Д. Т. Курманова, З. А


Сыныптан тыс жұмыстарының оқыту әдістері



бет50/53
Дата05.09.2020
өлшемі1,28 Mb.
#77328
түріКонспект
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
1849338815321 Курманова

11.1 Сыныптан тыс жұмыстарының оқыту әдістері

Оқушыларды тәрбиелеу тек сабақтармен шектелмейді. Ол сабақтан тыс уақытта да жалғастырылады және терңдетіледі. Тек сабақта ғана толық көлемде тәрбиенің күрделі және көп қырлы мәселелерін шешу мүмкін емес. Сабақтан тыс алуан түрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ол әдетте, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар деп бөлінеді.


Сыныптан тыс жұмысқа ұйымдастырылған, мақсатты түрде жүргізілетін тәрбиелік және оқыту сипатындағы сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстар жатады. Бұл сабақтар тәрбиенің жалпы жүйесінің бөлінбес бір құрамы. Олар оқушының жан-жақты дамуына, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруына ықпал етеді.

Тәрбиенің жалпы жүйесінде мектептен тыс атқарылатын жұмыстардың орны ерекше. Олар мәдениет үйлері, балалар кітапханалары, театрлар, жасөспірімдер клубтары секілді мектептен тыс ұйымдар өткізетін тәрбиелік және білім беру сабақтары, мәдени-ағартушылық шаралар. Соңғы жылдары оқушылардың тұрғылықты мекен – жайы бойынша мектептен тыс тәрбиелік жұмыс кең қанат жаюда. Ол балалар алаңқайларында, парк пен скверлерде өткізіледі. Оларды әдетте, мектептен тыс ұйымдар, мектептер және кәсіпорындар мен мекемелердің қоғамдық ұйымдары, оқу орындары ұйымдастырады. Мектептен тыс жұмысқа жанұядағы тәрбиелік жұмыстарды да жатқызуға болады.


Оқу сабақтарынан сыныптан тыс жұмыстардың ең бірінші, басты ерекшелігі – олар ерікті негізде ұйымдастырылып, жүргізіледі. Оқушыларды оған сабақтардың алуан түрінен таңдау еркіндігі арқылы тартады. Қызығушылықтары мен бейімдеріне қарай өз беттерінше түрлі үйірмелерге жазылады, өз қалаулары бойынша сабақтан тыс уақытта жаппай орындау және жеке жұмыстарға қатысады. Педагогтық және оқушы ұжымдарының міндеті – сыныптан тыс жұмысқа оқушыларды түгел тарту. Оны еркінен тыс мәжбүрлеуге болмайды. Бірақ, оқу сабақтары аяқталған соң, оқушылар сыныптан тыс сабақтарға қатыспай өз беттерінше жүруіне жол бермеу керек.
Сыныптан тыс жұмыстың екінші ерекшелігі ол міндетті бағдарламалар шектеріне байланысты емес. Олардың мазмұны мен формалары оқушылардың қызығушылығы мен сұраныстарына, жергілікті жерлердің шарттарына байланысты.
Пәндік және басқа да үйірмелердің бағдарламалары ұқсас, тұспалды. Үйірме жетекшілері осы бағдарламалар негізінде және инструктивті – әдістемелік нұсқаулар негізінде нақты шарттар мен оқушылар қалауын ескере отырып, жұмыс жоспарларын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнын икемді, оқушылар қызығушылығы мен талаптарына сай етуге мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың үшінші ерекшелігі – ол әр түрлі жастағы оқушыларды қамтиды. Мектеп хоры немесе оркестрі, шығармашылық үйірмелер мен спорттық ұжымдардың жас айырмашылықтары сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуге кедергі келтіре алмайды. Керісінше, әр сыныптағы оқушыларды біріктіре отырып өткізілген сыныптан тыс сабақтар жалпы мектептік ұжымды ынтымақтыққа тартады. Осындай үйірмелердегі жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларын қамқорлыққа алуға, жолдастық өзара көмекті дамытуға жақсы жағдайлар туындайды.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың төртінші ерекшелігі – оқушылардың өз бетінше жұмыс атқаруы басым болуы. Үйірмелер мен спорттық ұжымдарда, көркемөнерпаздар ұжымдарында мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын орындауға кең мүмкіндік ашылады.
Оларды сөзсіз педагогтар бағыттап отырады, бірақ оқу сабақтарынан өзгешелігі оны мектеп оқушылары өздері ұйымдастырады. Сыныптан тыс және

мектептен тыс жұмыстарға педагогтық жетекшілік оқушылардың дербестігі мен инициативасымен үйлеседі.


Қазіргі кезде тәрбиелік жұмысты ұйымдастырудың бесінші ерекшелігі оқушылардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің үлес салмағының артуы.

Сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты ұйымдастырудың ерекшелігі олардың формалары мен тәсілдерінің алуан түрлілігі.


алтыншы

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда көптеген жетіспеушылыктер бар. Кейбір мектептерде осы жұмыстың бір ғана бағыты дамытылған. Кейде педагогтық жән оқушылар ұжымы өз күштерін тек физикалық және эстетикалық тәрбиеге ғана бағыттайды.


Басқа мектептерде тек еңбектік тәрбиеге, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына ғана мән беріледі. Нәтижесінде сыныптан тыс жұмыс өз мақсатына – оқушының жан-жақты дамуына әсер ету – мақсатына жетпейді.
Кей жағдайда сыныптан тыс жұмысқа барлық оқушылар емес, тек қана белсенді топ араластырылады. Басқа мектеп оқушылары, бастапқы кезекте қиын балалар, сабақтан тыс уақытта ұйымдастыру ықпалынан тысқары қалады.
Тәрбие ғылымы бала табиғаты даму заңдылықтарына сәйкес және бағынышты болуы керек, тану объекті ретінде оның ішкі әлемі қарастырылуы керек, практикалық әрекеттің мақсаты – баланы өмір сүруге үйрету, басқалармен мәдени қарым-қатынас жасауға және осы әректтерден ләззат алуға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет