Байланысты: 2 Ландшафтық дизайн тұжырымдамасының негізгі ережелері
Алғысөз Ежелгі заманнан бері адам ӛз ортасында «жайлылық» деп аталатын
кӛгалдандыру және абаттандыру жҧмыстарымен айналысады. Ландшафттық
дизайн – бҧрыннан белгілі ҧғым. Қазіргі заманғы ландшафтық дизайн
кӛптеген жағдайларда, әсіресе мәселе ҥй маңындағы учаскелерге қатысты
болса, ӛзекті. Оның безендірілуі сауатты ойластырылған, қызықты декор
заттары бар. Бҧл, дизайн тҧрғысынан, қала сыртындағы әдемі жерді иеленуге
мҥмкіндік береді. Ол сәнді және бай, қаланың басты кӛрікті орны – паркпен
салыстырылуы мҥмкін.
Ландшафтық дизайн – бҧл ӛнер, шығармашылық, инженерлік аспектіні,
биологиялық аспектіні және тарихи аспектіні қамтитын ҥш бағыт
тоғысындағы тҧтас ғылым. Ағаш отырғызу, орындықтар орнату және бҧрқақ
орнату жеңіл сияқты кӛрінгенмен, бәрі бір қарағандағыдай оңай емес. Бҧл
ҥйлесімді пейзаж болуы ҥшін бірқатар ережелерді сақтау және белгілі бір
ландшафтық дизайн заңдарын ҧстану қажет. Сондай-ақ, ағаш, бҧта, гҥл, шӛп
ӛсімдіктерінің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін білу қажет.
Ежелгі ӛнердің пайда болуының «бастауына» оралу қажет. Тек бақ-саябақ
ӛнерінің барлық қырларын танып, ландшафтық дизайнды жобалауға кірісуге
болады.
Кез келген саланың ӛз тенденциялары бар. Ландшафттық дизайн
ерекше. Жыл сайын мамандар жерді безендірудің жаңа нҧсқаларын ҧсынады.
Олар қазіргі заманның кӛңіл-кҥйін және таңғажайып қабілеттері мен таланты
бар шеберлердің кӛзқарастарын кӛрсетеді. Бҧл әдістер ӛз учаскесінде
қолдану ҥшін ӛте қолайлы. Заманауи ландшафтық дизайн стильдері бақшаны
сәнді және ерекше демалыс орнына айналдыруға мҥмкіндік береді.
Ландшафттық дизайнның негізгі және ең басты элементі – жасыл
массивтер. Қаланың жасыл желектері аумақты кӛгалдандыру және жаңарту,
табиғат қорғау және рекреация мәселелерін кешенді шешуді қамтамасыз
ететін және халықтың еңбек, тҧрмыс және демалыс жағдайларын жақсартуға
бағытталған қала мен іргелес аудан ландшафтының ӛзара байланысты
элементтерінің бірыңғай жҥйесі — кешенді жасыл аймақтың қҧрамына
кіреді.
Оқу қҧралы 1508000 «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және
ландшафтық қҧрылыс» (тҥрлері бойынша) мамандығының, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің ӛзектендірілген ҥлгілік оқу
жоспарлары мен бағдарламалары бойынша әзірленген және аталған
мамандықтың «Ландшафттық дизайн шебері» біліктілігі бойынша оқитын
студенттерге арналған.
Оқу қҧралы 4 тараудан және 24 тақырыптан тҧрады. Әр тақырыптың
соңында студенттердің білімін бекітуге және ӛзін-ӛзі бақылауға арналған
сҧрақтары берілген. Жобалаудың, тҧқымдар сҧрыптамасын таңдаудың және
т.б. белгілі бір тақырыптармен танысуына қарай оқу қҧралының соңында
кӛрсетілген практикалық тапсырмаларды орындау ҧсынылады. Студенттер
6
практикалық тапсырмаларды ӛз бетінше орындауы қажет. Практикалық
тапсырмаларды орындау кезінде топтық және/немесе жеке жҧмыс
ҧсынылады. Бағалау критерийлері оқу нәтижелеріне бағдарланады.
Курстың негізгі мақсаты мен міндеттері ландшафтық ӛнердің негізгі
принциптерін меңгеруге және «жасыл» қҧрылыстың тәсілдерін меңгеруге
бағытталған. Студенттер Қазақстан Республикасының негізгі сәндік ағаш-
бҧта тҧқымдарымен танысады. Бақ-саябақ ӛнерінің стильдерін зерттейді,
ландшафтық дизайнның негізгі заңдары мен ережелерін, сондай-ақ ағаш-бҧта
тҧқымдарының ассортиментін таңдау ережелерін меңгереді. Осы оқу
қҧралын оқу аяқталғаннан кейін студенттерде аумақты абаттандыру және
кӛгалдандыру саласындағы кәсіби қҧзыреттіліктер қалыптасады.