Сұйықтардың және газдардың қысымы. Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс. НҰСҚА 5 7/4
А-ТОБЫ
Керосиннің ішінде, оның деңгейінен 400мм биіктікте тығын тұр. Егер тығынның ауданы 16см2болса, осы тығынға керосин қандай қысым күшін түсіреді? к800 кг/м3.
Төртбұрышты шыны ыдыстың табанының ұзындығы 50см, ені 20 см. Осы ыдысқа 5 л су құйылды. Судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай? с1000 кг/м3.
Шаңғышының қарға түсіретін қысымы 2,5 кПа. Егер бір шаңғының ұзындығы 190см, ал ені 8 см болса, онда шаңғышының массасы қандай?
Жүгі бар тіркеменің массасы 2,5т. Әр дөңгелектің жолмен жанасу ауданын 125 см2-қа тең деп алып, тіркеменің жолға түсіретін қысымын анықта.