4. Электр зарядтары 20 Кл және -30 Кл екі бұлт бір-бірінен 30 км қашықтықта орналасқан. Бұлттар өзара қандай күшпен әсерлеседі?
Б-ТОБЫ
5. Бір-бірінен r қашықтықтағы q және 2 q екі нүктелі электр зарядтары өзара F күшпен әсерлеседі. Бір-бірінен 2 r қашықтықтағы 2 q және 2 q зарядтары өзара қандай күшпен әсерлеседі?
6. Үдетуші потенциялдар айырмасы 1000 В электр өрісіне тыныштықтағы электронды орналастырса, ол қандай жылдамдыққа ие болады? m=9,1·10-31 кг, е=1,6·10-19 Кл.
С-ТОБЫ
7. Ауада изоляцияланған жіпке ілінген массасы 2 г шардың заряды 2·10-8 Кл. Егер астына 5 см қашықтыққа 1,2·10-7 Кл аттас заряд орналастырылса, онда жіптің керілу күші қандай болады? к=9·109 Н·м2/Кл2=1, g=10 Н/кг
ЭЛЕКТР ҚҰБЫЛЫСТАРЫ НҰСҚА 98/3
А-ТОБЫ
1. 20 нКл заряд потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істейді?
2. Екі нүктелік зарядтардың ара қашықтығын 2 есе азайтқанда, олардың кулондық күші қалай өзгереді?
3. Кернеулігі 100 Н/Кл жердің электр өрісі 1·10-6 Кл заряды бар денеге қандай күшпен әсер етеді?.
5. + q және - q зарядтары суреттегідей орналасқан. С нүктесіне q/2 зарядты орналастырған, осы зарядқа әсер еткен күштің модулі қандай? АС = CB.
А С В
+ q - q
6. Бір аттас q және 3 q зарядпен заядталған бірдей металл екі шардың бір-бірінен ара қашықтығы r болады. Шарлар біріне-бірі тиістіріледі, өзара әсер күші бұрынғыдай болып қалуы үшін, оларды қандай х қашықтыққа ажыратып қою керек?
С-ТОБЫ
7. Суретте көрсетілгендей массасы 0,2 г бірдей кішкентай шарлар жіпке ілінген. Олардың ара қашықтығы ВС=3 см. Шарлардың әрқайсысына бірдей 10 нКл заряд берілген болса, жіптің АВ және ВС бөліктеріндегі керілу күші қандай? Зарядтар әр аттас. к=9·109 Н·м2/Кл2