Дайындалған: Каирбекова Аружан доивк-81 тобының студенті кеақ Шоқан Уәлиханов атындағы



бет6/7
Дата12.03.2022
өлшемі35,55 Kb.
#135291
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
мақала Каирбекова
Рөлдік ойындар, Капарова Молдир КОК-217 1П, Алгебра 10 класс КСП
Қорытынды
Қорыты келгенде балаларға ойын арқылы танымын қалыптастыру, тілдік қорын жақсарту мәселесі аса маңызды екеніне көз жеткіземіз. Бір жағынан қызықты да, баламен бала болғандай күйде болудың да бір тартымдылығы осында екенін көреміз. Сондықтан тәрбиеші өз жұмысында өзінде дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлуі тиіс. Мысалы, ол ойынды өткізді делік, бірақ оның нәтижесін бірден біле алмайды ғой. Оған көп уақыт, ұзақ қажыр-қайрат керек. Шаршамай еңбектену қажет етіледі. Осыған орай ол мониторингтік бақылау жұмысына мән бергені жөн. Бұл көп тәрбиешілерде мүлде назар аудармайтын мәселе болуы мүмкін.
Сараптамалық кесте жасап, әр баланың аты-жөні енгізіліп, жыл басында тілдік қоры қанша еді, келе-келе ол қаншалықты өзгерді, қандай деңгейге толықты деген сауалдарға жауап табуы үшін жұмыс жасаса, оның ойын технологияларының тиімділігін де арттыра түсетіні анық.
Сол сараптамалық кестеде сатылы кестемен алғашқы сөздік қоры деңгейін бір бояумен, сөздерді байланыстыра сөйлеуін екінші бояумен, дыбыстарды анық айтуын үшінші боямен белгілей отырып, жүргізсе, әр баланың ойын арқылы даму деңгейі анықталады.
Міне, осындай қыруар жұмыс арқылы тәрбиеші де баланың тілдік қорын ұлғайтуда ойынның маңызды тұстарын өзінше зерделеуге үйренеді. Бұл басқа тәрбиешіге де үлгі-өнеге болады. Баланың басқа балалармен бірлесіп ойнауы өзара қарым-қатынасты нығайтып, бала тілінің даму барысын жақсартып, таным белсенділігін көтере түседі. Баланың ойынмен өсетіні де осыдан болуы керек. Ең алдымен бала ойын кезінде еш нәрсеге тәуелді емес. Сондықтан да ойын – балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырап балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет