Күш және салмақ
НҰСҚА 9 7/3
А-ТОБЫ
|
Өлшемдері 5х7х10 см мыс білеуше үстел үстінде жатыр. Осы білеушенің салмағы қандай? м8900 кг/м3, g10 Н/кг.
Массасы 1 кг ыдысқа көлемі 5 л керосин құйылған. Ыдысты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек? к800 кг/м3.
Көлемі 65 см3 мырыштың салмағы қандай? м7100 кг/м3.
Кеме бір-біріне тіркелген үш баржаны сүйреп келеді. Су бірінші баржаға 9000Н, екіншісіне - 7000Н, үшіншісіне - 6000Н кедергі күшін түсіреді. Кеменің өзіне түсіретін судың кедергі күші 11кН. Баржалар бір қалыпты қозғалады деп есептеп, осы баржаларды тартқанда, кеменің өндіретін тарту күшін анықта.
|
Б-ТОБЫ
|
2,5Н күшпен әсер еткенде серіппе 4 см ұзарды. Осы серіппеге 3,5Н күш әсер етсе, ол қанша ұзарар еді?
Іші қуыс шойыннан жасалған кубтың қырының ұзындығы 12 см. Егер осы кубтың салмағы 50Н болса, куб қабырғасының қалыңдығы қандай болады? ш7000 кг/м3.
|
С-ТОБЫ
|
Биіктігі 30 см, ені 20 см, қалыңдығы 3 мм, алюминийден “П” әріпін қиып алды. Әріп сызықтарының ендері бірдей, 5см-ден. Осы әріптің салмағы қандай? А2,7 г/см3.
|
Достарыңызбен бөлісу: |