Орама сымның кедергісі 15 Ом. Осы сым арқылы 2 А ток күші өтетін болса, 10 минутта қанша жылу бөлініп шығады?
220 В желіге қосылған шам 0,5 мин жарық шығарғанда 1800 Дж энергия бөлінген. Шамның қыл сымының кедергісі қандай?
Кедергісі 55 Ом орама кернеуі 110 В электр желісіне қосылған. Бұл орама 0,5 сағатта қанша жылу бөліп шығарады?
Суреттегі екінші шамның тұтынатын қуатын анықта.
Б-ТОБЫ
Кернеуі 220В, ток күші 3 А желіге қосылған электр шәйнегінің ішіндегі температурасы 200С-та 2 л су 20 минутта қайнайтын болса, шәйнектің ПӘК-гі қандай? С=4200 .
Теледидар 4 сағ жұмыс істегенде жұмсалатын энергияның құнын анықта. Теледидардың тұтынатын қуаты 220 Вт, ал 1 кВтсағ энергия 4 теңге тұрады.
С-ТОБЫ
Бірдей кернеуге есептелген қуаттары 40 Вт және 60 Вт болатын екі шам сол желіге тізбектей қосылса, олардың тұтынатын қуаттары қандай болар еді?