Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


МУҒЖИЗА: АЙДЫҢ ЕКІГЕ ЖАРЫЛУЫ



Pdf көрінісі
бет124/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

МУҒЖИЗА: АЙДЫҢ ЕКІГЕ ЖАРЫЛУЫ
Құрайыш 
мүшріктері 
Мұхаммедтің 
(с.а.у.) 
пайғамбар 
екенін, 
қарапайым адам емес екендігін білдіретіндей муғжизаларға көп рет куә болса 
да қырсыға түсті. Ерегіскендері соншалық, муғжизаға өздері сенгісі 
келмегендерімен қоймай, халықты да аулақтатуға тырысты. Онымен де 
шектелмей, Расулаллаһты қиын жағдайға қалдырып, мазақ ету мақсатымен: 
"Қане күшті болсаң, Аллаһтың елшісі екендігің рас болса ананы істе, 
мынаны істе", - деп ойына келгендерін айтып, қылжаққа айналдыратын. 


149
Мүшріктердің мақсаты - Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) қинау ғана еді. 
Аллаһ Тағала мүшріктердің алдында сүйікті құлының төменшіктеуіне жол 
беруі мүмкін бе? Әрдайым нендей талап болса да орындайтын, қорғайтын. 
Тағы да бір күні Әбу Жәһил мен Уәлид ибн Мұғира бастаған бір топ 
мүшрік Пайғамбарымызға келіп: 
"Егер, сен шынында да Аллаһ Тағаланың тарапынан міндет жүктелген 
пайғамбар болсаң, бізге аспандағы айды екіге бөліп көрсет... Айдың жартысы 
Әбу Құбайыс тауының, екінші бөлігі Құайқан жотасының үстінен көрінсін", - 
деп талап қойды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) олардан: 
"Осы тілектеріңді орындасам, иман келтіресіңдер ме?" - деп сұрады. 
Олар: 
"Әрине, о не дегенің", - деді. 
Хақ, тура жолдың жетекшісі екенін мойындату үшін муғжиза жасауды 
Аллаһтан өтіну де - пайғамбардың міндеті. 
Ал адам қолынан келмейтін ғажапты - муғжизаны жарату - Аллаһтың 
еншісінде... 
Мүшріктер Мұхаммедке (с.а.у.) келген тұста айдың дөңгеленіп толған 
сәті еді, яғни он төртінші түні. Екі дүниенің сұлтаны, Ұлы Аллаһтың елшісі 
Жарылқаушысының бұйрығымен айға қарай қолын созып, сұқ саусағымен 
ортасынан бөлгендей ишара жасады... 
Пайғамбардың осы әрекетін күтіп тұрғандай-ақ, ай дәл ортасынан екіге 
бөлініп, мүшріктердің сұрағанындай, жартысы Әбу Құбайыстың, жартысы 
Құайқанның 
төбесінен 
көрінді. 
Ардақты 
Пайғамбарымыз 
айналасындағыларға: 
"Куә болыңыздар! Куә болыңыздар, әнекей төбелеріңізге қараңыздар!" 
- деп дауыстады. 
Тайға таңба басқандай ап-анық муғжизаны көріп тұрып мүшріктер 
онан сайын қырсықты. "Мұнан айла артылмайтын болды ғой, сиқырымен 
тағы да алдамақшы" - деп, өздерін-өздері алдап, жұбатып бақты. Іштей 
таңғалғандықтарын білдірмеуге, көрсетпеуге әрекеттенді. 
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) қалайда бас имеуді мақсат еткен 
мүшріктердің көңілдері кірленгені сондай, өз көздерімен көргендеріне 
сенбей, енді алыстан Меккеге қарай бағыт алған жолаушылардан айдың 
бөлінгенін көріп-көрмегендерін сұрап, зерттемек болды. 
"Мұхаммед (с.а.у.) сиқыр жасаған болса, бүкіл жер жүзіне онысы әсер 
етпейді, тек біздің көзімізге солай көрінуі мүмкін. Сондықтан ұзақ жолдан 
келе жатқандардан сұрап көрейік", - десті өз ойларына масаттанып. 
Алайда қуаныштары көпке бармады. Жолаушылар да аспандағы 
ғажапқа куә болған-ды. 
Мүшріктердің айласы таусылғандай еді. Сонда да тат басқан көңілдер 
жібімеді, ақиқатты үйренуге ұмтылмады. Керісінше, "Әбу Тәліптің жетімінің 
сиқыры көк жүзіне де әсер етті", - деп байбалам салды. 
Мүшріктер көздеріне шұқып көрсетілгенге де сенбеді, осы кезде 
Аллаһтан "Қамар" сүресінің төмендегі аяттары түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет