Ыдыстың ішіндегі сұйықтың көлемі – 2,5 мл. Осы көлемді куб метрмен және куб дециметрмен өрнекте.
Автомобиль 100 км/сағ жылдамдықпен 20 минут жүрді. Жолдың осы бөлігін 1 сағат 20 минутта велосипедші қандай жылдамдықпен жүріп өтер еді?
А және В бекеттерінің ара қашықтығы 30 км. Велосипедші осы бекеттерге барып, кері қайтты. Барарда - 10 км/сағ, ал кері қарай 15 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, велосипедшінің орташа қозғалыс жылдамдығы қандай?
Қайықтың үстінде отырған бала тынық суда ескекті 1,2 м/с жылдамдықпен еседі. Егер өзен ағысының жылдамдығы 1,2 м/с болса, қайықтың өзен ағысымен және өзен ағысына қарсы жүзгендегі жылдамдығы жағамен салыстырғанда қандай болар еді?
Б-ТОБЫ
Трамвай қозғалыс уақытының бірінші жартысын екіншісіне қарағанда 3 есе артық жылдамдықпен жүріп өтті. Егер барлық жолдығы орташа жылдамдық 20 км/сағ болса, онда трамвай жолдың екінші бөлігін қандай жылдамдықпен жүрген?
Мотоциклші екі қаланың арасының 0,4 бөлігін 72 км/сағ жылдамдықпен, ал қалған бөлігін 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтсе, оның орташа жылдамдығы қандай?
С-ТОБЫ
Моторлы қайық ара қашықтығы 100 км болатын екі бекеттің арасын өзен ағысымен - 4 сағатта, ағысқа қарсы 10 сағатта жүзіп өтеді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы мен су ағысының жылдамдығын тап.