Қаралды.
Политехникалық бірлестік отырысында
Хаттама №____
«___»_________2016ж
Бірлестік жетекшісі
___________ Утенова Б.П
Келісілді.
Директордың
оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Тазабекова М.Б
Бекітемін.
Мектеп директоры
________________
Д.С.Жайсанбаева
«__»______2016ж
«Жас информатик» үйрмесі
Тақырыбы: - «HTML тілі және «FrontPage мүмкіндіктерін тиімді пайдалану әдістері».
Үйірме жетекшісі - Н.Н Тұрғанбеков
2016-2017 оқу жылы
Түсіндірме жазба
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
«Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» - деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Демек, Қазақстанның болашақ білімді мамандарын дайындауда алатын білімнің ұшқырлығы мен нәтижелігі заман талабына сай жалпы орта білім бейінді оқытуға көшу .
Сондықтан да жаратылыстану пәндерінің бірі информатика бағытындағы «HTML және FrontPage тілі мүмкіндіктерін тиімді пайдалану әдістері» үйірме бағдарламасы 11 сыныпқа арналады. Информатика пәнінен Frontpage және HTML тілінің қосымша мүмкіндіктерін оқушыларға меңгерте отырып, теорияны практикамен ұштастыру мақсатында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оның ғылым мен техникадағы қолданыс аясын кеңейтуде маңызы зор.
Үйірме бағдарламасы 11 сыныпқа аптасына - 1, жылына - 34 сағатқа есептелініп жоспарланып жасалынған. «HTML тілі және FrontPage мүмкіндіктерін тиімді пайдалану әдістері» үйірмесінде программаның құрылымы, негізгі түсініктері жан-жақты қарастырылады. Оқушылар теориялық білімдерін тәжірибелік білімге қолдана біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |