Оқиға барысы[өңдеу]
Желтоқсан оқиғасы
1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.
Кеңес саяси жүйесіндегі реформалар[өңдеу]
1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі съезде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де үздексіз сыналды. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде жаңа одақтық келісім шарттары жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы республикалары, Украина, Қырғыстан). 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады. КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Ресей Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Ресей «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі сөққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді.
Қоғамдық – саяси қозғалыстар[өңдеу]
Невада-Семей қозғалысы
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.
1991 жылғы тамыз бүлігі[өңдеу]
Мәскеуге енгізілген әскерлер
5 тамыз күні М. С. Горбачев отбасымен бірге Қырымда құрылысы жаңадан аяқталған Форосқа демалуға кетті. М. С. Горбачев демалысқа кеткеннен кейін ел билігін Мемлекеттік төтенше жағдай комитеті өз қолына алады. 18 тамызда Форосқа ГКЧП (Мемлекеттік төтенше жағдай комитеті) мүшелері — Бакланов, Шенин, Болдин, Варенников жөне Плеханов барып, М. С. Горбачевтің елде төтенше жағдай жариялау туралы құжатқа қол қоюын талап етті. М. С. Горбачев құжатқа қол қоюдан бас тартты. ГКЧП-ның басшылары вице-президент Г. И. Янаев, В. С. Павлов, Д. Т. Язов, Б. К. Пуго, В. Крючков, В. А. Стародубцев, А. И. Тизяков жөне Бакланов болды. 19—21 тамыз күндері ГКЧП басшылары Мәскеу төңірегіне әскерлерді әкелді. Бірақ, нақты іс-өрекеттерге бармады. Мәскеу қаласында демократиялық күштердің шақыруымен 500 мың адам қатысқан саяси шеру болды. Жиналғандар алдында Б. Н. Ельцин сөз сөйлеп, ГКЧП-ның іс-өрекеттерін антиконституциялық, антидемократиялық деп бағалады. ГКЧП мүшелері ешқандай қарсылық көрсетпеді. 1 тамызда ГКЧП мүшелері Форосқа барып, М. С. Горбачевті Мөскеу қаласына өкелді. 22 тамызда ГКЧП басшылары тұтқындалды. Елдегі билік Б. Н. Ельциннің қолына көшті. 23 тамызда РКФСР Жоғарғы кеңесінде М. С. Горбачевтің КОКП-ты таратуға келісім беруі үзілді-кесілді талап етілді. М. С. Горбачев КОКП-ты тарату туралы келісімге қол қойды. Б. Н. Ельцин РКФСР компартиясын таратты. 1991 жылы 8 желтоқсанда Белорусияның Беловеж Пущесында үш славян мемлекетінің басшылары — Б. Ельцин (РКФСР), Л. Кравчук (Украина) жөне С. Шушкевич (Белоруссия) кездесіп, “Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы халықаралық құқық негізінде өзінің өмір сүруін тоқтатты” деген мәлімдеме жариялады. 10 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылғандығы (ратификацияланды) бекітілді. 1991 жылы 16 желоқсанда Қазақстан Республикасы өз төуелсіздігін жариялады. 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы 11 ел басшылары бас қосып, ТМД елдерінің ынтымағы ретінде Алматы декларациясына қол қойды. КСРО ыдырап, оның орнына жаңа одақ — ТМД құрылды. 1991 жылы 25 желтоқсанда М. С. Горбачев теледидардан сөз сөйледі. Ол “ТМД елдері одағының құрылуы, КСРО деген елдің жойылуы менің КСРО Президенті қызметінен бас тартуыма әкелді” деді. Кешкі сағат 19-дан 38 минут кеткенде Кремльдің үстіндегі КСРО-ның қызыл жалауы түсіріліп, оның орнына қызыл, ақ және көк бояулы Ресей жалауы ілінді. Сөйтіп, XX ғасыр тарихындағы ең ірі держава — КСРО деген ел тарих қойнауына кірді.
КСРО-ның сыртқы саясаты[өңдеу]
70-жылдардың соңында КСРО- ның өз өскерлерін Ауғанстанға кіргізуі “қырғи-қабақ” соғыс саясатының жаңадан басталуына әкелді. АҚШ жөне оның одақтастары КСРО-ға қарсы күш көрсету саясатын жалғастыра отырып, “жұлдыздар соғысы” доктринасын қабылдады. Бүл КСРО Үкіметі үшін өте ауыр болды. Кеңес мемлекеті сыртқы саясатта Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі “барқыт” революциясынан қорғанып, кеңестік диктат саясатын жалғастырды. 80-жылдардан бастап КСРО сыртқы саясатта жаңаша ойлау доктринасын жариялады. 1985 жылы КОКП-Ның Орталық комитетінің сөуір пленумында М. С. Горбачев сыртқы саясаттағы жаңа доктринасын белгілеп, американ-кеңес қарым-қатынастарындағы келіссөздерді жаңа бағытқа көшірді. 1985 жылы күзде Женева қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. 2000 жылға дейін ядролық қаруды таратпау жөне қысқарту туралы келісімдерді жалғастыруға келісті. 1985 жылы қазан айында Исландия астанасы Рейкявик қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. Орта қашықтықтағы зымыран- дарды қысқарту туралы келіссөздер жүргізілді. М. С. Горбачевтың сыртқы саясаттағы жаңаша ойлау түжырымдамасын көптеген Батыс Еуропа елдері қолдады. Бейбіт қатар өмір сүру саясатын жалғастыру арқылы КСРО өзінің диктаттық саясатынан бас тарта бастады. 1987 жылы 8 желтоқсанда Вашингтон қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган үшінші рет кездесті. Олар орта жөне қысқа қашықтықтағы зымырандарды жоюға келісті. 1989—1991 жылдардағы Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі демократиялық революция нөтижесінде бүл елдерде социализмнен капитализмге өту процесі жүрді. 1989 жылы желтоқсанда АҚШ Президенті Дж. Буш (үлкен) жөне КСРО Президенті М. С. Горбачев Мальта аралында кездесті. Екі ел стратегиялық қаруларды 50 %-ға қысқартуға келісті. Химиялық қару-жарақты жоюға келісті. 1989 жылы қарашада Берлин қабырғасы құлатылып, бүл “қырғи-қабақ” соғыс саясатының символына айналды. 1990 жылы 3 қазанда екі Германия мемлекеті біріктірілді. Еуропада Герман Федеративтік Республикасы — біртүтас неміс мемлекеті құрылды. М. С. Горбачев пен Г. Коль екі мемлекетті біріктіруге зор еңбек сіңіріп, тарихта қалды. 1989 жылы 15 ақпанда КСРО Ауғанстаннан Кеңес өскерлерін шығарды. 1990 жылы М. С. Горбачев Нобель сыйлығын алды. 1990—1991 жылдарда КСРО-ның ішкі дамуындағы дағдарыс пен ұлтараздық, жергілікті соғыстар КСРО-ның халықаралық қатынастағы беделін түсірді. Халықаралық қатынаста бір полюстің ықпалы күшейе түсті. 1991 жылы АҚШ-тың Иракқа қарсы “құмдағы дауыл” соғыс жылдарында айтарлықтай қолдау жасай алмай, бейтараптық саясат ұстанды. КСРО үлы державалық саясатынан айырылды. 1991 жылы 28 маусымда Социалистік елдер арасындағы ынтымақ ұйымы, Өзара экономикалық кеңес ұйымы өз жүмысын тоқтатты. 1991 жылы 1 шілдеде Прага қаласында Варшава келісіміне мүше елдер өскери одақтың жұмысын тоқтатқандығы туралы келісімге қол қойды. КСРО-ның құлауынан кейін Төуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ұйымы құрылып, КСРО-ның мүрагері — Ресей Федерациясының жаңа тарихы басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |