдайларды іс жүзінде тәжірибе жасау жолымен тексеру; жабдықтармен, аспаптармен, тәжірибелік қондырғылармен және материалдармен танысу, зерттеудің әр түрлі әдістерін іс жүзінде меңгеру және зерттеу; кәсіби іс-әрекеттің белгілі түрін жүзеге асыру біліктілігін қалыптастыру, яғни кәсіби міндеттің белгілі түрін ашу; тәжірибе мәліметін алудан тұратын зерттеушілік және тәжірибелік біліктілікті қалыптастыру.

Зертханалық сабақтар барысында байқау, сараптау, байқау мәліметтерін салыстыру, қорытындылау әрекеттері орын алады. Ойлау әрекеті, қимыл әрекетімен байланыстырылады да олардың осылайша ұштасуы таным әрекетінің нәтижелілігін көтереді [5].

Аналитикалық химия пәнi эксперименттік пән болғандықтан пәнді оқытуда эксперименттiң маңызы зор. Химиялық эксперимент- құбылыстардың сырын ашудың негiзгi құралы. Эксперимент арқылы құбылыста ешбiр жұмбақ, жасырын сыр жоқ екенiне, олар да табиғи заңға бағынатынына, ол заңдарды бiлу химиялық өзгерiстердi адамның практикалық iс-тәжiрибелерiнде кең пайдалануға мүмкiндiк туғызатынына оқушылардың көзi жетедi. Эксперимент оқу үрдiсiнде теорияның тәжiрибемен өзара байланысын iс жүзiне асырады, бiлiмдi сенiмге айналдырады.

Қорыта айтқанда, кәсіптік және техникалық оқу орындарының «Мұнай және газды қайта өндеу технологиясы» мамандығының студенттеріне аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыру негізінде оқыту әдістерін жетілдіру студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға, оқу процесін кешенді ұйымдастыруға – оқу сапасы мен оқыту нәтижесін көтеруге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет