80
талаптар қояды. Саябақта "қалалық" ҥлгідегі ірі қҧрылыстар — ҥлкен
кӛлемдегі мәдениет сарайлары, клубтар, театрлар және т. б. болмауы тиіс.
Саябақтағы кез келген ғимарат кӛлемді тҥрде қабылданады, сондықтан
оның архитектурасында "артқы" қасбеттері болмауы тиіс. Қҧрылыстың
жоспарына ашық және әйнектелген верандалар енгізілген жӛн. Кӛрмелерге
арналған павильонды бір кӛлем тҥрінде емес, экспонаттар, мҥсіндер,
гҥлзарлар ҥшін пайдаланылатын ашық верандалары мен алаңдары бар екі
және тіпті ҥш кӛлем тҥрінде шешкен жӛн.
Барлық саябақ қҧрылыстары - осы саябақ ансамблінің органикалық
бӛлігі, олардың кӛлемі мен тҥстік сипаттамасы қоршаған желектермен
ҥйлесуі тиіс.
Гҥлзары, гҥлдері, жолдары бар бедерлі негіз тҥріндегі табиғи нысандар,
сондай-ақ ағаштар мен бҧталардан жасалған кеңістіктік композициялар
саябақ ландшафтының қҧрылымдық қаңқасын қалыптастырады.
Кӛгалдар тҥрлі формадағы гҥлзарлармен толықтырылады: сызықтық
егістер, тҧрақты гҥлзарлар, сурет бойынша ою-ӛрнектер, кҥрделі тақырыптық
композициялар. Ӛсімдіктердің гҥлдену кезеңдерінің ауысуын ескере отырып,
оларды білікті таңдау кӛктемнен кҥзге дейін гҥлбақтың жарқын келбетін
сақтайды.
Ағаштарды ҧшар басының ӛлшемі мен тҥрі бойынша іріктеу жалпы
композицияның сҧлбасын болжау кезінде елеулі мәнге ие. Қолдауына
қарамастан, ӛте ескі ағаштар ерте ме, кеш пе алынып тасталады.
Шағын жасанды су айдындары, субҧрқақтар, деңгейлердің ӛзгерісі бар
жылдам су ағындары қалалық ортаны маусымдық ландшафттық абаттандыру
элементтері ретінде орнатылады.
Кӛрініс әлеуеті жоғары субҧрқақтардың периметралды немесе
орталықты композициясы, ҧшқын су ағысының динамикалық кӛріністерінің
кӛмегімен оның мәнерлілігін кҥшейту ҥшін қалалық кеңістікке енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: